2018-2019 оқу жылының 1-тоқсан қорытындысы. » отдела образования по району Алтай
Коммунальное государственное учреждение
Средняя школа №9 города Алтай
"Алтай қаласының №9 орта мектебі"
Управления образования Восточно-Казахстанской области
Приемная
+7(72335) 7-91-17
Бухгалтерия
+7(72335) 7-91-17
Версия для
слабовидящих
» 2018-2019 оқу жылының 1-тоқсан қорытындысы.
28
ноябрь
2018

2018-2019 оқу жылының 1-тоқсан қорытындысы.

2018-2019 оқу жылының 1-тоқсан қорытындысы.

2018-2019 оқу жылының 1-тоқсанында мектеп әкімшілігі келесі құжаттарды басшылыққа алды:

ü ҚР-ның Білім туралы заңы;

1) 4, 9, 10-11-сыныптарда білім беру процесі:

ü ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта) мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты (бұдан әрі – ҚРМЖМС-2012);

ü ҚР Үкіметінің 2017 жылғы 15 тамыздағы № 485 қаулысымен бекітілген Жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндеттістандарты (бұдан әрі – ҚР МЖМС - 2012);

ü «ҚР Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 25 шілдедегі № 296 бұйрығымен бекітілген Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарлары;

ü «ҚР Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 27 қарашадағы № 471 бұйрығымен бекітілген Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарлары;

ü «ҚР Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 25 ақпандағы № 61 бұйрығымен бекітілген Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарлары;

2) 5- 8-сыныптарда білім беру процесі:

ü ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 13 мамырдағы № 292 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты (бұдан әрі – ҚР ОБМЖМС-2016);

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 23 қарашадағы № 668 бұйрығымен бекітілген жалпы білім беретін пәндердің үлгілік оқубағдарламалары

ü2018-2019 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы: Әдістемелік нұсқау хат. – Астана: Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы.

Мектепте оқушылардың білім сапасын арттыру, білім сапасын бағалау тобының жоспарлары жасалынып, дарынды және қабілетті оқушылармен жұмыс жоспары банктер базасы құрылды. Оқушылардың білім беру салалары бойынша білім, іскерлік және дағдыларды, түйінді құзыреттіліктер түріндегі күтілетін нәтижелерді нақтылау міндеті бойынша пәндердің игерілуін есепке алып, өткен оқу жылының және 1-тоқсан қорытындысы шығарылды.

 

 

 

Жылдар

Сыныптар

Оқу озаттары

Екпінділер

Барлығы: 458

2017-2018

1-4 сыныптар

57

97

5-9 сыныптар

29

90

10-11 сыныптар

8

19

Барлығы

94

206

Білім сапасы

65,5

ООД

61,7

2018-2019

1-тоқсан

Барлығы:

475 (1-сынып 66 оқушы)

1-4 сыныптар

40

73

5-9 сыныптар

22

89

10-11 сыныптар

7

14

Барлығы

69

176

Білім сапасы

59,9%

ООД

58,8%

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Салыстырмалы кестеден байқалғандай өткен оқу жылымен салыстырғанда оқушы саны 17-ге артқан. 1-тоқсан ішінде 15 оқушы республика мен облыстың басқа мектептерінен келсе, 5 оқушы кетті. Білім сапасы 59,9% құрап, өткен жылғы қорытындымен салыстырғанда 5,6% төмендегені байқалды. Бұған себеп тоқсан көлеміндегі ауысып келген оқушылар саны мен 5-8-сыныптардың жаңартылған оқу мазмұнына көшу жағдайындағы қиындықтар кездесіп отыр. Сондай-ақ, оқу озаттары мен оқу екпінділері қатарындағы резервтегі оқушылар бар: 4А сыныптан Ерікбол Е., Қайратов Ж. орыс тілінен, Құрманов Мирас қазақ тілінен; 4Б сыныбынан Әлібек А., Әлібек Е., Кеңесқазина Н, Капанова Милена оқу озаттары резервінде, Тұмаров М., Ыдырышканова А. оқу екпінділер резервінде, 6Б сыныбында Тоқанов М. оқу екпінділер, 7Б сыныбындағы Адылбекова А., Әкімбаева А. оқу екпінділері; 11-сыныптан Сапанова А., Советхан Р. оқу екпінділері резервтерінде тұр. Бұл барлық оқушылардың 3,4% ын құрап тұр.

