МЕКТЕПТІ ДАМЫТУДЫҢ 2021-2022 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН ЖОЛ КАРТАСЫ » Алтай қаласының № 9 орта мектебі
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы
Алтай ауданы бойынша білім бөлімінің
"Алтай қаласының №9 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72335) 7-91-17
Есепші бөлімі:
+7(72335) 7-91-17
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » МЕКТЕПТІ ДАМЫТУДЫҢ 2021-2022 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН ЖОЛ КАРТАСЫ
14
январь
2022

МЕКТЕПТІ ДАМЫТУДЫҢ 2021-2022 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН ЖОЛ КАРТАСЫ

МЕКТЕПТІ ДАМЫТУДЫҢ 2021-2022 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН ЖОЛ КАРТАСЫ.
Бағдарлама атауы ШҚО білім басқармасы Алтай ауданы бойынша білім бөлімінің
«Алтай қаласының №9 орта мектебі»КММ бағдарлама картасы
1 2
Бағдарлама карта әзірлеу негіздері Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Алтай ауданы бойынша «Алтай қаласының №9 орта мектебі» КММ 2021-2022 жылдарға арналған перспективалық Даму жоспары ҚР Білім беру жүйесін модернизациялау жағдайындағы білім беру мекемесінің жұмысының негізгі бағыттары мен мазмұнын айқындайтын құқықтық-басқару құжат болып табылады.
Перспективалық жоспар ҚР «Білім туралы» заңына сәйкес жасалды. Жоспарды құру барысында Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың Мемлекеттік бағдарламасының концептуалдық жағдайлары мен идеялары, мақсат - міндеттері ескерілді. Перспективалық жоспар мектеп қоғамдастығын (педагогтар, оқушылар, ата-аналар, қоғам) мектепті дамытудың стартегиялық алғышарттарын, даму бағыттарын, шешу міндеттері, күтілетін нәтижелерін айқындап беретін басқару құжат болып табылады.
Бағдарлама картасын әзірлеуші ШҚО білім басқармасы Алтай ауданы бойынша білім бөлімінің «Алтай қаласының №9 орта мектебі»КММ
Бағдарлама мақсаты 1. Стандарт емес оқу тәсілдерін өндіру арқылы білім берудің оң нәтижелерін арттыру;
2. Оқу мен оқытудың инновациялық ортасын құруда педагогикалық ұжымның кәсіби дамуы мен шеберліктерін жетілдіру;
3. Бәсекеге қабілетті, өмірлік дағдыларын қалыптастыра алатын оқушы тұлғасын дайындау.
Бағдарлама карта міндеттері 1. Оқыту үрдісінде оқушыларға сапалы білім беру үшін олардың танымдық іс-әрекетінің мақсатқа жеткізетіндей әдіс-тәсілдерді кеңінен қарастыруды жалғастыру;
2. оқушылардың өзіндік оқу ортасын құрудағы заманауи озық оқыту түрлерің кеңінен қарастыра отырып, білімді сапалы игерту;
3. жаратылыстану пәндері, яғни биология, химия, физика және информатика пәндерінде оқушылардың өздігінен шығармашылық жұмыс істеуге бағыттап, дарынды оқушыларды пәндік интеллектуалды сайыстар мен ғылыми жоба қорғау жұмыстарына тартуды жүйелеу;
4. педагогикалық ұжымға оқушылардың ойлау қабілетін, танымдық белсенділігін арттыруда сыныптан тыс шараларды, танымдық ойындарды ұйымдастыруды кеңінен қарастыру керек.
5. пәнді жан-жақты терең меңгертуде еліміздегі қосымша білім берудегі платформаларды тиімді қолдануды тереңінен қарастырып, педагогикалық ұжымға әдістемелік - ғылыми жұмыстар көмегімен таратуды қарастыру;
6. оқушылардың өзі-өзі басқару ұйымдарының, сондай-ақ, мектептегі «Жас ұлан», «Жас қыран» топтарының, мектептегі «Руханият» қоғамдастығы жұмыстарын жүйелеу;
7. ата-аналармен, жұртшылықпен байланысты түрлі жолдармен (соның ішінде ақпараттық желілер арқылы) күшейте отырып, оқушылардың қоршаған ортаға бейімділігін қалыптастыруды жалғастыру.
Күтілетін нәтиже  Оқушылардың өзіндік білім алу ортасын құрауда заманауи технологиялар арқылы дағды мен іскерлікті қолдана алатын оқушы даярлау;
 Білім жетілдірудің, таным белсенділігін арттырудың жолдары ретінде оқушылар мен мұғалімдер қосымша білім платформаларын жан-жақты қолдана алу;
 Заманауи оқытуды ақпаратты техникамен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру жолдары қарастырылады.
