Сынып жетекшілері мен ата-ана ынтымақтастығы » отдела образования по району Алтай
Коммунальное государственное учреждение
Средняя школа №9 города Алтай
"Алтай қаласының №9 орта мектебі"
Управления образования Восточно-Казахстанской области
Приемная
+7(72335) 7-91-17
Бухгалтерия
+7(72335) 7-91-17
Версия для
слабовидящих
» » Сынып жетекшілері мен ата-ана ынтымақтастығы
12
январь
2020

Сынып жетекшілері мен ата-ана ынтымақтастығы

Ата-аналармен байланысты арттыру мақсатында мектеп- ұжымы ашық есік күндерін, жалпы ата-аналар оқуын, тәрбие сағаттары мен семинарларын, қайырымдылық акциялары мен табиғат аясында демалыс шараларын өткізіп келеді.
Оқу жылының басынан сынып жетекшілері тарапынан оқушының әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын анықтау мақсатында әр оқушының үйіне рейд жүргізілді. Сыныптағы әлеуметтік жағдайы төмен, көпбалалы отбасылары анықталып, акт жасалып тегін тамақтануға ұсынылды. Сынып жетекшісі тарапынан мұндай отбасыларымен үнемі байланыс жасалуда. 2019-2020 оқу жылына мектеп бойынша 1- тоқсанда 62 оқушы тегін тамақтанса, 2-тоқсанда 63 оқушы тегін тамақтанады. Смирновтын тарапынан тегін тамақтануға 2 оқушыға спонсорлық көмек берілді.
Сонымен қатар жыл көлемінде сынып жетекшілері тарапынан оқушылардың бос уақытының тиімді ұйымдастырылуын анықтау мақсатында үнемі рейд жұмыстары жүргізіліп отырады.
Тұңғыш Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев халқымызға тебіреніске толы сөз айтқан еді: «Тәуелсіз елді баянды ету аңсар мұратымыз, өтпелі шақтағы қиындықты жеңу азаматтық міндетіміз, ал тұрмысы төмен азаматтарға, ата-аналарының қамқорынсыз қалған балаларға қолдау көрсету адамгершілік парымыз» деген еді. Осындай мақсатпен бүгінгі күні мектебімізде қайырымдылық акциясына қатысып, өздерінің дархан көңілдерімен жомарттық танытқан ата*аналарымыз бен спонсорларымыздың арқасында қайырымдылық акциясы өткізілді. Мұқтаж жанұяларға қол ұшын беруге ат салысып, көмектерін көрсеткен сынып жетекшілері мен ата-аналардың үлесі зор болды. Акцияға белсене араласып, көмегін барынша аямаған ата-аналарға мектеп әкімшілігі тарапынан алғыс хаттар берілді. Мұндай ұйымдастырылған іс-шаралар ата-анамен мектеп арасындағы байланысты нығайта түседі.
Оқушының бос уақытын тиімді ұйымдастырулының қамтамасыз ету, ата-ана-оқушы-сынып жетекші арасындағы ынтымақтастық қарымқатынасты дамыту мақсатында қыркүйек-қазан айларында табиғат аясында демалыс шаралары ұйымдастырылды. 9 «А»-9 «Б» сынып оқушылары қазан айында ата-аналардың қолдауымен, мектеп тарапынан келісіліп, оқушылармен «Денсаулық күніне» орай табиғат аясына барылды.
Ата-аналармен қыркүйек айында 7 «а» сынып оқушылары Хамир өзеніне топ-серуенге барып, демалып қайтты.
Қазан айында 5 «А» және 5 «Б» сынып оқушылары, сынып жетекшілері және ата-аналары Хамир өзеніне тур-паход ұйымдастырды.
Оқушылардын бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында сынып жетекшісі, ата-аналар тарапынан ұйымдастырылған табиғат аясына саяхатқа 10 «А», 8 «А», 8 «Б» , 7 «Б», 6 «А», 6 «Б» сынып оқушылары барды.
Сынып жетекшілер мен ата-аналардың арасындағы ынтымақтастықтын бір түрі: ата-аналар жиналысы. Ата-анамен мектеп арасындағы байланысты нығайту, баланың отбасындағы тәрбиесі мен ата-ананың жауапкершілігін анықтау мақсатында 2 «Б» сыныбында «Мектептің ішкі тәртіп ережелері» тақырыбында ата-аналар оқуы өткізілді. «Оқушы қауіпсіздігі», «Отбасындағы зорлық-зомбылыққа жол жоқ» деген тақырыптарда әңгімелер жүргізілді.
[center]Сынып жетекшілері мен ата-ана ынтымақтастығы
Сынып жетекшілері мен ата-ана ынтымақтастығы
Сынып жетекшілері мен ата-ана ынтымақтастығы
Сынып жетекшілері мен ата-ана ынтымақтастығы
Сынып жетекшілері мен ата-ана ынтымақтастығы
Сынып жетекшілері мен ата-ана ынтымақтастығы
Сынып жетекшілері мен ата-ана ынтымақтастығы
Сынып жетекшілері мен ата-ана ынтымақтастығы
Сынып жетекшілері мен ата-ана ынтымақтастығы
Сынып жетекшілері мен ата-ана ынтымақтастығы