Сынып жетекшілері мен пән мұғалімдері оқушылардың қабілеттерін ескере, зерттеу жұмыстарын жасай оқытуда кемшіліктер жіберген.

Мектепте оқу озаттары мен екпінділерін сыныптар бойынша көрсеткіші:

сыныптар

Оқу озаттары

Оқу екпінділері

Білім сапасы

ООД

Сынып жетекшісі

6

11

77

67

Отарбаева Р.Ч.

8

6

73

71

Нурсалова М.К.

6

6

63

65

Дюлюмбаева А.К.

6

11

62

61

Жумагулова А.М.

5

13

62

64

Қалиева М.Б.

5

12

60

59

Нуксарина А.К.

4

14

66

60

Раджанова Ж.Р.

1

12

62

55

Азылханова А.Б.

5

9

63

62

Досумбаева А.О.

3

7

44

51

Джарылкасынова АЕ

3

11

56

56

Сакашева К.К.

4

7

47

55

Бисатова К.Ш.

2

7

47

53

Құрманғалиева Ә.Б.

 

9

39

47

Ермекбаева Ж.С.

1

10

42

49

Илюбаева А.А.

3

9

52

54

Касенова Ә.Е.

 

8

36

46

Дамухан М.

10

5

6

85

73

Шангишбаева А.С.

11

2

8

58

56

Ахметова Ш.К:

Салыстырмалы кестеден байқалғандай білім сапасы жоғары көрсеткіш бастауыш сыныптарда 2А сыныбы, жоғары сыныптардан 10-сыныптар байқатса, төмен көрсеткішті 9Б сыныбы байқатты. Бұл сыныптарда сынып жетекшілері пән мұғалімдермен, ата-аналармен байланысты күшейтіп, әр оқушының оқу үлгерімдеріне қадағалау жасап, білім нәтижесін тұрақтандыру жолдарын қарастыру керек.

Мектеп әкімшілігі мектептің «12 жылдық білім беру жүйесінің тұлғалық бағдарланған парадигмасына негізінде функционалдық сауаттылықты дамыту» атты өзекті тақырыбын басшылыққа ала отырып, қыркүйек айында мұғалімдердің құзырлылық амалын жүзеге асырудың ұйымдастырушылық-әдістемелік негіздерін жетілдіру мақсатында «12 жылдық білім беру жүйесінің тұлғалық бағдарланған парадигмасын енгізуде жаңа тұрпатты мұғалімді қалыптастыруға қойылатын негізгі талаптар.» тақырыбында әдістемелік мәжіліс өткізді. Мәжілістің мақсаты педагогикалық үдерістің нәтижесін жақсартуға ұмтылатын жаңашыл әрі шығармашылықпен жұмыс істей алатын мұғалім тұлғасын дамыту болды. Қазан айында жаңартылғанбілім мазмұнына көшуде 5-сынып оқушыларының орта мектепке және 1-сынып оқушыларының бастауыш мектепке табысты бейімделуін қамтамасыз ету; Ағылшын, орыс және бастауыш сыныптардағы қазақ тілі сабақтарында оқушылардың тұлғалық қабілеттерін дамыту; Дене шынықтыру пәндерінде оқушылардың қимыл-қозғалыс негіздерін игеру арқылы оқушылардың дене мәдениетін қалыптастыру; 4, 9-сыныпта ОЖСБ-ға сапалы даярлық негіздері (сыныптық бақылау) тақырыптарында әдістемелік кеңес өткізілді. Пәндердің оқытылу барысына талдау жасалып, талқылаулар жүргізіліп, ұсыныстар берілді.

