Шеберлік сыныбы – кәсіби шыңдалу жолы. » Алтай қаласының № 9 орта мектебі
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы
Алтай ауданы бойынша білім бөлімінің
"Алтай қаласының №9 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72335) 7-91-17
Есепші бөлімі:
+7(72335) 7-91-17
Нашар көрушілер
нұсқасы
06
декабрь
2021

Шеберлік сыныбы – кәсіби шыңдалу жолы.

Шеберлік сыныбы – кәсіби шыңдалу жолы.
Шеберлік сыныбы – кәсіби шыңдалу жолы.[/center]
Шеберлік сыныбы – кәсіби шыңдалу жолы.
4 желтоқсан күні «Оқу мен оқытуда тиімді әдіс-тәсілдерді жетілдіре отырып, оқушылардың білімді өздігінен сапалы игеруін қамтамасыз ету жолдары» тақырыбында өткізілетін педагогикалық кеңестің даярлық барысында мектепте «Шеберлік сыныбы» сәттері өткізілді. «Шеберлік сыныбы» екі топта ұйымдастырылып, бастауыш сыныптардың мұғалімдеріне арналған бірінші топ жұмысын педагог-зерттеуші Қалиева М.Б. дайындап өткізсе, орта және жоғары сынып мұғалімдеріне арналған жұмысты педагог-зерттеуші Абенова А.Ә. жүргізді. Мереке Болатхановна ұжымға арналған сабағын Әл-Фарабидің дәйексөзімен бастап, ұстаздарға қойылатын талаптарға тоқталып өтті. Шара «Орныңды тап» сәті арқылы топқа бөлу жұмысымен басталды. Мұғалім «Скаффолдинг» тәсілі туралы теориялық ұғым бере отырып, топтарға практикалық тапсырмалар арқылы жүзеге асыру жолдарын көрсетті. Сондай-ақ, топтар арасында «Жылжымалы мәтін», «Қабырғалы диктант», «Кестеге түсір», «2 дәлел, 2 кеңес», «6W стратегиясы», «Эмоция кестесі» тәрізді жұмыстарды практикалық түрде орындата отырып, олардың оқушының өзіндік оқу ортасын құрудағы маңыздылығын ашып көрсетті. Ардақ Әуелбековна өзінің «Шеберлік сыныбын» түсті қарындаштар арқылы топқа бөлуден бастап, қатысушылардың зейінін шоғырландыруда «Жылдам фото» сәтін жүргізді. Шара барысында «ПИТЧИНГ» өткізу жолдарын қарастырып, топтар арасында «Элеватор Pitch», «Идея Pitch», «Funding Pitch» бағыттары бойынша тақырыпқа идея ұсынып, кластер құрып, білім бизнес моделін құрды. Екінші жұмыс ретінде топтар арасында «Маркетинг әдісі», «Прогресс баспалдағы», «Фокстау» тәрізді инновациялық тәсілдер көрсетілді. Шара барысында оқушылармен жүргізілетін Брейнсторинг, «Бренд» құру және сергітуге арналған қызықты жаттығулар сәті көрсетілді. Шараның рефлексиясы шығарылып, мұғалім «Идеялар көрмесі» мен мұғалімдердің жеке жинақтар столын ұйымдастырды. «Шеберлік сыныбы» мектеп ұжымының кәсіби шеберліктерін шыңдауда маңызы зор болды.
Мекен жайымыз
Шығыс Қазақстан облысы, Алтай ауданы, Алтай қаласы, КОМАРОВ, 8 үй

©2016-2022, Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Алтай ауданы бойынша білім бөлімінің "Алтай қаласының №9 орта мектебі" КММ
Барлық құқық қорғалған "Интерактивті мектеп" жобасы. Техникалық қолдаушы "Internet service" +77075327722,tangatarov13@mail.ru