Бағдарлама картаның іске асу мерзімдері 1-кезең:
Диагностикалық-болжамдық, әдіснамалық:
Қыркүйек- желтоқсан.
2-кезең:
Ұйымдастырушылық-практикалық:
Қаңтар- мамыр
3-кезең:
Талдамалы-жалпылауыш:
Маусым
I. Кіріспе.
«Қазақстандық білім мен ғылымның жаһандық бәсекеге қабілеттілігін арттыру және жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде тұлғаны тәрбиелеу және оқыту» деп атап көрсетілген ҚР білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында. «Ел боламын десең бесігіңді түзе» деп ұлы жазушы, ғұлама ғалым Мұхтар Әуезов айтқан сөзде мәні терең мағына жатыр. Еліңнің ертеңі – жас ұрпақты жақсылап өсір деген сөз. Сондықтан, бүгінгі жас ұрпаққа жан-жақты білім беру, тәрбиелеу әр ұстаздың міндеті. Қазіргі таңда білімге, ғылымға деген қызығуы жоғары, интеллектуалды жастар сомдау өзекті мәселе. Оны шешуге орта мектепте пәнді оқытуда ең алғашқы күннен бастап-ақ оқушылардың пәнге қызығушылығын, ынтасын арттыру керек және де білім беруде сабақты күнделікті өмірмен байланыстыра өту тиімді. Сапалы білім беруде мұғалім міндеті – білім технологиясын бүгінгі күн талабына сай жетілдіру. Бағдарлама бойынша дифференциалдап оқыту, сабақ барысына проблемалы әдісті қолдана білу, сабақтың әр бойында барлық оқушылардың толық жұмыс істеуін қамтамасыз ету, қайталау жұмыстарын шебер ұйымдастыра білу, сабақ барысында әрбір оқушының ерекшеліктерін ескере отыру, олардың белсенді әрекеттерін, әсіресе, ұйымшылдық пен еңбексүйгіштік қасиетін әрі қарай дамыту - әрбір мұғалімнің биік міндеті. Оқушылардың білімін жүйелі тексеріп, бақылап отыру оқушылардың жауапкершілікке, үнемі жұмыс істеуге баулып, оқушы білімінің тиянақтылығын, тереңдігін арттырады. Сондықтан біз өз тәжірибемізде оқушыға сапалы, тиянақты білім беріп, білімділік дағдыларын қалыптастыруда оңайдан қиынға, қарапайымнан күрделіге қарай оқытудың жүйелілік ұстанымын басшылыққа аламыз, білім тексерудің сан алуан түрлерін қолданамыз. Үлкен бір тарау өткенде білімді жүйеге келтіру, есепке алу өрісін жетілдіру – басты мақсатымыз. Сондай-ақ, «Педагог кәсібінің жоғары мәртебесін қамтамасыз ету, педагогикалық білім беруді жаңғырту» негізгі мақсаттардың бірі ретінде бағдарламада атап көрсетілген.
Түсініктеме:
2021-2022 оқу жылына арналған Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Алтай ауданы бойынша «Алтай қаласының №9 орта мектебі»КММ бағдарлама картасы қол жеткен жетістіктер мен қиындықтарды, негізгі тенденцияларды талдайды. Оқушыларды оқыту мен тәрбиелеудегі басты мақсаттарды, міндеттер мен бағыттарды белгілейді. Жаңартылған оқу мазмұны жағдайында және жалпы білім беру мен тәрбиелеуде педагогикалық үрдістер мен әдістемелік және кәсіби жетілдіруді көздейді. «Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында педагогикалық үдерісті ұйымдастырудың тиімді әдістері арқылы оқушылардың өзіндік білім алу мен өзін-өзі жетілдіруге баулу» өзекті тақырыбы бойынша жұмыс жасайды. Пән сабақтары мен сыныптан тыс шараларда, тәрбие жұмыстарында оқушының даярлығы мен мүмкіндіктерін, қабілеттері мен білімдеріне сүйене отырып, шаралар мен сабақтардың өту құрылымына талдау жасап, білімнің тиянақты түрде оқушыға түсінікті болуын, нақты дәрежеде игерілуін қадағалау ұстанысы жүзеге асырылады.
Негізгі бағыттары:
 Оқу тәрбие жұмысын педагогикалық диагностикалық нәтижелеріне байланысты ұйымдастыру әр баланың іс-қабілетін анықтау, сұранысын білу, білімді өздігінен игеру жағдайында жетекшілік ету;
 балалардың бойындағы дарындылық пен қабілетті дамыту, шеберлігін арттыру, жеке шығармашылығын қалыптастыру;
 оқытудың мазмұны мен жетістігіне ғылыми талдау жасау;
 педагогикалық ізденіс барысында баланың ойлау жүйесінің дамуына болжау жасау, білім берудің өзгеше әдіс-тәсілдерін енгізу.
 оқушылардың жеке шығармашылығын дамыту үшін педагогтердің шығармашылығын, кәсіби құзереттілігін дамыту.

