Қызықты да мазмұнды апталық. » Алтай қаласының № 9 орта мектебі
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы
Алтай ауданы бойынша білім бөлімінің
"Алтай қаласының №9 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72335) 7-91-17
Есепші бөлімі:
+7(72335) 7-91-17
Нашар көрушілер
нұсқасы
02
март
2022

Қызықты да мазмұнды апталық.

Қызықты да мазмұнды апталық.
Қызықты да мазмұнды апталық.

Қызықты да мазмұнды апталық.
Ақпан айының соңғы аптасы мектеп оқушыларының есінде ұзақ сақталары сөзсіз. Аталмыш аптада 5-11-сыныптар арасында пән мұғалімдері Турсиянова Н.А., Абенова А.Ә., Бутобаева Ж.Б. ұйымдастыруымен «Математика – ғылымдар патшалығы» тақырыбында іс-шаралар өткізді. Апталықтың мазмұны өткізілуіне жоғары сынып оқушылары да ат салысып, мұғалімдермен қатар дайындық шараларына белсене араласты. Дүйсенбі күні апталықтың салтанатты ашылуы болып, оқушылар жоспармен таныстырылды. Сейсенбі күні мектеп оқушылары 5А, 5Б, 5В сыныптардың «Графиктер биі» өнерлерін тамашалады. Осы күні 9А, 9Б, 10,11-сыныптар «Кайдзен» әдісі бойынша тапсырмалар әзірлеп, мектеп реакрациясына бұрыш ұйымдастырды. Сондай-ақ, осы күні 5-сыныптар арасында «Бөлшектер әлемі» тақырыбында сайыс сабақ өткізілді. Мұғалім Турсиянова Н.А. сыныптан тыс шара кезеңдерінде «Сұрақ-жауап, сандар әлемінде, сәйкестендір, тест шешу, кім жылдам?» сәттерін қызықты етіп өткізе білді. Оқушылардың белсенділігі жоғары болды. Сәрсенбі күні 7А, 7Б, 8А, 8Б сыныптар арасында «Математика тарихы» таныстырылымы және 6А, 6Б сыныптарда Бутобаева Ж.Б. сыныптан тыс сабақ түрін өткізді. Бейсенбіде 8 және 9-сыныптар арасында «Математика сырлары» тақырыбында викториналық сұрақтар ұйымдастырылды. Сондай-ақ 7-9 сыныптар арасында «КВЕСТ» ойыны өткізілді. Осы күні мұғалім Абенова А.Ә. 8А және 8Б сыныптарымен «Білім тарланы» тақырыбында интеллектуалды ойын өткізді. Психологиялық ахуалмен басталған шара барысында оқушылар топпен таныстырып, «Білімділер сайысына» түсіп, «Сиқырлы квадрат» шешіп, «Кім мықты?» сәтінде математикалық жұмбақтар шешті. Ойын мақал-мәтел жарысымен, капитандар сайысымен жалғасып, топта оқушылар формула жазу, «Сен білесің бе?», «Геометрия өзі бір әлем» сәттеріне қызығушылықпен қатысты. Логикалық есептер шешумен аяқталған шараның қорытындысы шығарылып, жеңімпаз топ анықталды. Жұма күні 7-11-сыныптар арасында «Математика – ақыл-ойдың әуені» тақырыбында математикалық кеш жоғары дәрежеде өткізілді. Математикалық турнирде «Дискриминант» дарындар тобы, «Пифагор» білгірлер тобы, «Парасат» ақылдылар тобы, «Ақ сұңқар» ойлылар топтары сайысқа түсті. Кеш барысында топтар өздерін таныстырып, «Викториналық сұрақтар» шешіп, «Математика тарихынан» көрініс көрсетіп, қолдан жасалған «Математикалық модель» сайыстарына қатысты. Сондай-ақ, «Кім тапқыр?» «Мені түсін», «Өнер» сайыстары, «Санаймыз», «Шебер қолдар» ойындары зор белсенділікпен өткізілді. Математика апталығы қызықты да көңілді, мазмұнды болды.
Мекен жайымыз
Шығыс Қазақстан облысы, Алтай ауданы, Алтай қаласы, КОМАРОВ, 8 үй

©2016-2022, Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Алтай ауданы бойынша білім бөлімінің "Алтай қаласының №9 орта мектебі" КММ
Барлық құқық қорғалған "Интерактивті мектеп" жобасы. Техникалық қолдаушы "Internet service" +77075327722,tangatarov13@mail.ru