2021-2022 оқу жылында мектепті дамыту жоспарына SVOD талдау » Алтай қаласының № 9 орта мектебі
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы
Алтай ауданы бойынша білім бөлімінің
"Алтай қаласының №9 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72335) 7-91-17
Есепші бөлімі:
+7(72335) 7-91-17
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » 2021-2022 оқу жылында мектепті дамыту жоспарына SVOD талдау
14
январь
2022

2021-2022 оқу жылында мектепті дамыту жоспарына SVOD талдау

Мектептің жол картасына қосымша.
2021-2022 оқу жылында мектепті дамыту жоспарына SVOD талдау.
Әлді жақтары Әлсіз жақтары
«Нәтижеге бағытталған білім беру мен оқытудың жаңа парадигмасы аясында оқушылардың білімді сапалы игеруін қамтамасыз ету» өзекті тақырыбын жүзеге асыруда сабақ үрдісіне озық тәжірибелерді, жаңа технологияны, нәтижеге бағыттап оқытудың әдіс-тәсілдерін енгізу арқылы оқу-тәрбие жұмысын жетілдіру ашық сабақтар мен ғылыми-тәжірибелік жұмыстар арқылы жүргізілді. Педагогикалық ұжымның функционалдық сауаттылықтарын кәсіби шеберлікпен ұштастыруда 27 мұғалім қашықтан оқыту тәсілдері бойынша, 5 мұғалім ПИЗА бойынша дайындықтан, 3 мұғалім бағалай мен сараптау бойынша, жаңартылған білім мазмұны бойынша оқыту 8 мұғалім, пәндер бойынша қысқа курстардан 9 мұғалім өтті. «Сана» орталығы ұйымдастырған түрлі тақырыптардағы семинарларға 16 мұғалім, қашықтан өткізілген басқа семинар-курстарға 11 мұғалім қатысып, шеберліктерін шыңдады. Сондай-ақ, 8 мұғалімнің әдістемелік нұсқаулық кітаптар жинағы жарық көріп, мұғалімдер ғылыми-әдістемелік конференциялар мен түрлі тақырыптағы оқулар мен сайыстарға қатысты. Оқыту үрдісінде балаларға сапалы білім беру үшін олардың танымдық іс-әрекетінің мақсатқа жеткізетіндей әдіс-тәсілдерімен қаруландыру қажеттілігін ескеріп, мұғалімдер ақпараттық - компьютерлік қондырғы және білім сайттары мен қосымша Bilim land, iTest, iMektep, kalam.rz, Tшid тәрізді түрлі білім сайттарын, кунделік.kz жарияланған сабақтардың бейнероликтерін тиімді қолдана білді. Педагогикалық ұжым қашықтан білім беру мен тәрбиелеудегі тиімді тәсілдерді меңгере білді. Түрлі тәрбие тақырыптардағы бейнероликтер мен челендждер жасау, сайттарға жариялау, сабақ барысында түрлі білім платформаларын қолдану жедел меңгерілді.
Мектеп түлектерін қорытынды аттестаттауға дайындау жүйелі және зор жауапкершілікпен жүргізілді. Нәтижесінде 9-сыныптың білім сапасы өткен жылғымен салыстырғанда 10% жоғарлап, сондай-ақ, 11-сынып оқушылары өз білімдері жақсы дәрежеде көрсетіп, пән мұғалімдері оқушыларды оқыту үдерісіне белсенді қатыстыруды, олардың өткен материалды талқылауға, талдауға және қорытуға қатысуын, зерттеу жүргізуді, алған білімді қолдана алуға бағыттай білген. Қашықтан оқыту барысында қолдауды талап ететін оқушылардың білім деңгейлерінің нашарлағаны көрініс тапты. Үлгерімі төмен оқушылардың zoom қосымшасында белсенділігі күрт төмендегені, қызығушылықтарының азайғаны анық байқалды. Педагогикалық ұжым жазғы мектеп арқылы қолдауды қажет ететін оқушыларды толық қамтуға тырысты, алайда жекеленген ата-аналардың оқушыны жазғы мектепке беру туралы өтініштері болмау себепті кейбір оқушылар қамтылмай қалды. Әсіресе, шалғайда Восточное ауылында автобуспен қатынайтын оқушылар жазғы мектеппен қамтылмай қалды. Сабақтарды өткізуде интернет желісінің нашарлығы да білімді сапалы меңгертуде қиындық туғызды. Сондай-ақ, педагогикалық ұжыммен бірлескен шаралар ұйымдастыру жетіспеді. Соның салдарынан бірнеше жоспарланған шаралар жүзеге асырылмай қалды. Бұл бірлестіктер жұмысының әлсізденуіне әкеліп соқтырды. Мектепте санитарлық-эпидемиялық жағдайларға байланысты диалогтік оқыту, оқушылардың бірін-бірі оқыту, ЖАДА бойынша білім беру үрдісі төмендеп кетті.
