Мектепте оқушылардың денсаулығын сақтау және нығайту, бағдарламасының орындалу барысы, инклюзивті оқыту мен үй жағдайында оқытылатын оқушының білімді сапалы игерілуін қамтамасыз ету туралы. » Алтай қаласының № 9 орта мектебі
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы
Алтай ауданы бойынша білім бөлімінің
"Алтай қаласының №9 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72335) 7-91-17
Есепші бөлімі:
+7(72335) 7-91-17
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Мектепте оқушылардың денсаулығын сақтау және нығайту, бағдарламасының орындалу барысы, инклюзивті оқыту мен үй жағдайында оқытылатын оқушының білімді сапалы игерілуін қамтамасыз ету туралы.
29
сентябрь
2022

Мектепте оқушылардың денсаулығын сақтау және нығайту, бағдарламасының орындалу барысы, инклюзивті оқыту мен үй жағдайында оқытылатын оқушының білімді сапалы игерілуін қамтамасыз ету туралы.

Мектепте оқушылардың денсаулығын сақтау және нығайту, бағдарламасының орындалу барысы, инклюзивті оқыту мен үй жағдайында оқытылатын оқушының білімді сапалы игерілуін қамтамасыз ету туралы.

     Мектеп ұжымы ерекше білім беруге қажеттілігі бар оқушылармен жұмысқа оқу жылы барысында жүйелі көңіл бөлінді. Жыл көлемінде «Өрлеу» және ШҚО білім басқармаса Зияткерлік және спорт орталығы «HAPPY TIME», сондай-ақ, Нұр-Сұлтан қаласының республикалық білім жетілдіру орталықтарынан «Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған білім берудің жаңартылған мазмұнын іске асыру жағдайында инклюзивті білім беру» тақырыбында Батырбаева Қ.А., Нүсіпбаева Б.Қ., Жумагулова А.М., Мусирепова П.Т., Абенова А.Ә., Саньязова Б.Қ., Турсиянова Н.А., Тандыбаева Г.Т. курстан өтті. Инлюзивті және үй жағдайында оқыту бойынша директорлық мәжілісте қаралып, жүргізілген жұмыстардың нәтижелері талқыланды.

    Мектепте жыл басынан 9 оқушы ЗПР ретінде тіркеуге алынды. Нәтижелі және құзыретті жұмыс істеу үшін Консилиумның жылжымалы құрамын жасалынды. Мектеп әкімшілігі мен психолог, әлеуметтік педагог, мұғалімдер тобынан мектеп ішінен 10011-Ө бұйрығымен уақытша жылжымалы ППК қолдау қызметінің мамандары мен білім беру процесіне қатысушылар арасында өзара әрекеттесу ретінде комиссия құрылды. Психологиялық - педагогикалық консилиум жұмысының жоспары жасалынды. Мұғалімдер Білім беру ұйымындағы психологиялық-педагогикалық консилиум туралы ережемен таныстыру жүргізілді. Консилиумның отырыстарын, қорытындылары мен ұсыныстарын тіркеу журналын жүргізілді. Оқушыларға педагогикалық мінездеме, мамандардың тұжырымдамасы және Консилиум қорытындысы жинақталды. Консилиум бойынша құжаттар мен олардың үлгілері білім беру ұйымының ерекшеліктерін ескере отырып толықтырылды. Тіркеуге алынған оқушыларға пән мұғалімдері жеке күнтізбелік-тақырыптық жоспарлар жасап, әкімшілік тарапынан бекітілді. Ата-аналармен сауалнама жүргізілді. «Ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларға жалпы білім беру мектебінде психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету» әдістемелік нұсқаулық басшылыққа алынды. Әр оқушыға сынып жетекші тарапынан консилиумға арналған педагогикалық мінездеме жазылды. онда оқушы отбасы туралы жалпы хабардар болуы және әлеуметтік-тұрмыстық бағдарлау (өзі және жанұясы туралы мәлімет, өзіне-өзі қызмет көрсету дағдылары, жалпы қабылданған тәртіп нормаларын орындау) тәрізді негізгі мағлұматтар берілді. Оқушының қоршаған орта туралы білімі, түсініктері; оқу дағдыларының қалыптасқандығы; оқу пәндерін меңгеруінің бағдарлама талаптарына сәйкес болуы; Оқу пәндерін меңгерудегі қиындықтар, қате түрлері сондай-ақ, эмоционалды тәртіп ерекшеліктері көрсетілді. 

