2020-2021 оқу жылындағы ғылыми-әдістемелік жұмыстар. » Алтай қаласының № 9 орта мектебі
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы
Алтай ауданы бойынша білім бөлімінің
"Алтай қаласының №9 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72335) 7-91-17
Есепші бөлімі:
+7(72335) 7-91-17
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » 2020-2021 оқу жылындағы ғылыми-әдістемелік жұмыстар.
14
январь
2022

2020-2021 оқу жылындағы ғылыми-әдістемелік жұмыстар.

2020-2021 оқу жылындағы ғылыми-әдістемелік жұмыстар.

«Нәтижеге бағытталған білім беру мен оқытудың жаңа парадигмасы аясында оқушылардың білімді сапалы игеруін қамтамасыз ету» өзекті тақырыбын, сондай-ақ әдістемелік жұмыстарды жүзеге асыруда «Заманауи оқыту үрдісінде білім мазмұнына жаңалық енгізудің тиімді әдістерін іздестіру мен оларды жүзеге асыру» атты өзекті тақырып басшылыққа алынып, 2020-2021 оқу жылына арналған жол картасында «Педагогикалық ұжымның функционалдық сауаттылықтарын кәсіби шеберлікпен ұштастыру жолдарын кеңінен қолдану» мақсатын жүзеге асыруда жыл көлемінде ғылыми-әдістемелік жұмыстар жүргізілді.

Мектеп қазан айында «Қашықтан оқытуда заманауи әдіс-тәсілдерді пайдаланудың тиімді жолдары» тақырыбында Республикалық конференция ұйымдастырды. Конференция барысында Дамухан Мұқаш «Физика сабақтарында қашықтықтан оқытуда қолданылатын тиімді әдіс-тәсілдер (ағылшын тілі элементтерімен)», Абенова А.Ә. «Қашықтан оқыту жағдайында заманауи мектептегі тұлғалық-бағдарланған оқытуды жүзеге асыру жолдары», Шангишбаева А.С. «Қашықтан оқыту жағдайында «Қ.О.Бітібаеваның «Ой тастау, ойланту, ойлау технологиясы арқылы оқушыларды шығармашылыққа баулу» тақырыбындағы баяндамаларын оқыды.

Мектепте жол картасында белгіленген жоспарлар мен оқу жылындағы мақсаттарды жүзеге асыру үшін педагогикалық кеңестердің маңыздылығы жоғары болды. Сабақ үрдісіне озық тәжірибелерді, жаңа технологияны, нәтижеге бағыттап оқытудың әдіс-тәсілдерін енгізу арқылы оқу-тәрбие жұмысын жетілдіру мақсатында қараша айында «Оқытуды соңғы нәтижеге бағыттай отырып оқушылардың меңгерген білімді қолдануға төселдірудің заманауи тиімді тәсілдері» тақырыбында педагогикалық кеңес өткізілді. Педагогикалық кеңес тақырыбына орай байқау бағдарламасы құрылды:

ü Мұғалімдердің оқытуды соңғы нәтижеге бағыттаудағы әдіс-тәсілдердің тиімділігін анықтау;

ü Оқушылардың қашықтан оқыту жағдайында білімді өзіндік белсенді игеруін қамтамасыз ету жолдарын байқау;

ü Оқушылардың пәнді сапалы игеруін қамтамасыз етуге бағытталған жұмыс түрлерін іріктей алу;

ü Оқушының сабақ үстіндегі таным белсенділігі мен пәнге қызығушылығын арттырудағы жұмыс түрлерінің тиімділігін қарастыру;

ü Қашықтан синхронды оқыту кезеңінде білім беру жолдарын дұрыс ұйымдастыруды бақылау;

ü Қосымша интернет платформаларын оқушы интеллектісінің дамуына әсерін қадағалау;

