«Зырян қаласының №9 орта мектебі» КММ Оқушылардың тамақтануын ұйымдастыру жұмысы бойынша мәлімет. » Алтай қаласының № 9 орта мектебі
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы
Алтай ауданы бойынша білім бөлімінің
"Алтай қаласының №9 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72335) 7-91-17
Есепші бөлімі:
+7(72335) 7-91-17
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Зырян қаласының №9 орта мектебі» КММ Оқушылардың тамақтануын ұйымдастыру жұмысы бойынша мәлімет.
23
январь
2018

«Зырян қаласының №9 орта мектебі» КММ Оқушылардың тамақтануын ұйымдастыру жұмысы бойынша мәлімет.

«Зырян қаласының №9 орта мектебі» КММ

Оқушылардың тамақтануын ұйымдастыру

жұмысы бойынша мәлімет.

Мектепте 2017-2018 оқу жылында оқушылардың тамақтануын ұйымдастыру бойынша бірқатар мемлекеттік құжаттар басшылыққа алынды. Мысалы: 2002 жылғы 4-желтоқсандағы «Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы» ҚР Заңының 7-1 бабының 11 тармақшасына сәйкес және 2008 жылғы ҚР Білім және ғылым Министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасының келісілген құжаты, 2008 жыл 13 тамыздағы №98 ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитариялық- эпидемиологиялық қадағалау комитетінің төраға міндетін атқарушы А.Асқаровтың бұйрығына сәйкес мектепте оқушыларға ыстық тамақты ұйымдастырудың әдістемелік ұсынымдары, ҚР денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы ҚР Президентінің 2010 жылғы 29 қарашадағы №1113 Жарлығына сәйкес дұрыс әрі сапалы тамақтану басшылыққа алынады.

Мектеп бойынша оқушылардың тамақтануын ұйымдастырудың жылдық жоспары құрылып, бекітілді. Осы оқу жылының 2 тоқсанындағы тамақтандыруды ұйымдастыру өз деңгейінде жүргізілді. Оқушылардың тамақтануы бойынша жауапкершілік директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары мен бастауыш сыныптарда оқушылардың тамақтануын есепке алып отыруға жауапты адам ретінде Әбенова А.А тағайындалды. Мектепте оқушылардың дұрыс тамақтануын бақылау үшін арнайы комиссия құрамы анықталынған. Мектеп әкімшілігі кезекшілік кестесіне орай мектеп асханасында оқушылардың тамақтану тәртібі, тамақтану жүйесін тексеріп отырады.

Мектепте тамақтануды жалдауға алып отырған, директоры Смирнов С.И болып табылатын ЖШС «Смирнов» мектеп тамақтануының комбинаты айналысады. Мектеп асханасын ашуға санитарлық эпидемиологиялық қадағалау комитетінің рұқсаты берілген. Мектеп әкімшілігі оқушылардың сапалы тамақтанып, асхананы жалдаушы тұлғаның дұрыс және қауіпсіз тамақтандыру деңгейін үнемі, қатаң бақылауда ұстайды.

Асхана бөлімінде барлығы 4 қызметкер жұмыс істейді. Оның 1 аспаз болса, 1 аспаз көмекшісі6 2 асхана жұмысшысы. Аспазшы разряды – ІV дәрежелі. Аспазшылардың біліктіліктерін көтеру курстарының өту мерзімі 1-3 жыл аралығын құрайды. Курстан өтпеген асхана қызметкері жоқ. Мектеп асханасы оқушылардың дұрыс, сапалы тамақтануына барлық жағдайды жасайды. Асханада барлық қажетті құрал-жабдықтармен жабдықталған. Мектеп асханасының ас бөлімінің паспорты бар. Асханада тамақтанушыларға арналған отыру орындығы 200. Асхана шағын орталық, 1-11 сынып оқушылары бойынша 455 оқушы, даярлық сыныбымен қосқанда 499 балаға және мұғалімдер қауымына қызмет көрсетеді. Оқушылар І аусымда екі кезекпен тамақтанады. Яғни сағат 09.25 (2 сабақтан кейін) - 1А, 1Б, 1В, 3А, 4А, 4Б сыныптар тамақтанса, сағат 11.05-те (4 сабақтан кейін) - 5А, 5Б, 7А, 7Б, 8А, 8Б, 9, 10, 11- сыныптар тамақтанады. ІІ ауысымда 13.35 те (1 сабақтан кейін) - 2А, 2Б, 3Б, 6А, 6Б сыныптары тамақтанады. Тамақтану ұзақтығы 15 минут.

Мектеп асханасында оқушыларды тамақтандыру 2008 жыл 13 тамыздағы №98 ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитариялық-эпидемиялогиялық қадағалау комитетінің төраға міндетін атқарушы А.Асқаровтың бұйрығына сәйкес мектепте оқушыларға ыстық тамақты ұйымдастырудың әдістемелік ұсынымдарында белгіленген екі апталық ас мәзірі мен азық-түліктер жаймасы құрылып, аудандық СЭ қадағалау комитетімен бекітілген мәзір бойынша тамақтандырылады. Бұл ас мәзірін қолдану тамақтың әртүрлі болуы мен дайындалу технологиясын қадағалауға, рационның тағамдық тығыздығын әсіресе, үйдегі тамақпен шектеулі түсетін антиоксиданттармен байытуға, дайын тамақтың сапасын бақылауды жақсартуға ықпал етеді.

Мектеп бойынша оқушылардың ыстық тамақ, буфеттік тамақ, тегін тамақтану деңгейін күнделікті бақылауда ұстай отырып, ай сайын тамақтану деңгейіне мониторинг жүргізіледі.

Мекен жайымыз
Шығыс Қазақстан облысы, Алтай ауданы, Алтай қаласы, КОМАРОВ, 8 үй

©2016-2022, Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Алтай ауданы бойынша білім бөлімінің "Алтай қаласының №9 орта мектебі" КММ
Барлық құқық қорғалған "Интерактивті мектеп" жобасы. Техникалық қолдаушы "Internet service" +77075327722,tangatarov13@mail.ru