   Мектепте 4-сыныптың бір оқушысы 2021-2022 оқу жылында үйден оқуды жалғастыру жайлы ата-анасының мәліметі бар. Осыған орай үстіміздегі оқу жылында Шоқан Жанбота Алтай  қаласының дәрігерлік–консультациялық комиссиясының шешімімен үйден оқытылады. Оқушыны комиссиядан өткізген соңШығыс Қазақстан облысы   білім  басқармасының «Алтай ауданы

 бойынша білім бөлімі» ММ бастығына сұрау хат жолданады. Білім бөлімінің бұйрығы негізінде үйден оқитын оқушыға жеке жинақ басталады.  Оқыту  жеке оқу жұмыс жоспарына сәйкес 4-сыныптың жалпы білім беру бағдарламасы бойынша жүзеге асырылады. Мемлекеттік жалпыға міндетті ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 25 сәуірдегі № 327 қаулысымен бекітілген Бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес оқу жылының ұзақтығы 34 оқу аптасын құрайды.     Оқыту қазақ тілінде жүргізілетін үйде жеке тегін оқытатын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 15.07. 2016ж. №453 бұйрығы негізінде білім берудің үлгілік оқу жоспарына сәйкес апталық оқу жүктемесінің көлемі 8 сағатты құрайды. Сабақтың ұзақтығы 45 минут. Қажет болған жағдайда баланың жағдайын есепке ала отырып сабақтар үзілуі мүмкін. Жеке оқу жұмыс жоспарын орындауда ата-ананың және дәрігердің келісімімен мектептегі кейбір сабақтарға онлайн қатысуға рұқсат етіледі. Әлеуметтік бейімделу және қоғамға кіріктіру, балалар ұжымында өзін жайлы сезіну, әлеуметтік мәртебесін көтеру мақсатында мектептің іс-шараларына және қосымша білім беруге қатысуы қарастырылады. Келесідегі құжаттар басшылыққа алынады:

*  Білім туралы Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319 Заңы.

*8-бап. Білім беру саласындағы мемлекеттік кепілдіктер

*Тиісті үлгідегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралыҚазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы № 595 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 31 қазанда № 17657 болып тіркелді.

    Денсаулық жағдайына қарай ұзақ уақыт бойы орта бiлiм беру ұйымдарына бара алмайтын азаматтар үшін үйде немесе стационарлық көмек, сондай-ақ қалпына келтіру емін және медициналық оңалту көрсететін ұйымдарда тегін жеке оқыту ұйымдастырылады. Мемлекет инклюзивті білім берудің мақсатын іске асыра отырып, білім берудің барлық деңгейінде даму мүмкіндіктері шектеулі азаматтарға олардың білім алуына, дамуындағы ауытқуды түзетуіне және әлеуметтік бейімделуіне арнайы жағдайлар жасауды қамтамасыз етеді. "Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттарды қабылдау" мемлекеттік қызмет көрсету. Мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі мен мемлекеттік қызметтер көрсету шарттары ескерілді:

1) көрсетілетін қызметті алушы денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына бара алмайтын балаларға үйде ақысыз білім беруді ұйымдастыру үшін құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап- 3 жұмыс күні;

2) көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсыруы үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты 15 минуттан аспайды;

3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты 15 минуттан аспайды.

