Құқық бұзушылықтын алдын-алу бойынша сынып жетекшілерінің жұмысының тиімділігі. 2019-2020 оқу жылы » Алтай қаласының № 9 орта мектебі
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы
Алтай ауданы бойынша білім бөлімінің
"Алтай қаласының №9 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72335) 7-91-17
Есепші бөлімі:
+7(72335) 7-91-17
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Құқық бұзушылықтын алдын-алу бойынша сынып жетекшілерінің жұмысының тиімділігі. 2019-2020 оқу жылы
12
январь
2020

Құқық бұзушылықтын алдын-алу бойынша сынып жетекшілерінің жұмысының тиімділігі. 2019-2020 оқу жылы

Мектеп бойынша оқушылар арасында құқықтық жалпы оқуды жүзеге асыратын ақпараттық-насихаттау тобы жұмыс жасайды. Бұл топтағы оқушылар ҚР негізгі Заңдарынан, елбасы Жолдауын, оқушылардың құқықтары мен міндеттері туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді.Сондай-ақ мектепте жыл басында 8-10 сыныптар арасында «Полицияның жас достары», «Адал ұрпақ» топтары құрылды. Бұл топтың жұмысын мектеп инспекторы мен тәлімгер бағыттайды. Мысалы «Адал ұрпақ» еріктілер клубы 5-10 сынып оқушыларына «Жемқорлыққа жол жоқ» тақырыбында жадынамаларының бүктемелерін әзірлеп, үзілістерде оқушыларға таратып, 8-сынып оқушыларымен тренингтер жүргізді. Оқушыларға адам құқықтары жайлы түсініктерін қалыптастыру, «жемқорлық» деген не екенін түсіндіру, оның алдын-алу мақсатында «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!» тақырыбында 7-9 сынып оқушыларына видеороликтер көрсету арқылы түсіндіру жұмыстарын жүргізсе, «Полицияның жас достары» тобы мектеп инспекторымен бірге оқушылардың үзілістегі тәртібі, мектеп формаларының сақталуын үнемі қадағалап отырды.
2019 жылдың 11 қыркүйегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында аудандық «Адал ұрпақ» еріктілер клубы арасында сайыс өткізіліп, біздің клуб 2 орынға иеленді.
«Адам құқығының жалпыға бірдей декларациясы», сонымен қатар 1959 жылы қабылданған «Бала құқығы Декларациясы», міне осы декларациядан кейін 61 ел қол қойған 1989 ж 20 қарашада «Балалар құқығы туралы Конвенция» қабылданды. Биылғы жылы «Балалар құқығы туралы Конвенция» қабылдануына 30 жыл толуына орай 10 сынып оқушыларымен директордың тәрбие ісі меңгерушісінің ұйымдастыруымен «Заңды білу - заман талабы» атты ашық тәрбие сағаты өткізілді. Тәрбие сағатының мақсаты: Оқушыларға заң білімі саласынан мағлұмат беру; өз құқықтарын жете білуге, өз беттерімен салыстыра білуге, өмірде қолдана білуге үйрету; құқықтық білімдерін толықтыру, «Балалар құқығы туралы Конвенция» бөлімдерімен таныстыру. Тәрбие сағаты барысында постер, венн диаграммасы, синквейн тапсырмаларын оқушылар қызығұшылықпен орындады. Оқушы шығармашылығын дамыту, білімдерін арттыруға арналған тарихшы, құқық қорғаушы және заңгер кейпіне ендіре отырып берілген тапсырмаларды постерге салып орындау сәтті шықты. Ашық сынып сағатында қолданылған ашық микрафон, попс, мозайка, 6 қалпақ әдістері оқушылардың шығармашылық қабілеттерінің дамуына және қызығұшылықтарын оятуға ықпал етті.Топтық, жұптық жұмыстар арқылы оқушылардын белсенділіктері арттырылды. Ойлаудын 6 қалпағы әдісімен кері байланыс тиімді қолданылды.
Сынып жетекшілер жалпы мектеп жарғысын таныстыру, оқушылардың құқықтары мен міндеттерін таныстыру, бала құқығы туралы конвенция мен ҚР құқығын таныстыру, ҚР діни экстремизм мен діни бірлестіктер туралы заңдармен таныстыру сабақтарын өткізді.
Оқушылардың құқықтық білімдерін тереңдету, Заң алдындағы жауапкершілігін арттыру, саяси сауаттылыққа баулу, оқушылардың өз құқықтарын қорғай білуге үйрету мақсатында 2 «Б» сыныбында оқу жылының басында оқушыларға «Мектептегі және мектептен тыс уақыттағы тәртіп ережелері» тақырыбында әңгіме жүргізілді, бұл әңгімеде сабақ уақытындағы, үзіліс кезіндегі және мектептен тыс уақыттағы тәртіп ережелері таныстырылды. Оқушының құқықтық білімін жетілдіру мақсатында «Мен және менің тәртібім», «Құқық бұзушылық деген не?», «Оқушы құқығы» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді. Оқушылар құқықтық ережелер, жауапкершілік, қылмыс, жаза деген ұғымдармен танысты. Адамның мінез-құлық ережелері құқықтық ережелер, балалардың құқығы мен міндеттері, заң бұзушы деген кім, жауапкершілік және жауапсыздық, жаза, жазалау түрлері жайлы мағлұмат алды.
Құқық бұзушылықтын алдын-алу бойынша сынып жетекшілерінің жұмысының тиімділігі. 2019-2020 оқу жылы
Құқық бұзушылықтын алдын-алу бойынша сынып жетекшілерінің жұмысының тиімділігі. 2019-2020 оқу жылы
Құқық бұзушылықтын алдын-алу бойынша сынып жетекшілерінің жұмысының тиімділігі. 2019-2020 оқу жылы
Құқық бұзушылықтын алдын-алу бойынша сынып жетекшілерінің жұмысының тиімділігі. 2019-2020 оқу жылы
Құқық бұзушылықтын алдын-алу бойынша сынып жетекшілерінің жұмысының тиімділігі. 2019-2020 оқу жылы
Құқық бұзушылықтын алдын-алу бойынша сынып жетекшілерінің жұмысының тиімділігі. 2019-2020 оқу жылы
Құқық бұзушылықтын алдын-алу бойынша сынып жетекшілерінің жұмысының тиімділігі. 2019-2020 оқу жылы
Құқық бұзушылықтын алдын-алу бойынша сынып жетекшілерінің жұмысының тиімділігі. 2019-2020 оқу жылы
Құқық бұзушылықтын алдын-алу бойынша сынып жетекшілерінің жұмысының тиімділігі. 2019-2020 оқу жылы
Мекен жайымыз
Шығыс Қазақстан облысы, Алтай ауданы, Алтай қаласы, КОМАРОВ, 8 үй

©2016-2022, Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Алтай ауданы бойынша білім бөлімінің "Алтай қаласының №9 орта мектебі" КММ
Барлық құқық қорғалған "Интерактивті мектеп" жобасы. Техникалық қолдаушы "Internet service" +77075327722,tangatarov13@mail.ru