Педагогикалық кеңес барысында әкімшілік тарапынан ұжымның қатысылған сабақтарына толық талдау жасалынды, озық әдістер мен жіберілген кемшіліктер атап өтілді. Кеңес барысында Құрманғалиева Ә.Б. «Оқытуды соңғы нәтижеге бағыттай оқытуда ақпараттық – коммуникациялық технологиялардың көмегі» тақырыбында, Касенова Ә.Е. «Оқушы білімін тұрақтандырудың тиімді жолдары», Турсиянова Н.А. «Соңғы нәтижеге бағыттай оқытудағы заманауи технологиялар мүмкіндігі» тақырыбында өз баяндамаларын ұсынып, жұмыс тәжірибелерімен бөлісті. Оқушылар мен мұғалімдерден алынған сауалнамалар қорытындысы нәтижесінде оқушы дамуының бірден-бір көрсеткіші өзіндік бағалау мен бақылауды ұйымдастыруды, оқушыларды соңғы нәтижеге бағыттай оқытуда қосымша материалдармен жұмыс жасауға және білімді шығармашылық жұмыстарды қолдана білуге баулу жолдарын кеңінен қарастыру керектігі айқындалды.

Қаңтар айында білім беру үрдісін жаңарту аясында тәлім-тәрбиенің негізін дұрыс қалай білу, тәрбиенің тиімділігін арттыру мақсатында «Жеке тұлғаның үйлесімділігінің қалыптасуы негізінде, қазіргі заманғы қоғамдық өмірге дайындаубағытындағы тәрбие жұмыстарын үйлестіру жолдары.» тақырыбында педагогикалық кеңес өткізілді. Кеңеске даярлық барысында қашықтан оқытыла отырып, сыныптар ZOOM қосымшасы арқылы ашық тәрбие сағаттарын, сыныптан тыс отырыс түрлерін өткізді. Барлық сыныптар арасында тәрбие бағыттары бойынша мониторингтер жүргізіліп, нәтижесі шығарылды. Сондай-ақ, сынып жетекшілері мен оқушылар арасында тәрбие салалары бойынша сауалнамалар алынды, нәтижесі есептелді. Педагогикалық кеңесте мектептің тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасары Касенова Ә.Е. баяндама оқып, жеке тұлғаның үйлесімділігін қалыптастырудағы тәрбиелік жұмыстарға талқылау жасады. Педагогикалық кеңесте мұғалім Джарылкасынова А.Е. тұлғаны әлеуметтендіру туралы, мұраттар мен құндылықтарға баулу жайлы өзінің пікірімен бөлісіп, оқушыны тәрбиелеудегі әлеуметтік ортаның маңыздылығын ашып көрсетті. Мұғалім Әлмаханов А.Б. құқықтық тәрбиенің оқушы тұлғасын қалыптастырудағы маңыздылығына тоқталды. Жасөспірімдерді құқықтық мәдениетке баулу, азаматтық, адамгершілік, патриоттық сезімдерді қалыптастырудағы тәрбиенің әдістеріне тоқталып, өзінің іс-тәжірибесімен бөлісті. Бастауыш сынып мұғалімі Касенова Г.Е. мектеп оқушыларын жан-жақты дамытудағы тәлім-тәрбиенің бастауыш сыныптан бастау алатыны және оларды берудің тиімді тәсілдері жайлы айтып өтті. Өмір сүру құндылықтары мен мәнін бала бойына дарытудың маңыздылығына тоқталды. Соның ішінде ұлттық рухани тәрбиенің мәнін ашып көрсетті. Мектеп психологы Тандыбаева Г.Т. оқушылардың жеке тұлға болып қалыптасуына қоғамдық-көпшілік жұмыстардың ықпалы жайлы өз баяндамасын көпшілік назарына ұсынды. Педагогикалық кеңес ұжымға тәрбие сағаттарының формасын түрлендіру мен кәсіптік бағдар беру жолдарын кеңінен қарастыру керектігі айқындалды.

