Қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі пәндері мұғалімдерінің кәсіби шеберліктері мен жетістіктері. 2015-2016 оқу жылы. » Алтай қаласының № 9 орта мектебі
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы
Алтай ауданы бойынша білім бөлімінің
"Алтай қаласының №9 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72335) 7-91-17
Есепші бөлімі:
+7(72335) 7-91-17
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі пәндері мұғалімдерінің кәсіби шеберліктері мен жетістіктері. 2015-2016 оқу жылы.
20
декабрь
2016

Қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі пәндері мұғалімдерінің кәсіби шеберліктері мен жетістіктері. 2015-2016 оқу жылы.

Қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі пәндері мұғалімдерінің кәсіби шеберліктері мен жетістіктері.

2015-2016 оқу жылы.

Мектеп басшылығы мұғалімдердің кәсіби шеберлігін дамыту мақсатында аудан, облыс, республика, халықаралық педагогикалық шараларға қатысымшылдыққа бағыттап отырды. Нәтижесінде сертификатталған мұғалім Илюбаева А.А. «Ұшқыр ізденіс пен шабыт-2015» педагогикалық жобалар байқауының облыстық кезеңінде 2-орын, Республикалық «Инновациялық білім-заман талабы» номинациясы бойынша 3-дәрежелі дипломмен марапатталды.

Мектеп мұғалімдері 2015-2016 оқу жылында Республикалық «ZIAT» ғылыми-әдістемелік орталығының түрлі сайыстарының жеңімпаздары атанды. Саньязова Б.Қ. «Ұлағатты ұстаз» сайысында 1-орын.

Мектеп мұғалімдерінің ғылыми-әдістемелік жұмыстармен айналысуы жүйелі жүргізіліп, Саньязова Б.Қ. аудандық «Білім берудегі тәжірибе мен инновация: уақыт талабы» педагогикалық оқуларында 1-орын алса, Набиуллина А.К. облыстық шет тілді оқытудағы инновациялық технологиялар семинарында баяндама жасады.

Саньязова Б.Қ. білім саласын дамытудағы жетістіктері үшін облыс әкімінің, Матаева А.Б. аудан әкімінің Алғыс хаттарымен марапатталды. «Қазақ тілі: әдістеме» журналының (№2 және №4,2016) журналына Саньязова Б.Қ. «Қазақ тілі мен әдебиет сабақтарында оқушылардың функционалдық сауаттылықтарын арттыру жолдары» мақаласы мен «Іс қағаздарын оқытуда когнитивті-коммуникативті технологияларды қолдану» сабақ үлгісі жарияланды. Талдықорған қаласында өткен өңіраралық педагогикалық жобалар байқауының материалдар жинағына Илюбаева А.А., «Педагогикалық технологиялар–оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға бағытталған әдіс-тәсілдердің тиімді жүйесі» жинағында жарияланды.

 

2016-2017 жылы.

Оқу жылы барысында мектеп мұғалімдерінің ғылыми-әдістемелік жұмыстармен айналысуы жүйелі жүргізіліп, нәтижесінде қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Саньязова Б.Қ. республикалық (өңіраралық) «Заманауи білім беруде Қ.О.Бітібаеваның инновациялық технологиясы мен педагогикалық тағлымы» атты педагогикалық оқуларында 2-орынды және реапубликалық «Үздік зертхана-2017» сайысында 1-орынды иеленді. Әкімшілік педагогтердің өзін іс жүзінде дамытуына, өзіндік өрлеу жоспарының жүйелі орындалуына жағдай туғызып, мектепішілік педагогикалық, әдістемелік байқаулар ұйымдастырып, Илюбаева А.А. аудандық «Үздік педагог-2017» сайысында 1-орынға ие болса, Ахметова Ш.Қ. Алғыс хат ҚР Орталық сайлау комитетінің Төрағасы: Б.Имашев.

Илюбаева А.А. Мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асырудағы белсенділігі үшін Алғыс хат (Зырян ауданы әкімінің орынбасары Винивитин С.С.) Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Илюбаева А.А. мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асырудағы белсенділігі үшін, орыс тілі пәні мұғалімі Ахметова Ш.Қ. Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай республикалық алғыс хаттармен марапатталды.

2017-2018 оқу жылы.

Ағылшын тілі пәні мұғалімі Әлмаханов А.Б. тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында қазақ, орыс, ағылшын тілдерін жетік меңгерген жастар арасында өткен облыстық «Тіл шебері» конкурсында 2-орынды иеленді.

Мұғалім Саньязова Б.Қ. облыстағы Қ.О.Бітібаева атындағы атаулы зертханалар арасында М.Әуезовтің туғанына 120 жыл толуына орай өткізілген «Ұлан даланың ұлы жаршысы» атты қашықтың сайыста «Ең үздік сабақ» номинациясынан 2-орын алды. Шангишбаева А.С. 3-орынды иеленді. Сондай-ақ, мұғалімдер., Саньязова Б.Қ., Саякова Г.А., Ахметова Ш.К. республикалық «Білім жолы – нұрлы жол» тақырыбымен қашықтан өткізілген «Online Google Groups" жобасына қатысқаны үшін Алғыс хатпен, «45 минут» Білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға ақпараттық қолдау көрсеткені үшін Алғыс хатпен марапатталды. Мұғалімдердің еңбектеріі «bilim-gylym» порталында, «bilimnur» сайтында, «metodlist» және «orley» порталдарында жарияланды.

Пән мұғалімдері Саньязова Б.Қ., Ахметова Ш.К.,. ustaz tilegi порталында сабақ үлгілерін жариялап Алғыс хатпен және Құрмет грамотасымен марапатталды.

Оқу ісінің меңгерушісі Саньязова Б.Қ. жаңартылған білім мазмұны аясында мектеп басшыларына арналған курста белсенділік танытқаны үшін республикалық «Өрлеу» біліктілікті арттыру институттың алғыс хатымен марапатталды. «Мәңгілік Ел-болашаққа ұмтылған ел» сайысына оқушыларды дайындағаны үшін, 9-11-сынып оқушыларынан олимпиада жүлдегерлерін дайындағаны үшін, Илюбаева А.А., Шангишбаева А.С. Зырян ауданы әкіміінң алғыс хатымен марапатталды. «IQ» Интеллекті дамыту орталығының ұйымдастыруымен өткен республикалық байқауына оқушы қатыстырып, бала шығармашылығын дамытқаны үшін Шангишбаева А.С., Илюбаева А.А. мадақтама грамотасымен марапатталды.

 

 


Похожие публикации:

30 январь 2018 Мектеп ұжымы
29 январь 2018 Мектеп ұжымы
18 октябрь 2017 МЕКТЕП ҰЖЫМЫ
Мекен жайымыз
Шығыс Қазақстан облысы, Алтай ауданы, Алтай қаласы, КОМАРОВ, 8 үй

©2016-2022, Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Алтай ауданы бойынша білім бөлімінің "Алтай қаласының №9 орта мектебі" КММ
Барлық құқық қорғалған "Интерактивті мектеп" жобасы. Техникалық қолдаушы "Internet service" +77075327722,tangatarov13@mail.ru