Ағымдағы жағдайды талдау.
2020-2021оқу жылында педагогикалық ұжым «Білім беру сапасын жетілдіруде және нәтижеге бағытталған үлгіге беталуы барысында жан-жақты дамыған тұлға даярлау» миссиясы бойынша мектептің өзекті тақырыбы негізінде жұмыс істеді. Күтілетін нәтиже ретінде оқушыларды оқыту және тәрбиелеуде білім беру сапасы дамыту; пәнді құзыреттілік тұрғыдан меңгерту арқылы оқушылардың білімді өздігінен алуы және алған білімдерін қажетіне қолдана білуі жетілдіру; білім беруді кеңінен ақпараттандыру арқылы оқушылардың ой өрісі мен функционалдық, интеллектуалдық дағдысы байыту басшылыққа алынды. Мектеп келесі мақсаттар бойынша оқу-тәрбие жұмысын жүйелі жүргізді:
 сабақ үрдісіне озық тәжірибелерді, жаңа технологияны, нәтижеге бағыттап оқытудың әдіс-тәсілдерін енгізу арқылы оқу-тәрбие жұмысын жетілдіру;
 педагогикалық ұжымның функционалдық сауаттылықтарын кәсіби шеберлікпен ұштастыру жолдарын кеңінен қолдану;
 жеке тұлғаның үйлесімділігінің қалыптасуы негізінде, қазіргі заманғы қоғамдық өмірге дайындау бағытындағы тәрбие жұмыстарын үйлестіру.

Ағымдағы оқу жылы қарсаңында келесі жетістіктерге қол жеткізді:
 Педагогтың кәсіби дамуын психологиялық - педагогикалық қолдау мектептің даму жоспарына сәйкес әкімшілік тарапынан жүйелі жүргізілді.
 Мектеп мұғалімдері қашықтан өтетін сабақтарды оқыту ерекшеліктері туралы сондай-ақ, түрлі тақырыптардағы білім жетілдіру курстарынан өтіп, семинарлар мен конференцияларға, тренингтерге белсене қатысып, білімдерін шыңдады;
 Білім берудің қосымша платформаларын табысты түрде іс-тәжірибеге енгізе алды;
 Сабақ үлгілері мен іс-тәжірибелері туралы баяндамалар республикалық басылымдарға жарияланды, әдістемелік жинақтар жарыққа шығарылды;
 Оқу жылының қорытындысы бойынша мектепте 1-11-сыныпта 488 оқушы аяқтап, 78 оқу озаты бұл барлық оқушылардың 18,3% құрайды, 191 оқушы оқу екпіндісі қатарында (45%) болды. Оқытуды орташа көрсеткіші 62,6% болып, мемлекеттік стандарттың жеткілікті деңгейін байқатты.Оқушылардың білім сапасы 63,4% құрады.
 Түлектер арасында 11-сыныпта 1 оқушы «Алтын белгі», 2 оқушы үздік аттестат алса, 9-сыныптар арасында 6 оқушы үздік аттестат иегері болды.
 Оқушылардың білім олқылықтарын толықтыру мақсатында жазғы мектепте оқыту барлық оқушылардың қалауы және ата-аналардың өтініштері бойынша ұйымдастырылып, оқуға бастауыш сыныптарда 35 бала, 5-8,10-сыныптардан 102 оқушы, барлығы 137 оқушы тартылды.
 дарынды оқушылармен жұмыс жоғары деңгейлерде өтті, оқушылардың жетістіктері жоғарлады;