Кезекші сыныптар оқытатын мезгілге мектептегі пәндік кабинеттердің жетіспеушілігі де қиындық туғызды. Әр сыныпта 15 оқушыдан бөлген кезде мұғалімдерге жүктеменің ауырлағаны байқалды, екі ауысымнан кейін қашықтан оқып отырған оқушылармен жұмыс жүргізуге тура келді. Уақыттың тапшылығы сабақтардың сапалы өтуіне кедергі жасады. Сондай-ақ, иқашықтан оқыту барысында оқушылардың тапсырмаларды дер кезінде жібермеуі де мұғалімдер мен білімді сапалы игертуге кедергі жасады.
Оқушылардың денсаулығын нығайтудың бірден бір жолы денешынықтыру сабақтарына көңіл бөлінгенмен, бір ғана спорт залдың болуы, таза ауада ойнатуда ауа райының қолайсыздығы қиындықтарға әкеліп соқтырды.
Мектептегі интерактивті тақталар мен проектрлар ескіргендіктен істен шықты, бұл жағдай мектепте сабақты заманауи технологиялармен, түлі білім платформаларымен қамтуда кемшіліктер туғызды.
Санитарлық эпидемиялық жағдайларға байланысты оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымдарының жұмысы жүрмей қалды.
Мүмкіндіктер Қауіп-қатер
Педагогикалық ұжымның кәсіби шеберліктері мен құзіреттілігін дамыта отырып, білімді сапалы игерту мүмкіндігі бар. Педагогикалық ұжымның пәндік олимпиадалар мен түрлі интеллектуалды сайыстар мен семинарларға, ғылыми-тәжірибелік конференцияларға, «Шеберлік сыныптарын», ашық сабақтарға қатысуын қамтамасыз ету; Мектептегі озат мұғалімдермен бірлесе отырып коучтар мен менторлар жұмысын үйлестіру;
Бірлестіктер арасында «Шеберлік сыныптар» отырыстарын, дидактикалық материалдар мен электронды оқыту жинақтарынан көрме ұйымдастыру. Ғылыми-әдістемелік жұмыстарда оқушылардың оқу ортасын құраудағы тиімді оқыту түрлерін қарастыру, білім беру үдерісін дамыту, жаңа технологияларды енгізу және қолданыстағы технологияларды әдістерді, құралдарды мен формаларды жетілдіру, пән бірлестіктері жұмысының ролін арттыра отырып, оқушылардың ойлау қабілетін, танымдық белсенділігін арттыру жолдарын қарастыру, мұғалімнің шығармашылық ой-өрісін дамыту, әдістемелік-ғылыми жұмыстарда теория мен практика байланысын қамтамасыз ету мақсаттарында жұмыс істеу.  Оқу-тәрбие жұмыстарында пән бірлестіктерінің рөлі төмендеуі педагогикалық ұжымның өзін-өзі басқаруына, белсенділігінің азаюына соқтыруы мүмкін;
 Оқушылардың «Жас ұлан», «Жас қыран» топтары мен өзін-өзі басқару ұйымдарының мектептегі «оқушы үні» жұмыстарының жүйелі жұмыс жасамауына соқтырады;
 Қолдауды талап ететін оқушылармен жұмысты жүйелеуде әкімшілік тарапынан қадағалау жүргізу жолдарын қарастыру қажет;
 Инклюзивті білім беруде пән мұғалімдерінің кәсіби шеберліктерін арттыруды қарастыру қажет;
 Мектеп пен жұртшылықтың байланысын, ата-аналар комитеттерінің байланысын жүйелеу керектігі байқалды.
Мекен жайымыз
Шығыс Қазақстан облысы, Алтай ауданы, Алтай қаласы, КОМАРОВ, 8 үй

©2016-2022, Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Алтай ауданы бойынша білім бөлімінің "Алтай қаласының №9 орта мектебі" КММ
Барлық құқық қорғалған "Интерактивті мектеп" жобасы. Техникалық қолдаушы "Internet service" +77075327722,tangatarov13@mail.ru