Сәуір айында «Оқытудың жаңа парадигмасы аясында оқушылардың кең ауқымды және жоғары деңгейдегі ойлау дағдыларын дамыту.» тақырыбында педагогикалық кеңес ұйымдастырып өткізді. Жумагулова А.М. баяндама жасап, мектеп ұжымының жаңартылған білім мазмұны бойынша оқытудағы Блум таксономиясын басшылыққа алу жолдарына тоқталды. Нәтижеге бағдарланған білім берудің негізі болып отырған оқушының жеке тұлғалық қасиеттерін барынша дамытудағы ойлау дағдыларының есепке алынуының маңыздылығы айтылды. Әкімшілік тарапынан қатысылған сабақтарға кеңінен талдау жасалынды. Озық әдіс-тәсілдер аталып, кемшіліктер ашылды. Педагогикалық кеңес тақырыбына орай өткізілген сыныптан тыс шараларға талдау жасап, барлық жұмыстар жоғары дәрежеде өткені туралы айтты. Педагогикалық кеңес тақырыбына орай Қалиева М.Б. сыныптан тыс шаралар арқылы оқушылардың жоғары ойлау дағдыларын дамыту туралы қосымша баяндамасын ұсынып, өзінің іс-тәжірибесімен бөлісті. Мұғалім Турсиянова Н.А. оқытудың жаңа парадигмасы аясында оқушылардың жас ерекшелігіне сай танымдық қызығушылығы мен ізденімпаздығын дамыту тақырыбында өз баяндамасын көпшілік назарына ұсынды. Блум таксономиясы негізінде оқушылардың ғылыми пәндерге баулу жолдарын ашып көрсетті. Мұғалім Әбенова А.Ә. жоғары деңгейде ойлау дағдыларын дамытудағы бағалау критерийлерінің рөлі туралы қосымша айтып өтті. Оқушылардың білімді сапалы игерудегі маңызды фактор ретінде критериалды бағалаудың әдіс-тәсілдеріне тоқталды. Педагогикалық кеңес нәтижесінде заманауи білім беруде инновациялық әдістер негізінде критералды бағалауды дескрипторлар арқылы жүйелеу қажеттілігі, оқушылардың алған білімді қажетті жағдайда қолдана алу біліктілігін қалыптастыру жолдарын кеңінен қарастару керектігі байқалды.

