2022-2023 оқу жылына арналған орта білім беру ұйымында оқу-тәрбие жұмысының жоспары. (2020ж.06.04. №130 бұйрық негізінде) » Алтай қаласының № 9 орта мектебі
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы
Алтай ауданы бойынша білім бөлімінің
"Алтай қаласының №9 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72335) 7-91-17
Есепші бөлімі:
+7(72335) 7-91-17
Нашар көрушілер
нұсқасы
» 2022-2023 оқу жылына арналған орта білім беру ұйымында оқу-тәрбие жұмысының жоспары. (2020ж.06.04. №130 бұйрық негізінде)
29
сентябрь
2022

2022-2023 оқу жылына арналған орта білім беру ұйымында оқу-тәрбие жұмысының жоспары. (2020ж.06.04. №130 бұйрық негізінде)

2022-2023 оқу жылына арналған орта білім беру ұйымында оқу-тәрбие жұмысының жоспары(2020ж.06.04. №130 бұйрық негізінде)

Жұмыстың басты бағыттары

Іс-шаралар

Жауапты адам

Өтілетін мерзімі.


ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КЕҢЕСТЕР.


  • 2021-2022 оқу жылының оқу-тәрбие үрдісіне талдау.
  • 2022-2023 оқу жылының мектепті дамыту жоспары, оқу - жұмыс жоспары мен таңдау курс бағдарламаларын бекіту; мектепте жаратылыстану пәндерін үш тілде оқытуды енгізу;
  • педагогтердің оқу жүктемесі мен тарификацияны бекіту; жұмыс аптасы мен сабақ кестесін бекіту, әдістемелік бірлестіктер мен шығармашылық топтар жетекшілерін тағайындау; 
  • психологиялық-педагогикалық даму рекшеліктері туралы алынған деректер негізінде инклюзивті және үйден оқуды қамтамасыз ету мақсатындағы оқу-тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру.

ü  2022-2023 оқу жылында аттестациядан өтетін мұғалімдер тізімін бекіту;

Директор, ОІМ

тамыз


  1. Оқушыларды жеке тұлға ретінде қарастыра отырып, қалыптасқан білімі мен түсініктерін қолдана алуда сыни тұрғыдан ойлауға бағыттау.
  2. 1-тоқсан қорытындысы

Әкімшілік

қараша


  1. "Туған жер" бағдарламасы мен рухани даму мәдениеті контекстінде қазақстандық патриотизмді тәрбиелеу жолдары.
  2. 2-тоқсан қорытындысы.

Әкімшілік

қаңтар


  1. Мектепте сындарлы оқыту теориясы негізінде оқу-тәрбие үдерісіне өзгерістер енгізу арқылы білім сапасын арттыру тәсілдері
  2. 3-тоқсан қорытындысы;

Әкімшілік

сәуір


  1. 1-8, 10-сыныптарды келесі сыныпқа көшіру, 1-8,10 сынып оқушыларын Мақтау қағазымен марапаттау
  2. Негізгі және орта мектеп курсы бойынша 9,11-сыныптарды қорытынды аттестаттауға жіберу және білім бөлімінен «өте жақсы» оқыған оқушыларға үздік аттестат беру туралы сұрау хат жолдау.
  3. Денсаулығына байланысты оқушыларды қорытынды аттестаттаудан босату туралы

Әкімшілік

мамыр


  • 9-сынып оқушыларының негізгі орта мектеп курсы бойынша, 11-сынып оқушыларының орта мектеп курсы бойынша қорытынды мемлекеттік аттестация қорытындысы;
  • 9-сынып пен 11-сынып оқушыларының мектепті бітіруі және Үздік аттестат пен «Алтын белгі» беру туралы сұрау хат жолдау

Әкімшілік

маусым


2022-2023 оқу жылында орта білім беру ұйымдарына арналған ғылыми-әдістемелік жұмыс жоспары.      

  Мектептің әдістемелік тақырыбы: жаңа ғылыми жетістіктерді, жаңа технологияларды, ғылыми білімді қолдануға дайын болу арқылы сапалы білім беру қызметін ұсыну;

Ғылыми-әдістемелік жұмыс мақсаты: педагогтердің өз бетінше білім алуы, өзін-өзі ұйымдастыруы және өзін-өзі бақылау мәдениетін дамытуы, қоршаған ортаның тұрақты өзгеретін жағдайында және кәсіби қызметте зерттеу тәртібін қалыптастыру

Ғылыми-әдістемелік жұмыс міндеттері:

  • білім беру үдерісін дербестендіру, білім беру траекториясының әр алуандығы үшін жағдай жасау; 
  • мұғалімнің кәсіптік білімін жетілдіру арқылы мектеп мұғалімдерінің шығармашылық қабілеттерін дамыту;
  • қазіргі қоғамдық-әлеуметтік талаптарға жауап беретін,жан-жақты білімді, жаңашыл ойлау дағдысын меңгерген, оқушының жан-жақты дамуын ұйымдастыра алатын және ата-аналармен, жұртшылықпен ынтымақтастық орнатуға икемді тұлға қалыптастыру;
  • «Шеберлік сыныптары», семинарлар мен ғылыми-тәжірибелік конференцияларға, пәндік түрлі деңгейдегі олимпиадалар мен конкурстарға, сайыстарға қатысу; «Жетекші мектеп» ретінде түрлі зерттеу сабақтарын  Lesson Stadu  дайындау және өткізу;
  • Қазіргі заманғы білім беру технологиялары мен  аралас және гибритті оқытудың негізгі міндеттерін іске асыру саласындағы озық педагогикалық тәжірибені тарату мен жариялау.

