Мектептің миссиясы, мақсаттары мен міндеттері.
III Мектептің миссиясы, мақсаттары мен міндеттері.
2022-2023 оқу жылындағы мектептің өзекті тақырыбы:
Сыни ойлауды дамыту және сындарлы оқыту теориясы негізінде оқу-тәрбие үдерісіне өзгерістер енгізу арқылы білім сапасын арттыруға жағдай жасау.
Мектептің 2023-2024 оқу жылындағы миссиясы:
Оқушылардың бейімділігі мен қабілетіне қарай оқыту мен тәрбиелеу үрдісінде сапалы білім беру, өз бойына жалпыадамзаттық құндылықтарды, ұлтжанды, сыни тұрғыдан ойлау дағдыларын қалыптастырған жеке тұлғаның білім алып, тәрбиеленуіне жағдай жасау.
Мектептің 2023-2024 оқу жылына арналған мақсаттары:
- Оқушының ғылыми дүниетанымын сыни ойлауды дамыта отырып жетілдіру арқылы практикалық дағдысы мен құзіреттілігі жоғары жеке тұлғаны даярлау;
- Жаңартылған білім беру мазмұны аясында қоғамдағы өзгерістерге тез бейімделетін, адамгершілігі жоғары, жауапты, бастамашыл және құзыретті, дүниетанымы кең азаматты тәрбиелеу.
- Мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін дамытуға қолдау көрсету арқылы «Мектеп мәдениетін» қалыптастыру арқылы «Мінсіз мектеп ұстазы» болудың алғы шарттарын іске асыру.
Мектептің 2023-2024 оқу жылына арналған міндеттері:
- Білім сапасын көтеру мақсатында сабақтарда сыни ойлауды дамыта отырып, білім берудің түрлі тиімді әдіс-тәсілдерін нәтижелі қолдану;
- Білім берудің қосымша платформалары мен заманауи оқыту, соның ішінде гибритті және аралас оқыту форматты оқытуды іс-тәжірибеге кеңінен енгізу арқылы оқушылардың білімге құштарлығын жетілдіру жолдарын қарастыру;
- Оқушылардың білім сапасын арттыруда жазба сабақтарында оқушылардың орфографиялық сауаттылықтарын, үш тілділікті дамыту, инклюзивті білім беруді жүйелендіру, барлық пәндерден функционалдық сауаттылықты және жаһандық құзіреттілікті арттыру жұмыстарын жүйелеу;
- Жаратылыстану пәндерінен оқушылардың білім сапасын арттыру мен білім олқылықтарын толықтыру жұмыстары кеңінен қарастыру;
- Оқушылардың білім сапасына жүргізілген жүйелі мониторинг нәтижелерін талдау және оларды әдістемелік бірлестікте талқылау.
- Дарынды балаларға білім берудің вариативтілігін және көп деңгейлігін қамтамасыз ететін жағдайлар жасау;
- Педагогикалық ұжым мүшелерінің кәсіби біліктілігі мен шеберліктерін дамыта отырып, санаттарын көтеру жұмыстарын жүйелі түрде жалғастыру;
- Жетекші мектеп ретінде серіктес мектептермен жұмыста жаңартылған білім мазмұнын меңгертуге дайындауда, оқыту мен оқуда заманауи тәсілдерді қолдануда, кедергілерді анықтау және оларды түзетуде, іс –шаралар ұйымдастыруда мұғалімдер дайындығы үдерісінің тиімділігін мониторингілеуді ұйымдастыру.
- Тұлғаның шығармашылық, рухани және дене шынықтыру мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік және салауатты өмір сүру негіздерін қалыптастыру, дара тұлғаны дамыту үшін жағдайларды жасау арқылы зияткерлікті байыту;
IV Мектепті дамытудың басым бағыттары:
I бағыт.
1.Мектептегі сапалы білім беру іске асыру бойынша жағдай жасау.