Пәндердің оқытылуын есепке алу мақсатында әр пәннің тоқсандық қорытындысын шығарды. Қазақ тілі мен әдебиетінен 1,3-деңгейлі пән мұғалімдері сабақтар береді.

ü Қазақ тілі мен әдебиет пәні бойынша:

(Саньязова Б.Қ.)(Шангишбаева А.С.)

 

 

 

 

(Илюбаева А.А.)

 

Преподаватели қазақ тілі сабақтарында оқу жоспарында көрсетілген оқыту мақсаттары білім алушылардың айтылым, тыңдалым, жазылым, оқылым әрекеттерін қамти отырып, коммуникативтік дағдыларын сенімді қалыптастыруға, сол негізде сыныпты аяқтағанда күтілетін нәтижеге қол жеткізуге бағыттай білген.

ü Қазақ әдебиеті пәні бойынша:

(Саньязова Б.Қ.)(Шангишбаева А.С.)

 

(Илюбаева А.А.)

 

Қазақ әдебиетінен оқушылар жақсы нәтиже көрсетіп, пән мұғалімдері әдебиетті оқытуда қазақ әдебиетінің мазмұнын, стилін, идеяларын және жанрын бағалай білуге, талдау жасауға, шығармашылық ойлау дағдыларын дамытуға баса назар аудара білген.

Орыс тілі мен әдебиетінен 1-санатты Ахметова Ш.К., Досумбаева А.О. және жас маман Мұқанов Ұ.Б. сабақ беріп келесі білім нәтижесін көрсетті:

(Ахметова Ш.К.)(Досумбаева А.О.)

 

Мұқанов Ұ.Б.

 

Орыс тілі мен әдебиеті пәнінен 8А және 9А, 9Б сыныптарда оқушылардың орташа оқытылу деңгейі мемлекеттік стандарттың сынаулы деңгейін байқатып, пән мұғалімі Ахметова Ш.К. бұл сыныптарда оқушылардың мотивациясын арттыру жолдарын әлсіз қарастырған. Басқа сыныптарда жеткілікті деңгейді көрсетіп, пән мұғалімдері тілдік жағдаяттарда ауызша және жазбаша сөйлеудің нормаларын меңгертуді сәтті жүргізген.

Көптілді білім беруді енгізу жағдайында ағылшын тіліне ерекше назар аударылып, әкімшілік ағылшын тілі пәнінің оқытылуына талдау жасады:

(Досумбаева А.О..) (Әлмаханов А.Б..)

 

Қабдуалиев А.Е.

 

Пәннің оқытылуы 6А, 7А сыныбынан басқа сыныптарда пәннің оқытылуы стандарттың жеткілікті және жоғары деңгейді байқатып, пән мұғалімдері оқушылардың тіл тасымалдаушылармен мәдениет аралық қарым-қатынас жасау коммуникативтік біліктерін дамыту, оқушылардың функционалдық сауаттылықтарынқалыптастыру жолдарын таңдай білген. Преподавателиге 6А 7А сыныбында пәнді оқытуда тиімді тәсілдер арқылы шет тілі оқу құралдары арқылы өзін-өзі таныту мүмкіндігін сезіну, өзінің жеке сөйлеу мәдениетін толықтай жетілдіруге ұмтылуын қамтамасыз етуді қарастыру керек.

Оқушы бойында тарих туралы ұғымдар мен түсініктерді қалыптастыру, Отан тарихына деген қызығушылықты оятуда Қазақстан тарихыпәнінің маңыздылығын ескете отырып, мектеп әкімшілігі пәннің оқытылуына талдау жасады.

(Касенова Ә.Е.)(Азылханова А.Б.)