Туындаған мәселелер:
 Қашықтан оқыту барысында қолдауды талап ететін оқушылардың білім деңгейлерінің нашарлағаны көрініс тапты. Үлгерімі төмен оқушылардың zoom қосымшасында белсенділігі күрт төмендегені, қызығушылықтарының азайғаны анық байқалды. Педагогикалық ұжым жазғы мектеп арқылы қолдауды қажет ететін оқушыларды толық қамтуға тырысты, алайда жекеленген ата-аналардың оқушыны жазғы мектепке беру туралы өтініштері болмау себепті кейбір оқушылар қамтылмай қалды. Әсіресе, шалғайда Восточное ауылында автобуспен қатынайтын оқушылар жазғы мектеппен қамтылмай қалды.
 Сабақтарды өткізуде интернет желісінің нашарлығы да білімді сапалы меңгертуде қиындық туғызды.
 Сондай-ақ, педагогикалық ұжыммен бірлескен шаралар ұйымдастыру жетіспеді. Соның салдарынан бірнеше жоспарланған шаралар жүзеге асырылмай қалды. Бұл бірлестіктер жұмысының әлсізденуіне әкеліп соқтырды.
 Мектепте санитарлық-эпидемиялық жағдайларға байланысты диалогтік оқыту, оқушылардың бірін-бірі оқыту, ЖАДА бойынша білім беру үрдісі төмендеп кетті.
 Кезекші сыныптар оқытатын мезгілге мектептегі пәндік кабинеттердің жетіспеушілігі де қиындық туғызды. Әр сыныпта 15 оқушыдан бөлген кезде мұғалімдерге жүктеменің ауырлағаны байқалды, екі ауысымнан кейін қашықтан оқып отырған оқушылармен жұмыс жүргізуге тура келді. Уақыттың тапшылығы сабақтардың сапалы өтуіне кедергі жасады. Сондай-ақ, қашықтан оқыту барысында оқушылардың тапсырмаларды дер кезінде жібермеуі де мұғалімдер мен білімді сапалы игертуге кедергі жасады.
 Оқушылардың денсаулығын нығайтудың бірден бір жолы денешынықтыру сабақтарына көңіл бөлінгенмен, бір ғана спорт залдың болуы, таза ауада ойнатуда ауа райының қолайсыздығы қиындықтарға әкеліп соқтырды.
 Мектептегі интерактивті тақталар мен проектрлар ескіргендіктен істен шықты, бұл жағдай мектепте сабақты заманауи технологиялармен, түлі білім платформаларымен қамтуда кемшіліктер туғызды.
 Санитарлық эпидемиялық жағдайларға байланысты оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымдарының жұмысы жүрмей қалды.

Тұжырымдамалық идеялар мен оларды іске асыру.
№ Параметрлері 2020-2021 оқу жылының нәтижесі
1 Оқушылар контингенті 488+30мектеп алды даярлық тобы + шағын орталық
2 Тәрбиеленушілер контингенті 1-4 сынып 217; 5-9 сынып 226; 10-11сынып 45, шағын орталық 75
3 Даярлық тобы 30
4 Жаратылыстану-математика бағытында сынып 2
6 Соңғы нәтиже бойынша білім сапасы 63,4
7 Дарынды оқушылармен жұмыс нәтижесі:
- Аудандық олимпиада мен интеллектуалды конкурс жеңімпаздары:
- Облыстық олимпиада мен интеллектуалды конкурс жеңімпаздары: (іштей, сырттай)
- Республикалық олимпиада мен интеллектуалды конкурс жеңімпаздары: (сырттай)
- Халықаралық олимпиада мен интеллектуалды конкурс жеңімпаздары: (сырттай)
- Спорттық сайыстар жүлдегерлері:
- Мәдени, өнер шаралары сайыстарының жеңімпаздары:

