Зертханадағы үздіктер... » Алтай қаласының № 9 орта мектебі
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы
Алтай ауданы бойынша білім бөлімінің
"Алтай қаласының №9 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72335) 7-91-17
Есепші бөлімі:
+7(72335) 7-91-17
Нашар көрушілер
нұсқасы
02
апрель
2019

Зертханадағы үздіктер...

Зертханадағы үздіктер...

Ұрпақтың рухани байлығы мен тілдік мәдениетінің дамуы ұстаздарға тікелей байланысты. Осы мақсатпен мектепте Қ.О.Бітібаева шығармашылық зертханасында Алтай ауданының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің кәсіби шеберлік сайысы ұйымдастырылды. Ауданның 11 мұғалімі сайысқа заманауи сабақ үлгісінің электронды форматын әділ қазылар алқасының талқысына ұсынды. Барлық сабақтар жаңартылған білім беру мазмұнында сәйкес жүргізіліп, заманауи талаптарға сай болды. Ең үздік сабақ ретінде №6 мектептің мұғалімі Қайсенова А.Т. атап өтілді. Сайыстың келесі кезеңінде ұстаздар өздерін таныстырып, мұғалімдік ұстанымдарын, ұстаздық мақсаттарын паш етті. Мұғалімдердің портфолио қорғауы шешуші кезең ретінде өткізіліп, қатысушылар зерттеу жұмыстарын, табыстары мен оқушылардың жетістіктерін көрермендерге ұсынды. Педагогикалық шеберлік пен жаңашылдық, біліктілік пен білгірлік осы кезеңде кеңінен қамтылды. Сайыс арасында мектеп оқушылары өздерінің концерттік номерлерін ұсынып, көпшілікті өздерінің өнерлерімен тәнті етті. Шеберлікке толық сайыс қорытындысында бас жүлде қаладағы мектеп-лицей мұғалімі Аленова Қ.Б. жеңіп алса, 1-орынды Средигорный орта мектебінің мұғалімі Мерекенова М.А. иеленді. Сондай-ақ, №6 мектептің мұғалімі Қайсенова А.Т., Серебрянск қаласындағы М.В.Инюшин атындағы №1 мектептің мұғалімі Қалқаманова Г.А., Алтай қаласындағы №8 мектептің мұғалімі Қабылбаева Г.С. жүлделі орындарды иеленді. Барлық қатысушылар түрлі номинациялар атағын иеленді.

 


Мекен жайымыз
Шығыс Қазақстан облысы, Алтай ауданы, Алтай қаласы, КОМАРОВ, 8 үй

©2016-2022, Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Алтай ауданы бойынша білім бөлімінің "Алтай қаласының №9 орта мектебі" КММ
Барлық құқық қорғалған "Интерактивті мектеп" жобасы. Техникалық қолдаушы "Internet service" +77075327722,tangatarov13@mail.ru