Іске асыру және күтілетін нәтиже: | ||
№ | Бағыттары. | Мерзімі. |
1 | Жаңартылған білім беру мазмұнының жұмыс оқу жоспарларын іске асыру мүмкіндіктерін қолдану | тұрақты |
2 | Педагогтарға арналған кәсіби біліктілікті жетілдіру түрлерін жүйелі қолдану, оқыту семинарларын, оның ішінде аралас және гибритті форматта оқыту тәсілдерін енгізу; | 2022-2023 |
3 | Жаңартылған білім беру мазмұнын іске асыру бойынша педагогтар қызметінің нәтижелілігіне мониторингті жүзеге асыру | жыл сайын. |
4 | Мектепішілік бақылау арқылы «Білім сапасын басқару» бағдарламасын әзірлеу және іске асыру | 2020-2025 жж. |
5 | Шығармашылық сипаттағы жұмыстармен, оқыту мен тәрбиелеудің озық тәсілдерін енгізуші мұғалімдерді психологиялық-педагогикалық және әдістемелік қолдау жасау, авторлық бағдарламалар мен әдістемелік нұсқаулықтар шығаруды жалғастыру. | 2020-2025 оқу жылдары) |
6 | Жаңартылған білім беру мазмұнының базалық оқулықтары мен МЖМБС сәйкестігіне педагогтардың бағалау және сараптау бағдарламаларын құруды жүйелеу; | Жыл көлемінде |
7 | Сабақты зерттеудің түрлерін, оның ішінде Lesson Studu зерттеу сабақтарын жүргізуді жалғастыру; | Жыл көлемінде |
8 | «Жетекші мектеп» ретінде ауданның басқа мектептерімен іс-тәжірибе алмасуды жалғастыру. | Жыл көлемінде |
9 | «Цифрлық сауаттылық» сабағын бастауыш сыныптарға енгізуді жалғастыру. | 2021-2025 |
10 | 10 және 11 сыныптарда «кәсіпкерлік және бизнес негіздері» оқу пәнін енгізу тиімділігін бағалау | 2021-2022-2023 |
11 | 1-9, 10-сыныптар оқушылардың анықтамасы инвариантты компоненттен таңдау бойынша оқу пәндерінің комбинациясы. | Жыл сайын |
12 | Жаратылыстану бағытындағы білім беру, робототехника таңдау курсының маңыздылығын ескеріп, білім беруді жетілдіру; | 2021-2025 |
13 | 4К моделіне бағдарланған білім беру процесін жетілдіру (сыни ойлау, креативтілік, коммуникация, үйлестіру | 2022-2023 |
14 | Оқушылардың білім сапасын бағалаудың формативті және жиынтық бақылауын жүзеге асыру | Жыл сайын |
15 | Оқушылардың қорытынды мемлекеттік аттестациясын, ҰБТ талдау. Мемлекеттік гранттарды иеленген білім алушылардың білім сапасын талдау | Жыл сайын |
16 | Білім беру сапасын бақылау жүйесін әзірлеу және іске асыру, оның нәтижелерінің көпшілік қол жетімділігін қамтамасыз ету | 2020-2025 жж |
2-міндет. Үш тілді дамыту, тіл және жалпы мәдениетті өзара байланысты дамыту.
