Жаңартылған білім мазмұны аясында мектепте үштілділікті енгізу » Алтай қаласының № 9 орта мектебі
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы
Алтай ауданы бойынша білім бөлімінің
"Алтай қаласының №9 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72335) 7-91-17
Есепші бөлімі:
+7(72335) 7-91-17
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Жаңартылған білім мазмұны аясында мектепте үштілділікті енгізу
23
май
2018

Жаңартылған білім мазмұны аясында мектепте үштілділікті енгізу

Жаңартылған білім мазмұны аясында  мектепте үштілділікті енгізу

 

Жаңартылған білім мазмұны аясында  мектепте үштілділікті енгізу

 

Жаңартылған білім мазмұны аясында  мектепте үштілділікті енгізу

 

Жаңартылған білім мазмұны аясында

мектепте үштілділікті енгізу

Н. Ә. Назарбаев «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты Халқына Жолдауында былай деген болатын «Тілдердің үштұғырлығы мәдени жобасын кезеңдеп жүзеге асыруды қолға алуды ұсынамын. Қазақстан бүкіл әлемге халқы үш тілді пайдаланатын мәдениетті ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар: қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі – ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі – жаһандық экономикаға ойдағыдай кіру тілі» - дейді.

Еліміздің болашағы - келешек буындарымызды көштен қалдырмай халқына қалаулы азаматтар мен азаматшалар болып шығуы үшін «Зырян қаласының №9 орта мектебі» мемлекеттік мекемесінде 2018-жылдың 16 мамыр күні Зырян ауданы бойынша «Жаңартылған білім мазмұны аясында мектепте үштілділікті енгізу» тақырыбымен тәжірибе алмасу мақсатында аудандық семинар өтті. Мектеп директоры Жанабилова Айжан Кеңесқызымен бірлесе отырып, ұстаздарқауымы теңізге құйған тамшыдай терлерін төгіп, өз үлестерін қосты.

Осы атаулы шарада оқу-тәрбие үрдісін үш тілде оқыту арқылы Қазақстанның әлемдік білім кеңістігіне кіруіне барынша жауап бере алатын көптілді, көпмәдениетті тұлға қалыптастыру басты назарда ұсталынды. Үштілділікті дамытуға байланысты мектептер арасындағы тәжірибе алмасу басты мақсат болды. Үштілділік шеңберінде оқу үрдісі мен тәрбие жұмысының сабақтастығын қамтамасыз ету көзделді. Білім мазмұнын жаңарту арқылы келешекте кез келген ортаға бейімделе алатын, көп тілді меңгерген тұлғаны тәрбиелеу – қазіргі таңдағы мектептерге қойылып отырылған басты міндеттердің бірі.

Халқымыз ежелден тіл мəселесіне көп мəн беріп «өнер алды - қызыл тіл» деп сөз өнерін бар өнердің алдына қойып, жоғары бағалағалаған. Ал дәл қазіргідей дамыған заманда «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» - деп көп тілді меңгерген ел болуға шақырады. Сол үрдісті одан әрі дамытып, рухани жаңғыруды көздеген мемлекетіміз халықаралық бәсекеге қабілетті елу елдің қатарында еңсесін тік ұстап күн сайын дамып келе жатқаны нұр үстіне нұр құйғандай болды. Қазақ даналығында мынадай бір жақсы сөз бар «Баласы бәйгеде шапса, анасы үйде отырып тақымын қысады» дегендейін мемелекетіміздің гүлденіп, көркейуін әрбір Қазақстан азаматы қалайтыны анық.

Осы атаулы шарада мектептің «Ата мұра» домбыра оркестрі келген қонақтарға күйден шашу шашып қарсы алды. Мектеп директоры А.К.Жанабилова семинардың мақсаты мен міндеттерін таныстырғаннан кейін, «Тіл - білудің маңызы» үндеу тобы келген қонақтарға өз үндеулерін жариялады. «Информатика және физика пәнінен кіріктірілген» ашық сабақ 7Б сыныбында өтті. Сабақта информатика пәні мұғалімі А.Б Құрманғалиева және мектептің бірден-бір физика маманы болып есептелетін білікті ұстаз Дамуқан Мұқаштың ашық сабағы жоғары деңгейде өтті. Онда көрмеге роботтар қойылып оның ерекшеліктерімен заман талабына сай қажетті құрылғыны ұстаздың шәкірттері үш тілде таныстырды. Роботтар арқылы бағдарламалар жасалынып, олардың бірнеше түрі көрсетілді.

