Кәсіби шеберлік – үлгісі. » отдела образования по району Алтай
Коммунальное государственное учреждение
Средняя школа №9 города Алтай
"Алтай қаласының №9 орта мектебі"
Управления образования Восточно-Казахстанской области
Приемная
+7(72335) 7-91-17
Бухгалтерия
+7(72335) 7-91-17
Версия для
слабовидящих
13
январь
2022

Кәсіби шеберлік – үлгісі.

Кәсіби шеберлік – үлгісі.
Кәсіби шеберлік – үлгісі.


Кәсіби шеберлік – үлгісі.[center][/center]
2021-2022 оқу жылында мұғалімдердің кәсіби шеберліктерін шыңдау, іс-тәжірибелерін жинақтау мен тарату шаралары жалғасын тапты. Мектеп мұғалімдері аудандық «Педагогикалық идеялар фестивалі» конкурсына белсене қатысты. Фестиваль Қазақстан Республикасының білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында әзірленді. Фестиваль педагогтардың шығармашылық өзін-өзі жүзеге асырылуын және кәсіби өсуін ынталандыру, Қазақстан мектептерінің басшылары мен мұғалімдерінің инновациялық тәжірибесін зерделеу және тарату мақсатында ұйымдастырылды. Фестиваль педагогтердің кәсіби шеберлігін көтеру, білім беру кеңістігін ғылыми-әдістемелік қамтамасыз етуді жетілдіру, озық педагогикалық тәжірибелерді анықтау мен тарату, заманауи инновациялық білім беру технологияларын енгізу және тарату, педагог мамандығының оң имиджін қалыптастыру, жаңашыл мұғалімнің құрылымдық-мазмұндық моделін әзірлеу міндеттерін басшылыққа алды. Алтай аудандық фестиваль 5 бағыт бойынша өткізілді. Мектептен 9 мұғалім фестивальға жұмыстарын ұсынып, қорғап шықты. «Білім беру жүйесіндегі менеджмент» бағыты бойынша мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары педагог-шебер мұғалім Саньязова Б.Қ. қатысып, 1-орынды жеңіп алды. «Психолог сандықшасы» бағыты бойынша педагог-сарапшы мектеп психологы Тандыбаева Г.Т. жұмысын жариялар 1-орынды иеленді. «Сабақ аяқталған соң» бағыты бойынша аудандық фестивальға Ахметова С.С. қатысып, 3-орынға ие болды. «Шеберлік палитрасы» бағыты бойынша тарих пәні мұғалімі педагог-сарапшы Касенова Ә.Е. қатысып 3-орынды, педагог-зерттеуші Абенова А.Ә. 2- орынды жеңіп алды. Сондай-ақ, пән мұғалімдері Құрманғалиева Ә.Б., Джарылкасынова А.Е., Турсиянова Н.А., Шангишбаева А.С. өздерінің іс-тәжірибелерін көпшілік назарына ұсынды. Фестиваль мектеп мұғалімдерінің шығармашылық жетістіктерінің көрінісі болды