Дарынға жол ашық. » отдела образования по району Алтай
Коммунальное государственное учреждение
Средняя школа №9 города Алтай
"Алтай қаласының №9 орта мектебі"
Управления образования Восточно-Казахстанской области
Приемная
+7(72335) 7-91-17
Бухгалтерия
+7(72335) 7-91-17
Версия для
слабовидящих
06
октябрь
2017

Дарынға жол ашық.

Daryna-zhol-ashy.docx [15,36 Kb] (cкачиваний: 14)
Посмотреть онлайн файл: Daryna-zhol-ashy.docx

 

Дарынға жол ашық.

Мектепте әкімшілік басқаруымен дарынды оқушыларды анықтап, дарындылық белгілерін дамыту барысында бірқатар жұмыстар ұйымдастырылып жүргізілді. Әр пәннен қабілетті және дарынды оқушыларды анықтай отырып, «Тұлға» атты шығармашылық кіші академия тобы жұмыс жасап, пән мұғалімдері оқушылардың танымдық қабілеттерін ескеріп, арнайы жұмыс жоспарын құрып, білім байқаулары мен олимпиадаларға даярлап, сыныптан тыс шаралар мен пәндік үйірмелер ұйымдастырды. Мектеп бойынша дарынды оқушылармен жұмыстың даму бағдарламасын жасап, мақсаты мен міндеттерін белгіленді, жылдық жоспарын жасап, бекітті. Дарындылықты анықтау жолдары қарастырылып, пән мұғалімдерді қабілетті оқушыларды зерттеу мониторингісін жасап, жыл бойы оқушылардың өсу динамикасын белгілеп отырды. Оқушылардың жеке бас ерекшелігі бойынша зерттеу жұмысы алынып, пән мұғалімдерінің дарындылармен жұмыс жоспары әкімшілік тарапынан тексеріліп, бекітіліп, ай сайын қорытындысы шығарылып отырылды. Қыркүйек айында аудандық «Зерде» жобалар қорғаусайысының жеңімпаздары болып төмендегі оқушылар атанды.

Мелісқанов Мансұр 4А сынып 3-орын

Серік Амина 3А сынып 2-орын

Нұрланқызы Мадина 4Б сынып 3-орын

Асылбек Аңсар 3Б сынып 1-орын

Бақытжанқызы Наргиз 3А сынып 2-орын

Әкімбаева Алтынай 6Б сынып 2-орын

Адылбекова Аружан 6Б сынып 2-орын

Қалымжанова Айгерім 6Б сынып 1-орын

Қадырбаева Дарина 6Б сынып 1-орын

Сондай-ақ, 11-сынып оқушысы Серікқызы Назерке Орал қаласында өткізілген «ЭКСПО-2017» шеңберінде жас өлкетанушылар, экологтар мен табиғат зерттеушілерінің республикалық форумына қатысып, «Горная Ульбинкада» дем алып қайтты.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Тәрбие және білім» ішкі бағдарламасын жүзеге асыру аясында «Менің Отаным – Қазақстан» жас өлкетанушылар мен туристердің облыстық слетінде Зерттеу экспедициясы бойынша жобалар конкурсында 10-сынып оқушылары Советова Айжан 2-орын, Қалымжанова Меруерт 3-орын иеленді.

Облыстық О.Бөкей оқулары сайысына мектептің 10-сынып оқушысы Аяғанова Назерке қатысып 1-орынды жеңіп алды.

Мектеп оқушылары ақын, драматург М.Шахановтың75 жыл мерейтойына орай өткізілген «Уақыт жалғандықты кешірмес...» атты патриоттық-азаматтық лирикасының аудандық көркемсөз оқу шеберлері байқауына белсене қатысып Аяғанова Назерке 2-орын, Күмісбекова Аружан 2-орын алған, Әсетұлы Бекболат 3-орынды иеленді.

Оқушылардың қашықтан өткізілетін сайыстарға қатысымшылдығы жалғастырылып, Халықаралық Инфоурок «Күз 2017» жобасында дипломмен 4 А сынып оқушылары Сабиханов Ж., Қалиева К., Мелісқанов М. марапатталды.

Пән мұғалімі Тандыбаева Г.Т. дайындаған оқушылар аудандық «Өзін-өзі тану» пәнінен өткізілген олимпиададан Сейітдәулет Назлы 1-орын; Нұрмұханбетова Ардана 1-орын; Құрылтай Меруерт 1-орын, Камариева Жанерке 3-орындарды иеленді.

Мектеп ұжымы тілдер айлығына белсене қатысып, Ибрагим Камила. Қазақстан халықтарының Тілдер күніне арналған аудандық «Тілдер шеруі» айлығында «Лучший сурет» конкурсында 1-орын алса, Аяғанова Назерке «Лучший шығарма» номинациясында 1-орында жеңіп алды.

Ұжым оқушылардың дарындылығын дамытуды жалғастыруда.