Іске асыру және күтілетін нәтиже: | ||
№ | Бағыттары. | Мерзімі. |
1 | Сөйлеу қызметінің төрт түрі бойынша оқушылардың тілдік құзыреттілігін қалыптастыру мониторингі | Жыл сайын |
2 | Қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілінде өткізілетін олимпиадалар мен интеллектуалды конкурстарға қатысуды қамтамасыз ету | Жыл сайын |
3 | ЖМБ пәндерін ағылшын тілінде оқытуға ішінара енуді ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсынымдар, (Нұр-Сұлтан, 2020) құжатымен басшылыққа алу; (Физика, информатика) | Жыл сайын |
4 | «Мерейлі тіл» бағдарламасының мақсат, міндеттерін түсіндіру мақсатында сыныптарда сынып сағаттары мен тәрбие сағаттарын өткізу | Қыркүйек айы |
5 | Оқушылардың жобалық қызметін үш тілде ұйымдастыруды іс-тәжірибеге енгізу; | Сәуір айы |
6 | Латын әліпбиі жайлы мәлімет беру мақсатында қосымша сабақтар ұйымдастыру. | Жыл көлемінде |
7 | «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» қазақ ақындарының шығармашылығы бойынша мектепішілік байқаулар өткізу | апталықтарда |
8 | «Тілдер сөйлейді», «Полиглот» үш тілде жүргізілетін интеллектуалдық ойындарын өткізу | Жыл сайын |
9 | «Қазақстан – ұлы дала елі» қазақтың ұлы тұлғалары, еліміздегі түрлі ұлт өкілдерінен шыққан танымал азаматтары жайлы мәлімет беру мақсатында қосымша сабақтар ұйымдастыру | Жыл көлемінде. |
10 | Сабақтарға ақпараттық технологияны: электрондық оқулықтар, презентациялар, тест т.б түрлерін қолдануды жүйелеу | Жыл сайын |
11 | ЖОО ұйымдастырған түрлі тілдік сайыстарға қатысу. | Кезінде |
12 | Арт студио мектеп радиосы мен баспасөзінің жұмысын үш тілде ұйымдастыру | Жыл көлемінде |
13 | Халықаралық тілдік қашықтық олимпиадаларына қатысу («Русский медвежонок», «Кенгуру-лингвист», «Бритиш бульдог», «Ақбота» және т. б.; | Жыл сайын |
14 | Вариативті компоненттен тілді дамытуға бағытталған сабақтар бөлу | Жыл сайын |
15 | Қазақ, орыс және шет тілдерінде оқу кабинеттерін, көрмелерді, іс-шараларды рәсімдеу. | Жыл сайын |
3-міндет. Инклюзивті білім беруді дамытудың инновациялық тетіктері мен жағдайларын жасау.
Іске асыру және күтілетін нәтиже: | ||
№ | Бағыттары. | Мерзімі. |
1 | ҚР инклюзивті білім беру бойынша нормативтік-құқықтық құжаттар банкін құру және жыл сайын жалғастыру; | 2021 ж. |
2 | 0-ден 18 жасқа дейінгі мүгедек балалардың мектептік компьютерлік банкін қалыптастыру НОБД енгізуді жүргізу | Жыл сайын |
3 | Мектепте инклюзивті білім беруді дамыту бойынша бастамашыл топ құру | 2020 ж |
4 | Инклюзивті білім беру бойынша мектеп консилиумын құру | 2020 ж |
5 | Инклюзивті білім беруді дамыту бойынша қалалық, облыстық, республикалық Кеңестерге, семинар-кеңестерге, практикалық семинарларға, консультацияларға қатысу, курстардан өту | тұрақты |
6 | Мүгедек балалар үшін қолжетімді тіршілік ортасын қалыптастыру | тұрақты |
7 | Мүгедек балалардың қажеттіліктері мен сұраныстарын ескере отырып, жеке білім беру бағытын анықтау | әрбір оқу жылының басында |
8 | Оқушылармен түзету жұмыстарын жүргізу және тағайындау | тұрақты |
9 | Қашықтықтан білім беруді дамыту | 2021 жылдан бастап |
10 | ЖВЗ бар балаларын психологиялық-педагогикалық және оқу-әдістемелік сүйемелдеу | үнемі |
Балалар мен ата-аналарға жеке кеңес беру | қажет болған жағдайда |
II бағыт
Білім саласындағы аймақтық және мектепішілік бағытталған тәсілдерді іске асыру.
1-міндет. Білім беру мазмұнындағы аймақтық проблематиканың көрінісі. «Жетекші мектеп» ретінде әлеуметтік әріптестікті дамыту.