      Жұмыс нысандары: теориялық семинар, әдістемелік күн, әдістемелік апталық, ғылыми-тәжірибелік конференция.

Іс шаралар

жауапты

мерзімі

Теориялық семинар: «Оқушының құзіреттілігін арттыруда сындарлы оқыту теориясының маңыздылығы»

Мақсаты: Заманауи тәсілдің ең негізгі ерекшелігі оқушылардың алған білімдерін орынды жерде қолдана білуіне басты назар аударудағы сындарлы оқытудың маңыздылығын білу

ОІМ

қыркүйек

Әдістемелік күн.(ашық сабақтар) 

«Сабақта оқушылардың өзіндік қабылдау, ойлау, зерттей білу дағдыларын қалыптастырудағы сын тұрғысынан ойлауға баулу» 

Мақсаты: оқушылардың оқыған тақырып бойынша білімдерін өз деңгейінде көрсетіп, кейбір болжамдар бойынша күмәнді ойларын білдіре алатындай, пікір көзқарастарын нақтылап, жаңа ұғым түсініктерін өрістету дағдыларын дамыту.

ОІМ

қараша

Әдістемелік жұма: Оқудың нәтижесі мен жаңа білімді игеруге бағытталған оқушының дағдысы мен оның ілгерілеуі, оқу-танымдық іс-әрекетін ұйымдастыру.

Мақсаты: 

Педагогикалық ұжымның кәсіби шеберліктері мен құзіреттілігі, зерттеушілігін артыру.

ОІМ

қаңтар

Ғылыми-тәжірибелік конференция. 

«Мектептің оқу-тәрбие беру жүйесінде сындарлы дағдыларға, мен ойлауға ие шығармашылық тұлға қалыптастыру жолдары.

Мақсаты:  Мұғалім тұлғасын даму жұмысының көшбасшысы ретінде қарастыру.

ОІМ

сәуір

Директор жанындағы отырыстар

  • Мектептің ішкі тәртіп ережесін бекіту, ұжым мүшелерінің еңбекті қорғау мен қауіпсіздік техникасының сақталуы.
  • Аз қамтылған және көп балалы отбасыларына арналған әлеуметтік көмек, тегін тамақтандыру, жазғы лагерь мен оқушылар демалысын ұйымдастыру қорытындысы

Әкімшілік

қыркүйек

  • Балалықты қорғау бойынша мектеп жұмысы, психолог пен әлеуметтік педагогтің оқушы құқығы мен заңнамаларын қорғауы жайлы жұмыстары.
  • Аттестатталатын мұғалімдердің жетістіктері мен оқушы жетістіктерін талқылау.
  • Мектептегі оқушыларды жеке тұлға ретінде қарастыра отырып, олардың жан-жақты дамуына жағдай туғызудағы мектеп тәлімгері мен әлеуметтік педагогтің жұмыстары

Әкімшілік

қазан

  • Сынып жетекшілердің оқушыларды Қазақстан Республикасының заңнамаларымен таныстырудағы рөлі;
  • Алғашқы әскери және технологиялық дайындық теориялық және практикалық сабақтарда іске асырудағы алғашқы әскери даярлық сабағының маңызы;

Оқушылардың қабілеті мен дарындылығын дамытудағы «Тұлға» қоғамының жұмысы мен оқушылардың бос уақыттарын ұйымдастырудағы үйірмелер, секциялардың жұмыстары

Әкімшілік

қараша

  • kyndelik.kz. толтыру талаптарының орындалуы мен ата-аналармен мектеп байланысын жүзеге асыру.
  •  Мектеп құжаттарының, оқушы дәптерлері мен күнделіктердің     талапқа  сай  толтырылуы мен  ұсталу     жағдайы;

Әкімшілік

желтоқсан

  • «Дінтану және зайырлылық»   пәнінің     оқушы бойына қоғамдық гуманистік және адамгершілік негіздерді қамтамасыз етудегі маңызы;
  • Оқушыларды өмірге бейімдеуде кәсіптік бағдар беру туралы сынып жетекшілердің жұмысы;
  • Мектеп  оқушыларының  өзін-өзі басқару ұйымдарының жұмысы.    

