Жалпыадамзаттық құндылықтар күні » отдела образования по району Алтай
Коммунальное государственное учреждение
Средняя школа №9 города Алтай
"Алтай қаласының №9 орта мектебі"
Управления образования Восточно-Казахстанской области
Приемная
+7(72335) 7-91-17
Бухгалтерия
+7(72335) 7-91-17
Версия для
слабовидящих
22
ноябрь
2021

Жалпыадамзаттық құндылықтар күні

«Алтай қаласының №9 орта мектебі» КММ
«Жалпыадамзаттық құндылықтар күні» іс-шарасының есебі
Мақсаты: адам бойында жалпыадамзаттық құндылықтардың маңыздылығын түсіндіру, бақытты өмір туралы шынайы түсінік қалыптастыру, оқушыларды шынайы өмірге дайындауға, өмірдің мәні мен шынайы бақыт табу жолында, дұрыс адамгершілік таңдау жасауына ықпал ететін рухани-адамгершілік білімді дәріптеу.
Іс-шараның ұраны: Сүйіспеншілік –әр адамның қасиеті, ақиқат-оның негізі, дұрыс әрекет-оның шынайы көзі.
2021ж жылғы 23-қараша Жалпыадамзаттық құндылықтар күніне ұйымдастырылған «Жалпыадамзаттық құндылықтар - бақытты өмір негізі» тақырыбында мектебімізде іс – шаралар – өткізілді. Барлық сыныптарда «Адамгершілік –асыл қасиет», «Адамгершілік құндылықтар», «Адамгершілік-рухани байлық» тақырыптарында сынып сағаттары өткізіліп, оқушылар адамгершілік құндылықтары туралы ой өрістерін кеңейтіп, пікірлерімен алмасты. «Жүрек қуанышы» атты шығармашылық қол өнер туындыларының көрмесі ұйымдастырылды. «Жалпы адамзаттық құндылықтар –адам өмірінің негізі» қабырға газеті шығарылып, оқушылар назарына қосымша ақпарат ретінде ұсынылды. Мектебіміздің кітапханасында тақырыпқа сай бұрыш ұйымдастырылып, 6-7-сыныптар арасында «Жалпы адами құндылықтар» дөңгелек столы өткізілді. «Жүректер лебізі» тілектер шеруі ұйымдастырылып, сыныптар арасында тілек хаттармен алмасты. «Адамгершілік ең алдымен сөзбенен» адамдардың жақсы қасиетері мен еңбектері үшін алғыс білдіру тілектері шаралары өтті.