Пайдалы семинар. » отдела образования по району Алтай
Коммунальное государственное учреждение
Средняя школа №9 города Алтай
"Алтай қаласының №9 орта мектебі"
Управления образования Восточно-Казахстанской области
Приемная
+7(72335) 7-91-17
Бухгалтерия
+7(72335) 7-91-17
Версия для
слабовидящих
22
сентябрь
2021

Пайдалы семинар.

Пайдалы семинар.


Пайдалы семинар.
22 қыркүйекте 11-сынып оқушыларына арналған «Заманауи білім» тақырыбында онлайн семинар болып өтті. Семинарға мектеп түлектері толық қатысып, қазіргі білім беру жүйесіндегі өзгерістермен танысып өтті. Семинарды ұйымдастырушылар Қазақстандағы білім берудегі озық жетістіктерге тоқталып өтті. Жоғарғы және арнай орта білім беру орындарындағы өзгерістер мен студенттердің білім алудағы мүмкіндіктерін қызықтыра айтып берді. Сондай-ақ, оқушыларды өткен оқу жылында бөлінген грант сандарымен және қандай оқу орындарында қазіргі заман талабына сай мамандықтар даярланатыны жөнінде мағлұматтар берді. Астана, Өскемен, Павлодар қаласындағы оқу орындарының ректорлары сөз сөйлеп, қалалардағы танымал оқу орындарының білім беру ерекшеліктерімен таныстырды. Мектеп түлектері өздерін толғандырған түрлі мәселелер жөнінде сұрақтар қойып, жауаптар қайтарылды. Онлайн семинар өте пайдалы да қызықты болды. Қазан айында жоспарланып отырған семинарға қатысуға оқушылар қызыға келісті.