81


354

217


41

62

19
9 Педагогтердің кадрлық құрамы:
-Шебер мұғалім:
-Мұғалім зерттеуші:
- мұғалім-сарапшы
- мұғалім-модератор
- жоғары санат
- 1-санат
- 2-санат
- Санаты жоқ
- Шағын орталық
4
3
6
7
1
7
4
5
6 (2-санат:3)
10 Кәсіптік конкурстардағы педагогтер саны 42
11 Біліктілікті арттыру курстарынан өткендер:
- қашықтан білім беру
-ПИЗА
-жаңартылған білім мазмұны бойынша
-бағалауға арналған тапсырмаларды әзірлеу мен сараптау
-қысқа мерзімді пәндік курс;
-қашықтан оқыту: сабақты әзірлеуден білім беру процесіне дейін;
- BILIM PROJEST инновациялық ғылыми орталығы курстары:
-«Баулу» мектебінің курсы: 34
27
5
9
4

6
6

2

1
12 Мектеп бойынша ғылыми жобалардың саны
-Оқушылардың
-педагогтердің
46
-
13 Педагогтердің әдістемелік жинақ құрастыруы 8
14 Оқушылардың денсаулық жағдайы:
Дені сау:
Есепте тұрған:
472
16
Қызметтің негізгі бағыттары:
«Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында педагогикалық үдерісті ұйымдастырудың тиімді әдістері арқылы оқушылардың өзіндік білім алу мен өзін-өзі жетілдіруге баулу» өзекті тақырыбын ескере отырып, 2021-2022 оқу жылына арналған Даму бағдарламасы картасы әзірленді.
Миссиясы: Сапалы білім мен жан-жақты тәрбие бере отырып, жаңа заман тұлғасын қалыптастыруды жүйелеу.
Мектепті дамыту жоспарының басым мақсаттары
 Стандарт емес оқу тәсілдерін өндіру арқылы білім берудің оң нәтижелерін арттыру;
 Оқу мен оқытудың инновациялық ортасын құруда педагогикалық ұжымның кәсіби дамуы мен шеберліктерін жетілдіру;
 Бәсекеге қабілетті, өмірлік дағдыларын қалыптастыра алатын оқушы тұлғасын дайындау.
Басым мақсаттарды жүзеге асырудың негізгі міндеттері:
1. Оқыту үрдісінде оқушыларға сапалы білім беру үшін олардың танымдық іс-әрекетінің мақсатқа жеткізетіндей әдіс-тәсілдерді кеңінен қарастыруды жалғастыру;
2. оқушылардың өзіндік оқу ортасын құрудағы заманауи озық оқыту түрлерің кеңінен қарастыра отырып, білімді сапалы игерту;
3. жаратылыстану пәндері, яғни биология, химия, физика және информатика пәндерінде оқушылардың өздігінен шығармашылық жұмыс істеуге бағыттап, дарынды оқушыларды пәндік интеллектуалды сайыстар мен ғылыми жоба қорғау жұмыстарына тартуды жүйелеу;
4. педагогикалық ұжымға оқушылардың ойлау қабілетін, танымдық белсенділігін арттыруда сыныптан тыс шараларды, танымдық ойындарды ұйымдастыруды кеңінен қарастыру керек.
5. пәнді жан-жақты терең меңгертуде еліміздегі қосымша білім берудегі платформаларды тиімді қолдануды тереңінен қарастырып, педагогикалық ұжымға әдістемелік - ғылыми жұмыстар көмегімен таратуды қарастыру;
6. оқушылардың өзі-өзі басқару ұйымдарының, сондай-ақ, мектептегі «Жас ұлан», «Жас қыран» топтарының, мектептегі «Руханият» қоғамдастығы жұмыстарын жүйелеу;
7. ата-аналармен, жұртшылықпен байланысты түрлі жолдармен (соның ішінде ақпараттық желілер арқылы) күшейте отырып, оқушылардың қоршаған ортаға бейімділігін қалыптастыруды жалғастыру.
Мектеп жұмысының негізгі бағыттары:
1. Оқушылардың өзіндік білім алу ортасын құрауда заманауи технологиялар арқылы дағды мен іскерлікті қолдана алатын оқушы даярлау;