«Жаңартылған білім мазмұны бойынша бастауыш сыныптардағы қазақ, орыс, ағылшын пәндерінен кіріктірілген» ашық сабақ жүргізілді. Пән мұғалімдері Жұмағұлова А.М, Альмаханов А.Б заманауи талапқа сай үштілділікке байланысты үрдісті қолдана отырып сабақтың мақсатына жетті.

«Зырян қаласының № 9 орта мектебінде» Қ.О.Бітібаеваға арналған ғылыми-әдістемелік зертхана жұмыс істейді. Қ.О.Бітібаеваның жанкешті еңбегі – қазақ тілі мен әдебиетті оқыту әдістемесі ғылымына қосқан үлесін көрсете отырып, семинар қонақтарына тың ақпараттар берілді. Ұлағатты ұстаз жолын таныту, оның еңбегін жалғастыру мақсатында Қ.О. Бітібаеваның «Ой тастау, ойланту, ойлау» технологиясын тәжірибеде қолдану арқылы оқушылардың қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен білім сапасын арттырудағы әдіс-тәсіл түрлері келген қонақтарға таныстырылды. Сондай – ақ, мамыр айында мектепте тұңғыш рет қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінен Қ.О.Бітібаева атындағы олимпиада өткізілді. Мұндағы мақсатымыз үш тұғырлы тілдің бірі - өз ана тілімізді дамыту, Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасында көрсетілгендей «Ұлы есімдерді» дәріптеу, кәсіптік бағдарға бағыттау. Осы олимпиадаға 10 оқушы қатысып бағын сынады. Олимпиадада бірінші орын алған оқушы Қалымжанова Меруертке бір жылға Қ.О.Бітібаева атындағы шәкіртақы тағайындалды. Екінші, үшінші орын алған екі оқушыға ұялы телефондар сыйға тартылды, қалған оқушылар да қатысқаны үшін алғыс хаттармен марапатталды. Бұл олимпиадаға демеушілік көмек көрсетіп отырған мектеп директоры. Бұл шәкіртақының тағайындалуының мақсаты – дарынды оқушыларды білім және ғылымға ынталандыру, зерттеу жұмыстарымен айналысу, жобалар қорғау, олимпиадаларға қатысу үшін қолдау көрсету.

«Сөз маржан», «Исток», «Magic English» тіл үйірмелерінің «Бәсекеге қабілетті тұлға» тақырыбындағы дөңгелек үстелге ұласқан шара өз ретін тауып мектеп қонақтары мен оқушылардың көңілінен шықты.

Сондай – ақ,қазақ мәдениеті мен ұлттық дәстүрді жаңғыртуда қазақ тілі мен әдебиетін жете меңгерген А.А. Илюбаева және А.С. Шангишбаева қатарлы мұғалімдері «Абай ауылына» саяхат ұйымдастырып, көрермендерді оқушылардың сахналық мәдениетімен таңдандырды. А.С. Шангишбаева ұйымдастыруымен өткізілген «Ата мұра» көрмесі мектебіміздің ұлттық құндылықты дәріптейтінін көрсетсе, оқушылардың «Абай ауылына» атты қойылымы үш тұғырлы тілде өткізіліп, Абайдың ұлы тұлғасын сомдаған 11-сынып оқушысы Маулетханов Мирас өзінің актерлық шеберлігін көрсетті. Ол сол замандағы Абайды жандандыра отырып, қазіргі таңдағы үш тұғырлықпен байланыстыра сөйлетіп, «Орыстың тілі – дүниенің кілті, ағылшын тілі – қазақ жерінің жаңа әлемге ашар есігі» екенін жастарға түсіндіріп, насихаттады. Абайдың «Көзімнің қарасы» атты өлеңін үш тілде мүлтіксіз орындаған 11-сынып оқушысы Қадесова Мадина өзінің ұстаздар берген білімін көрсетіп жатқаны айтпасада белгілі. Оқушы әнді орындауда шеберлік танытып аудиторияны баурап алды, келген қонақтар да Ұлы Абайдың «Көзімнің қарасы» әнін қосыла орындады. Қойылым одан әрі қарай жалғасын тауып, білікті ұстаз Шангишбаева Альмираның ұйымдастыруымен «Еңлік – Кебек» қойылымын қазақ тілінде өткізсе, ағылшын тілі пәні мұғалімі А.А Шоматованың жетекшілігімен «Күлше қыз» ертегісін оқушылар ағылшынша сомдады.