Іске асыру және күтілетін нәтиже: | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
№ | Бағыттары. | Мерзімі. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
1 | Оқу жоспарының вариативті бөлігін анықтаудағы өңірлік тақырыпты қамтамасыз ету | жыл сайын | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
2 | Әлеуметтік әріптестердің ұсынымдарына сәйкес өңірдің қажеттіліктеріне бағдарланған факультативтік курстарды енгізу | 3-тен кем емес | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
3 | 10-11-сынып оқушыларымен кәсіптік диагностика және кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізу | 2021 жылдан бастап | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
4 | 7-10 сыныптарға "Junior Skills" мектеп оқушыларын кәсіби даярлау негіздері мен ерте кәсіптік бағдар беру жобаларын енгізу | 2023 жылдан бастап | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
5 | Жоғары мектепте (10-11 сыныптар) 2 бағыт бойынша таңдау бойынша оқу профилін қамтамасыз ету: - жаратылыстану-математикалық; - қоғамдық-гуманитарлық | 2021 жылдан бастап | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
6 | Білім алушылардың, олардың ата-аналарының анықталған бейімділігі мен сұраныстарын, өңірдің қажеттілігін және мектеп пен әлеуметтік серіктестердің мүмкіндіктерін ескере отырып, таңдау бойынша қосымша курстардың мазмұны мен ОӘК әзірлеу | 2020 жылдан бастап | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
7 | Жалпы және кәсіптік білім беру арасындағы сабақтастықты қамтамасыз ете отырып, колледж, жоғары оқу орындарының оқытушылары, жұмыс берушілер тұлғасындағы әлеуметтік әріптестерді таңдау бойынша курстарды әзірлеуге және жүргізуге тарту, мектеп түлектерінің неғұрлым тиімді өзін-өзі анықтауы | тұрақты | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
8 | Бейіналды және бейінді оқытуды енгізудің әрбір кезеңінде нәтижелер мониторингін ұйымдастыру және жүргізу | жыл сайын | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
9 | Бейіндік сыныптарға қабылдау, бейінді сыныптардың (топтардың) жұмысы туралы ақпараттық ашықтықты қамтамасыз ету | жыл сайын | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
10 | Бейінді және бейінді оқытуды іске асыру жағдайында балаларға қосымша білім беру, мәдениет және спорт ұйымдарымен, базалық кәсіпорындармен және ұйымдармен өзара іс-қимыл моделін әзірлеу және бекіту | 2020ж. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
11 | ЖОО-мен, ТжКБ ұйымдарымен өзара іс-қимыл туралы ұзақ мерзімді шарттарға қол қою, аудандық және облыстық колледждар мен ЖОО кездесулер өткізуді жалғастыру. | Жыл көлемінде | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
12 | Оқушылардың ғылыми жобаларына кеңес беруге және басшылық жасауға әлеуметтік әріптестерді тарту | үнемі | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
13 | Онлайн режиміндегі таныстырылымдар мен семинарларға оқушылардың қатысуын қамтамасыз ету. | Жыл көлемінде. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
2-міндет. Қазақстанның білім алып жатқан мектептерінің, болашақ элитасының зияткерлік әлеуетін айқындау және өсіру. Дарынды және талантты балаларды қолдау жүйесін дамыту.
3-міндет. Адами капиталды дамыту және педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру.