2. Білім жетілдірудің, таным белсенділігін арттырудың жолдары ретінде оқушылар мен мұғалімдер қосымша білім платформаларын жан-жақты қолдана алу;
3. Заманауи оқытуды ақпаратты техникамен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру жолдары қарастырылады.
Қызметтің басым бағыттары:
Сабақтарға заманауи оқыту технологияларымен тиімді ықпалдастыру арқылы қол жеткізу:
- оқушылардың топтағы жұмыс дағдылары;
- көшбасшылық қасиет;
- бастамашылық;
- IT-құзыреттілік (айти-құзыреттілік);
- оқушыларды метабілімділік, метақұзыреттілікке баулу.
- практикалық-бағдарланған білім беруге бағыттау.
-Білімді сапалы игертуде МЖМБС және оқу бағдарламаларының электронды нұсқаларымен жұмыс істеуді Bilim land, iTest, iMektep, Tшid сайттарын, кунделік.kz арқылы ата-аналармен байланыс жасауды жүйелеу керек.
- «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру барысында сабақты мұражайларда, мәдени ұйым салаларында, тарихи ғимараттарда өткізу
- білім алушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту білім берудің басым мақсаттарының бірі ретінде қарау;
- оқыту процесін және мектепішілік бақылауды тиімді ұйымдастыруды заманауи тұрғыдан жүргізу;
- жаңартылған білім мазмұны жағдайында критериалды бағалау жүйесіне көшудегі қиынщылықтарды жеңу. Оқыту процесінде оқу процесін дәстүрлі ұйымдастырудан алшақтап, білім берудің 6 саласы бойынша айқындалып күтілетін нәтижелерге негіздеу және білім алушылар «біледі», «түсінеді», «қолданады», «талдайды», «жинақтайды», «бағалайды», яғни іс-әрекеттік аспектіні болжайтынын ескеру. Критериалды бағалау жүйесінің ерекшелігін меңгеру және ата-аналар мен оқушылардың бағалаудың жаңа түріне көзқарастарын дұрыс бағыттау. Сөйтіп, білім алушылардың ілгерілеушілігі мен үлгерімін қамтамасыз етуде біртұтас тәсілді қалыптастыруға бағыттау.
 Білім беру қызметтерінің сапасына ата-аналардың қанағаттануы
Ата-аналардың білім беру қызметтерімен қанағаттануы – білім беру ұйымының тұлғаға бағытталған бағытының - басты көрсеткіші. Ата-аналардың педагогикалық ұжымның жұмысы, сынып жетекшілердің жұмысы, оқу-тәрбие ісінің көрсеткіштері мен нәтижелерімен қанағаттану деңгейлері жылдан жылға артып келеді.
 Мектептің бірлескен оқу ортасын құру
Мектептің бірлескен оқу ортасын құрудың негізі - оқушылардың бір-бірімен қарым-қатынасқа түсе отырып білім алуы. Білім алудың тиімділігі оқушылардың әр оқушының өз мүмкіндіктерін сезіне отырып, өзін еркін, қауіпсіз сезінуіне жағдай жасау. Бірлескен оқу ортасын құруда негізі - сенім. Сабақ тиімділігі - сабақта сенімді, тепе-теңдік жағдай ұйымдастыру.
 Қосымша білімді дамыту
Бүгін қосымша білім беру балалардың заманауи білім алуына, әлеуметтік мәдениетке жетелейді. Оқушылардың бос уақытын ұйымдастыру, құқық бұзушылықтың алдын алу үшін қосымша білім беру ісінің маңызы артып келеді. Бұл мектепте оқытудың бұл формасы – сұранысқа ие.
ӘЛСІЗ ТҰСТАРЫ:
 Қашықтан оқыту барысында қолдауды талап ететін оқушылардың білім деңгейлерінің нашарлағаны көрініс тапты. Үлгерімі төмен оқушылардың zoom қосымшасында белсенділігі күрт төмендегені, қызығушылықтарының азайғаны анық байқалды. Педагогикалық ұжым жазғы мектеп арқылы қолдауды қажет ететін оқушыларды толық қамтуға тырысты, алайда жекеленген ата-аналардың оқушыны жазғы мектепке беру туралы өтініштері болмау себепті кейбір оқушылар қамтылмай қалды. Әсіресе, шалғайда Восточное ауылында автобуспен қатынайтын оқушылар жазғы мектеппен қамтылмай қалды. Сабақтарды өткізуде интернет желісінің нашарлығы да білімді сапалы меңгертуде қиындық туғызды. Сондай-ақ, педагогикалық ұжыммен бірлескен шаралар ұйымдастыру жетіспеді. Соның салдарынан бірнеше жоспарланған шаралар жүзеге асырылмай қалды. Бұл бірлестіктер жұмысының әлсізденуіне әкеліп соқтырды. Мектепте санитарлық-эпидемиялық жағдайларға байланысты диалогтік оқыту, оқушылардың бірін-бірі оқыту, ЖАДА бойынша білім беру үрдісі төмендеп кетті.
 Кезекші сыныптар оқытатын мезгілге мектептегі пәндік кабинеттердің жетіспеушілігі де қиындық туғызды. Әр сыныпта 15 оқушыдан бөлген кезде мұғалімдерге жүктеменің ауырлағаны байқалды, екі ауысымнан кейін қашықтан оқып отырған оқушылармен жұмыс жүргізуге тура келді. Уақыттың тапшылығы сабақтардың сапалы өтуіне кедергі жасады. Сондай-ақ, иқашықтан оқыту барысында оқушылардың тапсырмаларды дер кезінде жібермеуі де мұғалімдер мен білімді сапалы игертуге кедергі жасады.
 Оқушылардың денсаулығын нығайтудың бірден бір жолы денешынықтыру сабақтарына көңіл бөлінгенмен, бір ғана спорт залдың болуы, таза ауада ойнатуда ауа райының қолайсыздығы қиындықтарға әкеліп соқтырды.
 Мектептегі интерактивті тақталар мен проектрлар ескіргендіктен істен шықты, бұл жағдай мектепте сабақты заманауи технологиялармен, түлі білім платформаларымен қамтуда кемшіліктер туғызды.
 Санитарлық эпидемиялық жағдайларға байланысты оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымдарының жұмысы жүрмей қалды.
 Ата-аналардың оқу нәтижелеріне қызығушылық танытпауы
Ата-аналардың көпшілігі баланың мектептегі өмірін бақылайды, бірақ мектептің дамуы жағдайы мен оқу процесіне қатысуға дайын емес. Ата-аналарды педагогикалық процестің белсенді қатысушылары ету - мектептің басты міндеттерінің бірі. Ал мұғалімнің және сынып жетекшінің міндеттері - ата-аналарға баланың болашағы үшін ең үлкен жауапкершілік ретінде ата-ана және тәрбие миссиясын жүзеге асыруға көмектесу. Оқушылардың мектепте білім алып тәрбиеленуі және отбасындағы ата-ана тәрбиесі біртұтас ажырамас процесс екендігі де маңызды.
 Мектептің материалдық-техникалық базасы әлсіздігі. Мектеп ғимараты 50 жыл уақытқа жуықтады, 1971 жылы пайдалануға берілгеннен бері мектеп ғимараты күрделі жөндеуден өткен жоқ. Барлық мектеп жиһаздарының 60%-дан астамын ауыстыру қажет. Мектептегі проекторлардың істен шығуы.

































Мекен жайымыз
Шығыс Қазақстан облысы, Алтай ауданы, Алтай қаласы, КОМАРОВ, 8 үй

©2016-2022, Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Алтай ауданы бойынша білім бөлімінің "Алтай қаласының №9 орта мектебі" КММ
Барлық құқық қорғалған "Интерактивті мектеп" жобасы. Техникалық қолдаушы "Internet service" +77075327722,tangatarov13@mail.ru