Қорыта айтатын болсақ, бұл семинарда көптілді білім беру бағдарламасы аясында үштілді меңгеру тəжірибесін жинақтап, əлемдік деңгейге көтерілуіміз керек екені айшықталды. Елдің ертеңі өресі биік, дүниетанымы кең, кемел ойлы азаматтарын өсіру үшін бүгінгі ұрпаққа ұлттық рухани қазынаны əлемдік озық ой-пікірімен ұштастырған сапалы білім мен тəрбие берілуі қажеттілігі айқындалды. Сол себептен бүгінгі ұйымдастырып отырған семинарымыздың мақсаты да, міндеті де «Тілі бірдің — тілегі бір», «Тіл тағдыры — ел тағдыры» екендігін жадымызда ұстау. Ел бірлігінің негізі — тіл бірлігіне қол жеткізу жолында «Зырян қаласының №9 орта мектебі» ұжымы жас ұрпақтың қазақ тіліне деген сүйіспеншілігін және өзге тілдерді білуге қызығушылығын арттыру арқылы олардың Отанға деген махаббаттарын оятып, өз тағдырын ел тағдырымен байланыстыратын ұрпақ тәрбиелеуде аянбай қызмет етуде.

 

16 мая 2018 года в школе №9 города Зыряновска прошел районный семинар на тему «Внедрение трехъязычия в сфере обновленного содержания образования». Были приглашены гости из школ города и района.

Гостей семинара встретил приятной игрой на домбре школьный оркестр «Ата мұра». Во время семинара участники присутствовали на бинарном уроке учителя информатики Курмамбаевой А.Б. и учителя физики Дамухан М. в 7 «Б» классе. Урок прошел оживленно и организованно, так как выбранная тема была интересной и увлекательной. Учащиеся продемонстрировали работу роботов на трех языках. Посредством роботов были составлены программы и показаны виды этих программ. Также успешно прошел совмещенный урок учителя начальных классов Жумагуловой А.М. и учителя английского языка Альмаханова А.Б. Участники семинара окунулись в историю и быт казахского народа в показанном историческом отрывке из поэмы «Енлик -Кебек». Дети показали не только свои знания по предметам и актерские способности, но и хорошие знания английского языка.

В проведенном, языковыми кружками «Сөз маржан», «Исток», «Magic English», круглом столе на тему «Конкурентно способная личность- требование времени» старшеклассники активно обсуждали данную тему и свободно высказывали свои мнения на трех языках.

Не многие знают, что в школе №9 есть замечательная методическая лаборатория имени К.Битибаевой. Человека, которыйвнес непомерный вклад в развитие казахского языка. Впервые в текущем году, с целью продолжения педагогического пути данного исследователя, с целью выявления одаренных детей и с целью мотивации учащихся была проведена олимпиада имени К.Битибаевой по казахскому языку и литературе. Победителю олимпиады Калымхановой М. была присуждена специальная стипендия имени К.Битибаевой на один год. Призерам 2х и 3х мест были вручены в подарок сотовые телефоны. Остальные участники олимпиады были награждены грамотами за участие. Спонсором олимпиады являлась директор школы Жанабилова А.К.

Семинар прошел на высоком педагогическом уровне. Участники семинара выступили со словами благодарности и одобрения за возможность приобрести новый опыт работы. Участники семинара уверены, что обновление содержания образования это эффективная инвестиция в знания, которая в будущем даст хорошие результаты.

 

 

 

 


Мекен жайымыз
Шығыс Қазақстан облысы, Алтай ауданы, Алтай қаласы, КОМАРОВ, 8 үй

©2016-2022, Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Алтай ауданы бойынша білім бөлімінің "Алтай қаласының №9 орта мектебі" КММ
Барлық құқық қорғалған "Интерактивті мектеп" жобасы. Техникалық қолдаушы "Internet service" +77075327722,tangatarov13@mail.ru