Жазғы мектеп 2020-2021 о.ж. » Алтай қаласының № 9 орта мектебі
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы
Алтай ауданы бойынша білім бөлімінің
"Алтай қаласының №9 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72335) 7-91-17
Есепші бөлімі:
+7(72335) 7-91-17
Нашар көрушілер
нұсқасы
14
январь
2022

Жазғы мектеп 2020-2021 о.ж.

26.05. мен 19.06. аралығында жазғы мектеп жұмысына талдау.
Оқушылардың білімді сапалы игеруіне бағытталған қосымша сабақтар мен жазғы мектепте оқыту ұйымдастырылды. ШҚО білім басқармасы Алтай ауданы бойынша білім бөлімінің «Алтай қаласының №9 орта мектебі» КММ ҚР Білім және ғылым министрінің 2021ж.25.05. №240 шығыс хатында көрсетілген «2020-2021 оқу жылындағы жазғы мектепті ұйымдастыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдар» басшылыққа алды. Жазғы мектепте оқыту барлық оқушылардың қалауы және ата-аналардың өтініштері бойынша ұйымдастырылып, оқуға бастауыш сыныптарда 35 бала, 5-8,10-сыныптардан 102 оқушы, барлығы 137 оқушы тартылды. Мектеп 2021ж.18.05 күнгі 52-Ә бұйрығы негізінде жазғы мектеп жұмысы ұйымдастырылып, жоспары бекітілді. Мектеп ұжымы жазғы мектептегі сабақтардың қашықтан білім алған оқушылар үшін ерекше маңыздылығын ескеріп, негізгі пәндердің күрделі тақырыптарын оқытуға баса назар аударды. Жазғы мектептің тұрақты сабақ кестесі әкімшілік тарапынан жасалынып, бекітілді. Қазіргі кезеңдегі санитарлық-эпидемиялық талаптарды ескере отырып, сыныптардағы оқушылардың толымдылығы 25 оқушыдан аспауы, оқу пәндерінің ұзақтығы 40 минут болуы, күніне 3-4 сабақ болуы, оқушылар тамақтану үшін 15 минуттық үлкен үзіліс болуы ескерілді. Санитарлық-эпидемиялық талаптар сақталуы: жеке гигиеналық талаптардың сақталуы, бетперде кию, оқушылардың жеке оқу құралдарын пайдалану, сынып бөлмелерін желдету, кварцтау, қолды жуу құралдарының болуы, заттар мен кабинеттерді, рекрацияларды өңдеу үшін дезинфекциялау құралдарының болуы ескерілді. Сабақ сағат 9.00.ден басталу жоспарланды, таңертең оқушылардың жағдайын бақылау үшін күнделікті температура өлшеу жүйесі жалғастырылды. Жазғы мектепте тамақтану қалыптасқан эпидемиялық жағдайға байланысты, асхананың жұмысы санитарлық ережелер мен нормаларға сәйкес кесте бойынша ұйымдастырылды.
Оқу жұмыс жоспарын мұғалімдер меңгерілуі күрделі деп ұсынылған тақырыптарды, бөлімдерді, кіші бөлімдер мен оқу мақсаттарын, диагностика нәтижелерін ескере отырып жасады. Жұмыстың нысандары мен әдістерін, оқыту технологияларын мұғалімдер оқушылардың жас және жеке ерекшеліктеріне сәйкес дербес айқындады. Қорытынды аттестаттауға дайындық ретінде 9,11-сынып оқушылармен жеке консультациялар ұйымдастырылып, кестеге қойылып отырылды. Педагогикалық ұжым мен оқушыларға оқу жетістіктері бағаланбауы, үй тапсырмасы берілмеуі ескеріліп, мектеп кітапханасымен тығыз байланыс орнатылып, қажетті оқулықтар мен цифрлық білім беру ресурстарының қолжетімділігі қамтамасыз етілді. Мұғалімдерге әкімшілік тарапынан сабаққа дайындық кезіндегі оқу материалдары мен ресурстарын іріктеу, оқушылардың оқу пәндері бойынша білімдеріндегі олқылықтардың орнын толықтыруға деген қажеттіліктерін ескере отырып, сараланған тапсырмалар әзірлеуі ескертілді. Оқушылардың танымдық ынтасын арттыру мақсатында қосымша материалдар мен түрлі әдіс-тәсілдерді түрлендіре қолдану, тест тапсырмаларын, шығармашылық сипаттағы дидактикалық материалдарды, аудиовизуалды құралдарды, презентацияларды, сараланған оқу тапсырмаларын пайдалану ескертілді. Оқу материалдарының мазмұны оқу процесінде оқушылардың ойлау процестерін дамытуға, ойластырған шешімдер қабылдауға, оларды дәлелдеуге, ақпаратпен жұмыс істеу, талдау, салыстыру, қорытындылау біліктерін дамытуға бағытталды. Сабақтар барысында сыни ойлауды дамытуға, функционалдық сауаттылықты қалыптастыруға, интерактивті оқыту әдістерін қолдануға, таза ауада сабақтар ұйымдастыруға болатыны ескерілді. Мектеп мұғалімдері жазғы мектептің оқу процесінде үлгерімі нашар білім алушыларға қолдау көрсету, сабақ кезеңінде шамадан тыс жүктеме бермеуге, қажет болған жағдайда физикалық жаттығулар жасау ескерді.

Міндет:
 білімді сапалы игертуде оқыту теориясының дамытылуы мен практикада орынды қолданылуын қарастыру;
 оқушылардың оқу іс-әрекетін педагогикалық сауатты ұйымдастыру жолдарын заманауи әдіс-тәсілдер арқылы жүргізу;
 сабақ кезеңінде және сыныптан тыс шараларда оқушылардың танымдық іс-әрекетін жандандыра, белсендіре жүргізуді жалғастыру;
 Оқушыларды пәнге қызықтыруда пәндік апталықтарды өткізуді жоспарлап өткізу.





Мекен жайымыз
Шығыс Қазақстан облысы, Алтай ауданы, Алтай қаласы, КОМАРОВ, 8 үй

©2016-2022, Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Алтай ауданы бойынша білім бөлімінің "Алтай қаласының №9 орта мектебі" КММ
Барлық құқық қорғалған "Интерактивті мектеп" жобасы. Техникалық қолдаушы "Internet service" +77075327722,tangatarov13@mail.ru