| |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
III бағыт
Білім беруде ұлттық бағдарлы тәсілді іске асыру:
1-міндет рухани-адамгершілік құндылықтарды, патриотизмді нығайту және оқушылардың азаматтық белсенділігін арттыру
№ | Бағыттары. | Мерзімі. |
1 | "Мәңгілік ел" ұлттық идеясы, "Туған жер" бағдарламасы және салауатты өмір салты мәдениеті контекстінде қазақстандық патриотизмді тәрбиелеуге білім беру ұйымдары педагогтарының тәрбие бағдарламаларын бағдарлау | Жыл сайын |
2 | "Мәңгілік ел" идеясын насихаттауға, "Туған жер" бағдарламасын іске асыруға бағытталған іс-шараларды тұрақты негізде өткізу (жыл сайын кештер, кездесулер, конкурстар, экскурсиялар, TEDx форматы, дөңгелек үстелдер, акциялар және т.б.). | Жыл сайын |
3 | Жалпы республикалық "Туған елге тағзым" экспедициясынан, "Тарих тағылымы" (мемлекеттің дамуына үлес қосқан қалалар мен ауылдардың, көшелер мен тұлғалардың тарихын зерттеу) және "Қазақ мәдениетінің антологиясы" (ақындар, жыраулар, күйшілер шығармашылығы арқылы ұлттық фольклорды зерттеу) әлеуметтік жобаларынан тұратын "Ұлы дала мұрасы" жобасын іске асыру, | Жыл сайын |
4 | Абайдың туғанына 175 жыл толуына арналған арнайы жобаларға, басқа да танымал тұлғалар мерейтойына арналған жұмыстарға қатысу, | Жыл сайын |
5 | Тұтас педагогикалық үдерістің мазмұндық және іс-әрекет аспектілерінің әлеуетін пайдалану | Жыл сайын |
6 | Арнайы ұйымдастырылған педагогикалық сала, педагогикалық факторлардың құрылымдық жүйесі және тұлғаның ұлттық сана-сезімінің қалыптасу жағдайы ретінде әлеуметтік тәрбие кеңістігін дамыту | Жыл сайын |
7 | Өлкетану қызметімен қамтылған білім алушылардың үлесін ұлғайту | Жыл сайын |
8 | Құқық қорғау органдары мен діншілікті тарта отырып, балалар мен жастар арасында деструктивті діни секталардың, экстремизм мен терроризм идеяларының таралуының алдын алу (кездесулер, дискуссиялар, семинар-тренингтер, дөңгелек үстелдер, акциялар, кездесулер және т.б.) | Жыл сайын |
9 | Білім алушылардың кәсіби-тұлғалық дамуын психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді ұйымдастыру, болашақта өзін-өзі тануға және өзін-өзі жүзеге асыруға ықпал ететін олардың қажеттіліктері мен қабілеттерін ашуға көмек көрсету. | Жыл сайын |
10 | Әр түрлі этностық топтардың қарым-қатынас ортасы, мәдениет құндылықтарына тәрбиелеу. | Жыл сайын |
11 | Өзара қарым-қатынастар сияқты ұлтаралық балалар мен жастар қоғамдық бірлестіктерінің қызметін өзектендіру. | Жыл сайын |
12 | Көгалдандыру, "Туған жерге тағзым" акциясына қатысу | Жыл сайын |
13 | Тәрбие жұмысын ұйымдастыру ерекшеліктері бойынша ұсыныстар әзірлеу және енгізу | Жыл сайын |
14 | Қазіргі жағдайда Қазақстан азаматтарының өскелең ұрпағын рухани-адамгершілік тәрбиелеуді дамытуда отбасының, мектептің және социумның әлеуетін шоғырландыру | Жыл сайын |
15 | Оқушылардың тәрбиелілік, патриотизм деңгейін жыл сайын диагностикалау және талдау. | Жыл сайын |
2-міндет. Оқушылардың өзін-өзі басқару жүйесін дамыту