Әкімшілік жол картасында көрсетілген педагогикалық ұжымның функционалдық сауаттылықтарын кәсіби шеберлікпен ұштастыру жолдарын кеңінен қолданумақсатының орындалуын көздей отырып, ғылыми-әдістемелік мәжілістер ұйымдастырды. Әдістемелік жұмыстың өзекті тақырыбы (3-кезең) ретінде «Заманауи оқыту үрдісінде білім мазмұнына жаңалық енгізудің тиімді әдістерін іздестіру мен оларды жүзеге асыру.» тақырыбын алынып, жыл көлемінде осы тақырыпқа орай жұмыстар жүргізілді. Мұғалімдердің жүйелі шығармашылық ойлау, ақпараттық, коммуникативтік мәдениет, бәсекеге қабілеттілік, көшбасшылық қасиетті дамуына жағдай жасау мақсатында «Заманауи мектептегі тұлғалық - бағдарланған оқытуды жүзеге асыру жолдары» тақырыбына қыркүйек айында онлайн режимінде теориялық семинар өткізіліп, мұғалімдер Нұрсалова М.К., Қалиева М.Б., Құрманғалиева Ә.Б., Касенова Г.Е., Абенова А.Ә. өздерінің баяндамаларын ұсынды. Семинар барысында мұғалімдер қашықтан оқытудағы ақпараттық-коммуникативтік технологияларды қолданудың маңыздылығына, оқу материалын жоғары деңгейде меңгертудегі тиімді әдіс-тәсілдерге талдау жасады. Әр оқушының жеке танымдық қабілеттерін дамыту арқылы оқытуда құзіреттілік әдістерін тиімді қолдану жолдары талқыланды. Тұлғаға бағдарланған оқыту педагогикалық қызметтегі методологиялық бағдар бола отырып, оқушылардың өзін-өзі қалыптастырудағы маңыздылығы айқындалды. Нәтижеге бағыттап оқытуда мұғалімнің кәсібилігі мен біліктілігінің деңгейін көтеру мақсатында қараша айында «Қашықтан оқыту барысында білімді оқушылардың өздігінен игеруін жүзеге асыруына бағытталған заманауи әдіс-тәсілдер.» тақырыбында ашық сабақтар циклы ұйымдастырылды. ZOOM қосымшасы арқылы педагогикалық ұжым арасының эксперттік топтар құрылып, өткізілген сабақтарға талдау жүргізілді. Сабақтар zoom қосымшасы арқылы ұйымдастырылып, сабаққа қосылу шақырулары ұйымдастырылды. Алдын ала эксперттік топтар құрылып, сабақтың өту барысы, тиімді заманауи әдіс-тәсілдер және олардың оқушы білімін жетілдірудегі тиімділігін сарапқа салды. 7-сыныпта өткізілген «Сызықтық функция және оның графигі» тақырыбындағы сабақты мұғалім Абенова А.Ә. «Миға шабуыл» сәтімен бастап, оқушылардың өткен тақырыптардан алған білімдерін жаңғыртты. Сабақ барысында «Ой қозғау», «Сынама сұрақ», «Нүктені салу», «Орнын анықтау» дидактикалық сәттері мен оқушылардың өзіндік жұмыстарын сыртқа камера арқылы бақылау, сессионный зал арқылы топтарға бөліп тапсырмаларды орындату жұмыстары сәтті өткізілді. Сондай-ақ, 3-сыныпта Қожикова Г.Ұ. өткізген «Дыбысты жазу және ойнату» тақырыбындағы ашық сабақ жоғары дәрежеде ұйымдастырылды. Мұғалім сабақ мақсатты мен бағалау критерийлерін ұсына отырып, «Лото» ойыны арқылы өткенді нәтижелі қайталатты. Сабақ барысында қолданылған. «Шеңбер», сұрақ-жауап әдістері оқушылардың белсенділігін туғызды. Мұғалім аудио редакторын іске қосу арқылы мультимедиа пайдаланып өлең жазу, оны тыңдату сәтті өтті. Жұмыстарға «Басбармақ» әдісін қолданып өзіндік бағалау жүргізілді. Сабақ рефлексиясы СМС арқылы шығарылды. Бастауыш сынып мұғалімі Қалиева М.Б. 1-сыныпта өткізген «Дөңгелек сандарды қосу және азайту» тақырыбындағы сабақ психологиялық ахуал тудырумен басталды. Оқушылар назарына жұмыс кезіндегі ережелерді ұсынып, сабаққа зейінін шоғырландырды. Алдыңғы білімді еске түсіруде «Ширату» тапсырмаларысәтті жүргізілді. Белсенді оқу әдістері ретінде берілген «Табан іздері» сәті, jamboart онлайн тақтасымен жеке және ұжымдық жұмыстар жасау, Poblet тақтасымен көрсетілімге ілесе отырып, сәйкестендіру жұмыстарын оқушылар қызығушылықпен орындады. Сабақ рефлексиясы «Білім шыңы» әдісімен шығарылды. 4-сыныпта «Заттардың қасиеттері қалай өзгереді?» тақырыбындағы сабақты мұғалім Нурсалова М.К. психологиялық дайындықпен бастап, оқушылар назарын сабаққа жинақтауда «Қол, бас, жүрек» сәтін ұйымдастырды. Өткенді қайталауда «Менің таңдауым» сұрақтар беріліп, жауаптар талқыланды. Мұғалім ДЖИКСО әдісі арқылы оқулықпен белсенді жұмыс түрін нәтижелі жүргізді. Сабақ тақырыбына сай қызықты мағлұмат беріп, сабақ мазмұнын байытты. Сабақ барысында кіші зерттеу жұмысы жүргізіліп, оқушылар тарапынан қорытынды шығарту тиімді болды. Мұғалім «Ретімен орналастыр», «Ашық микрофон» сәттері арқылы оқушы білімін тұрақтандырды. Сабақ рефлексиясы «Бір сөзбен» атты ойынмен шығарылды. Әдістемелік күні өткізілген сабақтарға эксперттік топ мүшелері жақсы пікірлер берді.

 

Мекен жайымыз
Шығыс Қазақстан облысы, Алтай ауданы, Алтай қаласы, КОМАРОВ, 8 үй

©2016-2022, Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Алтай ауданы бойынша білім бөлімінің "Алтай қаласының №9 орта мектебі" КММ
Барлық құқық қорғалған "Интерактивті мектеп" жобасы. Техникалық қолдаушы "Internet service" +77075327722,tangatarov13@mail.ru