Аудандық семинар барысы мен қатысушылар. » отдела образования по району Алтай
Коммунальное государственное учреждение
Средняя школа №9 города Алтай
"Алтай қаласының №9 орта мектебі"
Управления образования Восточно-Казахстанской области
Приемная
+7(72335) 7-91-17
Бухгалтерия
+7(72335) 7-91-17
Версия для
слабовидящих
» Аудандық семинар барысы мен қатысушылар.
29
март
2022

Аудандық семинар барысы мен қатысушылар.

Аудандық семинар барысы мен қатысушылар.
Аудандық семинар барысы мен қатысушылар.

Жетекші мектеп – жаңалық жаршысы.
Еліміздің білім саласында болып жатқан жаңалықтар мектептің әр ұстазын айналып өтпейтіні ақиқат. Жуырда астанамыз Нұр-Сұлтан қаласында болып өткен бастауыш сынып мұғалімдерінің съезіне Шығыс Қазақстан облысының 21 мұғалімі қатысқаны белгілі. Солардың бірі – Алтай қаласындағы №9 орта мектептің бастауыш сыныпта сабақ беретін педагог-шебер санатындағы мұғалім Матаева Аглиман Бұлтыкановна. Съезде талқыланған мәселелер жөнінде, сондай-ақ бастауыш сыныптардағы оқытудың заманауи түрлері мен әдіс-тәсілдері туралы жетекші мектеп ретінде аудан көлемінде бірқатар шаралар өткізілді. 28 наурыз күні ауданның шалғай орналасқан мектептеріне онлайн режимінде «Бастауыш сыныпта оқытудың мәселелері мен шешу жолдары» тақырыбында семинар ұйымдастырылды. Семинарға аудандағы қазақ тілінде оқытатын мектептің бастауыш сынып мұғалімдері қатысты. Семинар барысында қатысушылар бастауыш сыныптардағы оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту әдістері мен жолдары, математика пәнін оқытудағы туындаған қиындықтар туралы ой өрбітті.
Жетекші мектеп республикалық съезд барысындағы жұмыстарға байланысты 29 наурыз күні Алтай қаласындағы бастауыш сынып мұғалімдеріне арнап «Жаңартылған білім беру мазмұнындағы оқу бағдарламаларының мазмұндық құрылымы мен оны іске асыру мәселелері» атты дөңгелек үстел отырысын ұйымдастырды. Шараға қаладағы №6, №7, №8 мектептер мен лицейдің бастауыш сынып мұғалімдері қатысты. Мектептің оқу ісі жөніндегі орынбасары Саньязова Бекзат Кабдуалиевна шараның мақсаты мен міндеттеріне тоқталып өтті. Съезд делегаты Матаева А.Б. аталмыш тақырыпта баяндама жасап, бастауыш сыныпта оқытудың бағдарламаларының жетістіктері мен олқылықтарына кеңінен тоқталып өтті. Сондай-ақ, бастауыш сынып бағдарламаларын жүзеге асырудағы педагогикалық тәсілдерге шолу жасады. Дөңгелек үстел барысында бастауыш сыныптағы пәндерді оқытудағы түйінді мәселелер талқыланды. Жаңартылған білім мазмұны бойынша жекеленген мұғалімдердің курстардан өтпеуі, пән мазмұнын жобалаудағы күрделілік, бағдарлама құру барысында оқушылардың жас ерекшелігі ескерілмеуі, сабақтарды бекітуге сағат сандарының бөлінбеуі, 1-сыныптарға мәтін есептердің берілуі тәрізді бірқатар келелі сұрақтарға ой бөлісті.
Ұйымдастырылған шара жоғары дәрежеде өтіп, қатысушылар жылы лебіздерін білдірді.