Іске асыру және күтілетін нәтиже: | ||
1 | Сыныптағы балалардың өзін-өзі басқару негізі ретінде «Көшбасшылыққа қадам» тәрбие жүйесін әзірлеу және іске асыру | 2023 жылдан бастап |
2 | Сынып ұжымдарының табыстылығының ретингтік жүйесін енгізу | 2021 жылдан бастап |
3 | Оқушылардың әлеуметтік жауапкершілігін, адамгершілік міндеттерін көрсету, өздерінің үздік қасиеттерін афишалау үшін жағдай жасау. «Мен – көшбасшымын»конкурстарын өткізу | үнемі |
4 | Оқушылардың өзін-өзі басқару органдарын дамыту. ""Ең үздік сынып" сынып ұжымының шығармашылық белсенділігінің конкурсын өткізу | жыл сайын |
5 | Мектеп Парламентін құру, Президент сайлау. | тұрақты |
6 | Мектептегі "электрондық үкіметті" енгізу | 2020 жылдан бастап |
7 | Әр білім алушыға іс-шаралар, акциялар, ойындар, тренингтер, рөлдік және іскерлік ойындар, әлеуметтік маңызды акциялар, флэш - мобтар, фестивальдар, конкурстар жүйесінде ашуға мүмкіндік беретін әлеуметтік-педагогикалық кеңістікті ұйымдастыру. | тұрақты |
8 | Әлеуметтік-бағытталған бағдарламаларды іске асыру (төзімділік бағдарламасы, дүниетанымдық кино, демократия мектебі, пікірталас клубы, Трио студиясы және т.б.) | тұрақты |
9 | Социум өкілдерін тарта отырып және социум үшін волонтерлік қызметті ұйымдастыру | үнемі |
10 | Білім алушылар үшін әлеуметтік жауапкершілік аймағын анықтау | тұрақты |
11 | Оқушыларды әлеуметтік жобалау бойынша жұмысты ұйымдастыру | |
12 | Оқушылардың әлеуметтік жобаларын әзірлеу. Жергілікті қоғамдастық проблемаларын шешу бойынша әлеуметтік серіктестермен өзара іс-қимыл жасау. | |
13 | Әлеуметтік-бағытталған жобаларды іске асыру (сабақтан тыс, сыныптан тыс қызмет, бейресми білім беру, әлеуметтік жобалар жәрмеңкесі (файндрайзинг) және т. б.). "Менің мектебім - менің үйім" оқушылардың шығармашылық белсенділігінің конкурсын өткізу | жыл сайын |
3-міндет.Оқушыларды әлеуметтік қатерлерді төмендету бойынша мәдени-демалыс және алдын алу іс-шараларымен қамту.
Іске асыру және күтілетін нәтиже: | ||
1 | "Қиын" оқушыларды әлеуметтік және психологиялық қолдау жүйесін қамтамасыз ету. "Біз-біргеміз"клубының жұмысын ұйымдастыру | |
2 | Ішкі істер, КІБ, прокуратура органдарымен бірлескен қызметті ұйымдастыру. "Жасөспірім және заң" клубын құру. | |
3 | Құқыққа қарсы мінез-құлықтың алдын алу бойынша мәдени-демалыс орталықтарының, ағарту мекемелерінің мүмкіндіктерін тарту | |
4 | Балалар-жасөспірімдер қозғалысымен, оның ішінде "Жас ұлан", "Жас қыран" қозғалыстарымен қамтылған оқушылар үлесін ұлғайту | 2025 жылға қарай 90% дейін |
5 | Үйірмелердің жұмысымен қамтылған білім алушылардың үлесін арттыру | 2023 жылға қарай 100% |
6 | Шахмат үйірмесінде шұғылданатын оқушылардың үлесін арттыру | 2025 жылға қарай 20% |
7 | Мектептің спорт секцияларымен, оның ішінде республикалық балалар-жасөспірімдер спорт турнирлерімен қамтылған білім алушылардың үлесін ұлғайту | 2025 жылға қарай 10% - ға дейін |
IV бағыт.
Материалдық-техникалық жағдайлар жасау.
