Заманауи оқыту – тұлға қалыптастыру » Алтай қаласының № 9 орта мектебі
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы
Алтай ауданы бойынша білім бөлімінің
"Алтай қаласының №9 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72335) 7-91-17
Есепші бөлімі:
+7(72335) 7-91-17
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Заманауи оқыту – тұлға қалыптастыру
01
февраль
2023

Заманауи оқыту – тұлға қалыптастыру

Қазіргі білім беру жүйесінің қарқынды дамып, заманауи оқыту құралдарының өмірімізге енуі қоғам өзгерісіне әсер етеді. Жаңартылған білім мазмұнынында қоғамдық өзгерістерге тез бейімделетін, адамгершілігі жоғары, жауапты, бастамашыл және құзіретті, дүниетанымы кең тұлғаны дамыту нақты мақсатқа айналып отыр. Біліммен қатар, жалпы адамзаттық құндылықтарды тәрбие арқылы беру бүгінгі таңдағы көкейтесті мәселелердің бірі болып табылады.
Қаңтар айында Алтай қаласының №9 орта мектебінде «Оқудың нәтижесі мен жаңа білімді игеруге бағытталған оқушының дағдысы мен оның ілгерілеуі, оқу-танымдық іс-әрекетін ұйымдастыру» тақырыбымен әдістемелік жұма өтті. Бастауыш сынып мұғалімі Нұрсалова Н.Қ. «Бастауыш сынып оқушыларының сабаққа қызығушылығын арттырудағы тиімді әдіс тәсілдердің рөлі» тақырыбымен өз іс-тәжірибесін жинақтап, дидактикалық көрме көрсетіп,ашық сабақ ұйымдастырды. Ұстаз тәжірибесі мен ізденісі, оқытудағы жаңа технологиялар сабақ барысында шеберлікпен, шығармашылықпен жеткізілді.
Информатика мен физика, қазақ әдебиеті және тарих, ағылшын тілі мен қазақ тілі пәндері бойынша 2,8,10-сыныптарда дуэт сабақтар өтті. Сабақтарда оқушы мен оқушы, мұғалім мен оқушы арасындағы диалог негізінде білімді өздігінен игеру мақсаты жақсы нәтиже берді. Оқушының тұлғалық дамуына арналған тапсырмалар балалардың оқуға, білімге деген құштарлықтарын оятты. Сындарлы оқыту теориясының пәнаралық байланыста қолданылуы білімді де саналы, тәрбиелі, өз елін сүйетін, рухани құндылықтарды бойына сіңірген жастарды тәрбиелеуге бағытталды.
«Аралас оқу, (гибритті) оқу форматы және төңкерілген сынып әдісі бойынша оқушыларды білімді игеруге бағытталған тиімді тәсіл түрлерін «БОРТ ЖУРНАЛЫ» арқылы жарнамалау тақырыбында бірлестіктер сайысы өтті. Гуманитарлық, жаратылыстану, бастауыш сынып бірлестіктері жаңашыл білім беру әдістері мен заманауи білім платформалары мектеп ұжымына ұсынып, түрлі шығармашылық көріністер арқылы оқушылардың жас ерекшелігіне сай заманауи білім берудің қосымша ақпараттық көздерін қолдану түрлерін көрсетті. Қазіргі замануи инновациялық үрдістегі жаңалықтар мұғалімдердің әдістемелік құзіреттілігін дамытуға арналды. «Педагогикалық ұжымның кәсіби шеберліктері мен құзіретті, зерттеушілігін артыру» мақсатымен өткізілген әдістемелік шараларға мектеп директорының оқу-тәрбие меңгерушісі Б.К.Саньязова қорытынды жасап, теория мен практиканың нәтижеге бағытталған бірлестігінің жақсы нәтиже көрсеткенін айтып өтті.
«Жалғыз сүйеніш, жалғыз үміт - оқуда.Теңдікке жетсек те, жұрттығымызды сақтасақ та, дүниедегі сыбағалы орнымызды алсақ та, бір ғана оқудың арқасында аламыз. Жақсылыққа бастайтын жарық жұлдыз - оқу!» деп Мағжан Жұмабаев айтқандай, қай елде, қай қоғамда болмасын сол елдің өркендеуіне бірінші себепкер білім беру салаларының қызметкерлері. Сапалы білім – өмір сапасының негізі болғандықтан, тәуелсіз еліміздің білім беруді дамытуға арналған реформаларын жүзеге асырып, инновациялық үрдістің даму жолында белсенді болайық!
Мекен жайымыз
Шығыс Қазақстан облысы, Алтай ауданы, Алтай қаласы, КОМАРОВ, 8 үй

©2016-2022, Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Алтай ауданы бойынша білім бөлімінің "Алтай қаласының №9 орта мектебі" КММ
Барлық құқық қорғалған "Интерактивті мектеп" жобасы. Техникалық қолдаушы "Internet service" +77075327722,tangatarov13@mail.ru