Әкімшілік

қаңтар

  • Балалардың жеке бас ерекшеліктерін ескере отырып, дағдыларын     дамытуда  әртүрлі  оқу     және  өмірлік жағдаяттарды шеше білуге даярлау мақсаттарында таңдау курстарының маңыздылығы;
  • Мектеп оқушыларын кітап арқылы жан-жақты дамыған тұлға ретінде тәрбиелеудегі кітапхананың рөлі;

Әкімшілік

ақпан

  • Мектепте қолдауды қажет етін және ерекше білім беруді талап ететін (инклюзив, үй жағдайында оқыту) оқушылармен жұмыстарды үйлестіру;
  • Сынып жетекшілердің жұртшылықпен, ата-аналармен байланысын жүзеге асырудағы жұмыстарының тиімділігі.

Әкімшілік

наурыз

  • Оқушы денсаулығын нығайту және сақтаудағы мектеп асханасынан оқушылардың тамақтану жағдайы;
  • Мектептегі құқық бұзушылық пен мектеп инспекторының жұмысы.

Әкімшілік

сәуір


  • 5-еңбек тоқсанын ұйымдастыру: жазғы лагерь, жазғы пәндік оқулар мен спорттық үйірмелер                                                  

Әкімшілік

мамыр








Пәндердің оқытылу жағдайын бақылауға бағытталған әдістемелік кеңестер жоспары.

Миссиясы: оқушылардың өзіндік оқу ортасын құрудағы заманауи озық оқыту түрлерің кеңінен қарастыра отырып, аралас оқыту мен гибритті оқытуды іс-тәжірибеге енгізіп, білімді сапалы игерту;

Мақсаты

  • Стандарт емес оқу тәсілдерін өндіру арқылы білім берудің оң нәтижелерін арттыру;

Міндеттері: 

  • Заманауи оқытуды ақпаратты техникамен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру жолдары қарастыру;

ü білім беруді жаңарту тиімділігінің мониторинг жүйесін құру; 

  • оқушыларға білім берудің жаңартылған мазмұны мен технологияларын енгізе отырып, білім алушылардың тілдік және функционалдық сауаттылығын қамтамасыз ету; 

Әдістемелік кеңестер

  • 1-сынып оқушыларының бастауыш мектепке 5-сынып оқушыларының негізгі орта мектепке табысты бейімделуін қамтамасыз ету.

ü    География, биология, химия сабақтарында және бастауыш сыныптардағы дүниетану мен жаратылыстану пәндерінде оқушылардың ғылыми ұғымдар мен дүниені танып білудің әдіс-тәсілдерін тиімді оқыту түрлері арқылы жүргізу;

ОІМ

қазан


  • Қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі сабақтарында тілді қатынас және таным құралы ретінде қарастыра отырып, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.
  • Математика сабақтарында оқушылардың функционалдық сауаттылығын, сыни тұрғыдан ойлауды дамыту, информатика және «Цифрлық сауаттылық» пәндерінде оқушыларды компьютерлік ойлау саласындағы базалық біліммен және дағдылармен қамтамасыз етуге бағытталған жұмыс түрлерін нәтижелі ұйымдастыру.

Даярлық сыныптарда балалардың  тұлғалық қасиеттерін қалыптастыру және оның әлеуметке үйлесімді енуін қамтамасыз етуде оқыту мен тәрбиелеудің тиімді жолдары

ОІМ

желтоқсан


  • Физика сабақтарында заманауи әдіс-тәсілдер мен ақпараттық қондырғы мүмкіндіктерін қолдана отырып, оқушылардың бақылау, талдау, салыстыру қабілеттерін дамыту;

Тарих сабақтарында оқушылардың тарихи түсініктерге сүйене отырып, материалдарды талдау дағдыларын жетілдіру мақсатында оқытудың заманауи тәсілдерін енгізу

ОІМ

ақпан


  • 4,9,11-сыныптарда оқушылардың бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім бағдарлама негіздерін меңгеруі (сыныптық бақылау)
  • Дене шынықтыру пәндерінде денсаулықты нығайту, негізгі дененің физикалық сапаларын дамыту жолдарын нәтижелі жүргізу;
  • Көркем еңбек сабақтарында оқушылардың әсемдікке баулу, сын тұрғысынан ойлау, шығармашылық дағдыларын дамытуды ұйымдастыру;
  • Музыка сабақтарында оқушылардың музыкалық мәдениеттілігін қалыптастыруда тиімді әдістерді қолдану.

ОІМ

сәуір




Мекен жайымыз
Шығыс Қазақстан облысы, Алтай ауданы, Алтай қаласы, КОМАРОВ, 8 үй

©2016-2022, Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Алтай ауданы бойынша білім бөлімінің "Алтай қаласының №9 орта мектебі" КММ
Барлық құқық қорғалған "Интерактивті мектеп" жобасы. Техникалық қолдаушы "Internet service" +77075327722,tangatarov13@mail.ru