5. Мемлекеттік қызметтер көрсету нысаны: қағаз түрінде.

Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру жергілікті ұйымдарымен көрсетілетін мемлекеттік қызмет ретіндегі үйде жеке тегін оқыту Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 8 сәуірдегі № 174 бұйрығымен бекітілген «Арнайы білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органдар көрсететін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарымен» (бұдан әрі - Стандарт) реттеледі. Берілген стандарт «үйде жеке тегін оқыту» қызметін алу тәртібін анықтайды және бірнеше кезекті кезеңдерді қарастырады. Білім салалары және оқу пәндері, апталық оқу жүктемесі немесе сыныптар бойынша аптадағы сағат саны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығымен бекітілген білім беру деңгейлері бойынша Үлгілік оқу жоспарымен (бұдан әрі - ҮОЖ) белгіленеді. Үй жағдайында мүгедек балаларды оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу мен қаржылық шығындар бойынша есеп беру «Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 бұйрығының «Мүгедек балаларды үйде оқытуға 9 жұмсалған шығындарды өтеу» 25-қосымшасына және «Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеуді тағайындау және төлеу туралы есеп» 2016 жылғы 19 қаңтардағы № 28 бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады.                                                                                                               

    2021-2022 оқу жылында мектепте денсаулығында ақауы бар оқушыларды анықтау мақсатында пән мұғалімдері және сынып жетекшілермен жеке әңгімелесулер, денсаулығында ақауы бар оқушылардың ата-аналарымен жеке кездесулер мен әңгімелесулер ұйымдастыру жоспарланды. Сынып жетекшілердің денсаулығында ақауы бар оқушымен жұмыстарын есепке алу, әңгімелесу, қажетті құжаттарды жинақтау қажет. ШҚО білім басқармасы «Алтай қаласының психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациясы» КММ жұмыс күндерімен танысу, оқушыны тексеруден өткізетін күн мен уақытты белгілеу мектеп психологы және сынып жетекшісі арқылы жүзеге асырылады. Әкімшілік мектеп психологымен әңгімелесу, денсаулығында ақауы бар оқушылармен жұмыс түрін танысу, жұмыс жүйесін қадағалау жұмыстарын жүйелейді. Оқушылармен жұмыс істейтін пән мұғалімдермен жеке әңгімелесулер ұйымдастыру, сондай-ақ, пән мұғалімдерін курстардан өткізу жоспарлануда. Оқушылардың сыныптың қоғамдық жұмыстарға тартылуын, жеңілдетілген пәндік сайыстарға қатысуын қадағалау сынып жетекшілерге тапсырылады. 

 Жыл көлемінде 9 оқушы психологиялық медициналық-педагогикалық консультациясы бойынша есепке алынды. Мектепте 2021–2022 оқу жылына арналған психологиялық-педагогикалық консилиум жұмысының жоспары құрылып, құрамы бекітілді. Педагогикалық мінездеме, мамандардың тұжырымдамасы және Консилиум қорытындысын жинақтау жүргізілді. Барлық оқытылатын пәндердің жеңілдетілген оқу мақсаттары алынып, бағдарламалары жасалынды. 


Міндет: 

  1. Денсаулығында ақауы бар оқушылардың мектеп оқушыларымен дұрыс қарым-қатынасқа түсуін сынып жетекшілердің бақылауын қадағалау жүйелі жүргізілуін жалғастыру керек.
  2. Үй жағдайында оқитын оқушының білімді сапалы игеруін назарда ұстау қажет.


Мекен жайымыз
Шығыс Қазақстан облысы, Алтай ауданы, Алтай қаласы, КОМАРОВ, 8 үй

©2016-2022, Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Алтай ауданы бойынша білім бөлімінің "Алтай қаласының №9 орта мектебі" КММ
Барлық құқық қорғалған "Интерактивті мектеп" жобасы. Техникалық қолдаушы "Internet service" +77075327722,tangatarov13@mail.ru