«Педагогикалық шеберлік – даналықты ұға білу» » Алтай қаласының № 9 орта мектебі
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы
Алтай ауданы бойынша білім бөлімінің
"Алтай қаласының №9 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72335) 7-91-17
Есепші бөлімі:
+7(72335) 7-91-17
Нашар көрушілер
нұсқасы
22
январь
2018

«Педагогикалық шеберлік – даналықты ұға білу»

«Педагогикалық шеберлік – даналықты ұға білу»

 

«Педагогикалық шеберлік – даналықты ұға білу»

2017-2018 оқу жылында мектеп «Өз бетінше білім алуға, оны практикада қолдана білу қажеттілігін тәрбиелеуге бағытталған басты құзырлықты инновациялық тәсілдер арқылы қалыптастыру» атты өзекті тақырыпты жүзеге асыруда нәтижелі жұмыс жүргізуде. Қыркүйек айында педагогикалық ұжыммен «Оқыту үрдісінде деңгейлік бағдарлама идеялары негізінде инновациялық әдістерді жетілдіру, сабақтарға тиімді ықпалдастыру жолдары» тақырыбымен теориялық семинар өткізіліп, мұғалімдер Саякова Г.А., Шангишбаева А.С., Нұрсалова Н.Қ., Жампеисов Е.Т. баяндама оқып, ізденіс тақырыбын жүзеге асырудың теориясы талқыланды.

Ізденіс тақырыбының практикалық жағын ашу және мұғалімдердің кәсіби шеберлігін сабақтарда қолдана білуін қамтамасыз ету мақсатында қараша айында «Оқытудың тиімділігін арттыру тәсілдерін пайдаланып, оқушылардың логикалық ой белсенділіктерін, функционалдық сауаттылықтарын, арнайы оқу дағдыларын арттыру» тақырыбымен әдістемелік күн жарияланып, ашық сабақтар циклы ұйымдастырылды. Ашық сабақ өткізген мұғалімдер Матаева А.Б., Бугубаева А.Т., Саякова Г.А., Шангишбаева А.С., Нұрсалова Н.К. сабақтарға өзіндік талдау жасап, эксперттік топтар жинақтау парағын құрастырып, сабақтардың жоғары дәрежеде болғандарын атап өтті.

Өзекті тақырыпты іске асыру және білімді сапалы меңгерту жолдарын қарастыру мақсатында «Жаңа форматты сабақтарға қойылатын талаптар және оның оқушы білімін тұрақтандырудағы әсері» тақырыбында әдістемелік жұма ұйымдастырылды. Педагогикалық ұжымға әдістемелік жұманың жоспары, мақсат, міндеттері таныстырылды. Тәжірибедегі рефлексия бойынша мұғалімдер Илюбаева А.А., Құрманғалиева Ә.Б. «Шеберлік сыныбын» жоғары дәрежеде өткізе білді. Анар Айтказыновна «Шеберлік сыныбы» барысында «Екі түрлі көзқарас», «Тұжырымдама себебі», «Кім? Қайда? Не істеді?», «5 жай сөйлем», «Тақырыптық теннис» тәрізді заманауи тәсілдермен жаңа форматты сабақтың ерекшеліктерін талқылатса, Әсел Базарбековна «Денотатты граф», Tarsia бойынша жұмыс түрлері арқылы сабақтарға қойылатын талаптарға талдау жасатты. Барлық шаралар ұжымға қызықты және кәсіби шеберлікті жетілдіруге бағытталды.

Педагогикалық ұжым ізденіс тақырыпты жүзе асыруға бағытталған әдістемелік жұма барысында «Жаңа форматты сабақтағы тәсілдер» атты бірлестіктер арасында жарнама-аукцион сайысы өткізілді. Мектептегі жаратылыстану-математика, гуманитарлық пәндер, бастауыш сыныптар бірлестіктері таңдап алған жаңа тәсілдерді жарнамалап, аукцион арқылы жеңімпаз бірлестік анықталды. Жаратылыстану бірлестігі интернет желісі арқылы оқушы білімін тексеру түрлерін, робототехника құралдарын оқушыларды пәнге қызықтыру тәсілдерін ұсынса, гуманитарлық пәндер бірлестігі деңгейлі бағдарлама модульдерін тиімді ықпалдастыруға бағытталған тәсілдерді жарнамалады. Бастауыш сыныптар бірлестігі «жол картасын құру», «концептуалды кесте», «нысана» тәсілдерін жарнамалап, тәсілдерді қолдану мақсаты мен тиімділігін ашып көрсетті.

 

Әдістемелік жұма барысында бейресми жағдайларда коучингтер отырысы өткізіліп, Lesson Study сабақтарына мұғалімдерді даярлау жұмыстары жүргізілді. 18 қаңтарда 11, 4«А», 2«Б», 6«Б» сыныптарында ашық сабақтар ұйымдастырылды. Мұғалімдер Саякова Г.А., Нурсалова Н.К., Қалиева М.Б, Дамухан М., Ермекбаева Ж.С. Lesson Study (зерттеу сабақтары) өткізіп, эксперттік топтар арқылы таңдап алынған жұмыс түрлерінің, тәсілдердің, педагогикалық қуатты құралдардың А,В,С бақылаудағы оқушыларға әсері және сабақты меңгерудегі тиімділігіне зерттеу жүргізілді. Эксперттік топтар өз бақылауларын эксперт парақтарына түсіріп, зертту жүргізді. Сабақтар жоғары дәрежеде өткізілді.

Мекен жайымыз
Шығыс Қазақстан облысы, Алтай ауданы, Алтай қаласы, КОМАРОВ, 8 үй

©2016-2022, Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Алтай ауданы бойынша білім бөлімінің "Алтай қаласының №9 орта мектебі" КММ
Барлық құқық қорғалған "Интерактивті мектеп" жобасы. Техникалық қолдаушы "Internet service" +77075327722,tangatarov13@mail.ru