Іске асыру және күтілетін нәтиже: | ||
1 | Мектептің материалдық-техникалық базасын дамыту және қолдау | үнемі мектеп бюджетіне сәйкес |
2 | Мектепті басқарудың бағдарламалық кешенін сатып алу, енгізу, сүйемелдеу және дамыту | Үнемі Мектеп бюджетіне сәйкес |
3 | Мектеп педагогтары әзірлеген сандық білім беру ресурстарының санын арттыру (видеолекциялар, электрондық оқу басылымдары және т. б.) | жыл сайын 5-тен кем емес |
4 | ЦБР каталогын жасау | 2023 жылдан бастап |
5 | ЦБР пайдаланумен оқу сабақтарын ұйымдастыратын пән мұғалімдерінің үлесін арттыру, мектеп кітапханасын жаңа типті етіп жабдықтау шараларын жүзеге асыру. | 2022 жылдан бастап. |
6 | Мұғалімдердің сабақтарда IT-технологияларды қолдануға мүмікіндік туғызу (жаңа сипатты компьютерлермен қамтамасыз ету), | 2025 жылға 100% |
7 | Қазіргі заманғы білім беру технологиялары мен аралас және гибритті оқытудың негізгі міндеттерін іске асыру саласындағы озық педагогикалық тәжірибені диссеминациялау бойынша ақпараттық-насихаттау жұмысын жүргізу үшін интерактивті тақталар алуды жалғастыру; | тұрақты |
8 | Мектептің үздік педагогтарының тәжірибесін тарату бойынша іс-шаралар өткізу. Бейне-сабақтарды, онлайн сабақтарды, конференцияларды, семинарларды, мастер-класстарды түрлі сайттарда және БАҚ-та орналастыру мақсатында интернет желісімен байланысты күшейту. | үнемі |
9 | Мектеп сайтында «Мұғалімнің әдістемелік қоржыны», «Мұғалімдердің мектептік желілік қоғамдастығы», «Мұғалімнің жеке сайты» айдарларын ашу арқылы мектептің кеңістіктік білім беру ортасын құру; | |
10 | Кабинеттерді жаңа құралдармен қамтамасыз ету, сапалы да терең білім алуға жағдай туғызу. | Жыл сайын |
11 | Оқушыларды қашықтықтан оқытуды ұйымдастыруда АКТ мен қамтамасыз ету. | Жыл сайын |
V. Бағдарламаны іске асыру тетігі
Осы бағдарламаның ережелері іске асырылатын болады:
- білім беруде жаһандық, ұлттық және аймақтық бағытталған тәсілдерді жүзеге асыру;
- білім беруді жаңарту тиімділігінің мониторинг жүйесін құру;
- 2021-2025 жж арналған мемлекеттік стандарттың негізгі бағыттарын ұйымдастырушылық қамтамасыз ету;
- оқушылардың өзін-өзі басқару жүйесін дамыту және оқушы тұлғасын әлеуметтендіру;
- білім беруді жаңғыртуды және педагогтардың инновациялық бастамаларын ақпараттық қолдау;
- «Жетекші мектеп» ретінде серіктестік жүйесін кеңейту;
- педагогтардың кәсіби деңгейін, ата-аналардың педагогикалық сауаттылығын арттыру;
VII. Бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтижелер
Бағдарламаның негізгі ережелері мен бағыттарын іске асыру:
- білім алушылардың сапалы орта білімге тең қол жеткізуін қамтамасыз ету, қалыптасқан жаһандық және Ұлттық ойлауы бар зияткерлік, дене бітімі, рухани дамыған және табысты азаматты қалыптастыру;
- жаңа ғылыми жетістіктерді, жаңа технологияларды, ғылыми білімді қолдануға дайын болу арқылы сапалы білім беру қызметін ұсыну;
- оқушыларға білім берудің жаңартылған мазмұны мен технологияларын енгізу;
- білім алушылардың тілдік сауаттылығын қамтамасыз ету;
- білім беру үдерісін дербестендіру, білім беру траекториясының әр алуандығы үшін жағдай жасау;
- оқушылардың бойында рухани-адамгершілік құндылықтарды, ұлттық сана-сезімді, патриотизмді қалыптастыру және оқушылардың азаматтық белсенділігін дамыту, үнемі өзін-өзі жетілдіру және өзін-өзі дамыту қажеттілігін түсінуін дамыту;
- педаготардың өз бетінше білім алуы, өзін-өзі ұйымдастыруы және өзін-өзі бақылау мәдениетін дамытуы, қоршаған ортаның тұрақты өзгеретін жағдайында және кәсіби қызметте зерттеу тәртібін қалыптастыруы;
- білім беруді жаңғырту саласындағы өңірлік және республикалық деңгейлерде жоғары рейтингке жету және мектепті мойындауға бағытталған ұсыныстарды қабылдау.