 

Қазақстан тарихынан пәннің орташа оқытылу деңгейі 6Б, 7А, 8А, 8Б, 9Б, 11-сыныптарда мемлекеттік стандарттың сынаулы деңгейін байқатты. Пән мұғалімдеріне бұл сыныптарда әрбір оқушының қабілеттері мен психологиялық ерекшеліктерін ескеріп, жеке тұлғаға бағыттай оқытуды жүзеге асыру керек. 5А, 5Б, 6А, 7Б, 9А, 11-сыныптарда оқытылуы жеткілікті деңгейді көрсетіп, пән мұғалімдері білім алушыларының жұмыс жасауы және үздік нәтижелерге қол жеткізу үшін жеке, жұптық, топтық жұмыстарды ұйымдастыруды сәтті жүргізіп, пәнді сапалы меңгерте білген.

География пәнінің оқытылуы:

Пән мұғалімі Джарылқасынова А.Е. оқушы білімін нақты бағалауда кемшіліктер жібергені байқалды. Мұғалімге пәнді оқытуда функционалдық білім мен білік, жоспарлау дағдылары, талдау мен өңдеу, түсіндіру, жүйелеу, алгоритм бойынша жұмыс істеудің қалыптасуы; зерттеушілік, тәжірибе-эксперименттік дағдыларды жетілдіру жолдарын қарастыру қажет.

üХимиялық білім беру мазмұнының практикалық және қолданбалы бағыттылығын арттыру арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуды бақылау мақсатында химия пәнініңоқытылу көрсеткішіне талдау жасады:

Пән мұғалімі 1-санатты сертификатталған мұғалім: Бисатова К.Ш.

 

Пәннің оқытылуы 8А, 8Б, 9А, 9Б сыныптарда стандарттың сынаулы деңгейін байқатып, мұғалім химияны оқыту практикасында заманауи дидактикалық тәсілдерді жүзеге асыруды әлсіз қолданған. 7А, 7Б, 10,11- сыныптарда жақсы көрсеткіш байқатып бұл сыныптарда мұғалім білім мен дағдыларды түзету бойынша іс-шараларды ұйымдастыру, өзін-өзі бағалау дағдыларын дамыту бойынша іс-шаралар ұйымдастыруды нәтижелі жүргізген.

ü Бисатова К.Ш. беретін биология пәнінің оқытылу деңгейі:

 

Ермекбаева Ж.С.

 

Биология пәнінен 7А, 8А,8Б,9Б сыныбынан басқа сыныптарда оқушылар жақсы білім деңгейін көрсетіп, мұғалім деңгейлі бағдарлама модульдерін сабақтарға тиімді ықпалдастырған. Оқушылардың білім алуға қызығушылығын арттыру жолындағы іс-әрекеті нәтижелі болған.

Алгебра және математика пәні қорытындысы:

(Жакитова Г.) (Құранғалиева Ә.Б.)

 

 

Дамухан М.Қоржумбаева Б.

 

Алгебра пәнінен оқушылардың орташа оқытылу көрсеткіші 9Б, 11, 5А, 10-сыныптарда мемлекеттік стандарттың жеткілікті деңгейін байқатып, бұл сыныптарда мұғалімдер оқушылардың ғылыми-жаратылыстану пәндерін игеруге қажетті математикалық білім мен дағдылардың негіздерін игеру, оқу пәні материалдары негізінде білім алушылардың интеллектуалдық деңгейін дамытуды тиімді тәсілдермен жүргізе білген. 5Б, 7А, 7Б, 8А, 8Б, 9А сыныптарда сынаулы деңгейді байқатып, мұғалімдерге оқушылардың білім олқылықтарын толықтыру жолдарын кеңінен қарастыру керектігі анықталды.

Информатика пәнінің оқытылуы: Құрманғалиева Ә.Б.

 

 

Мұғалім білім алушылардың бойында ақпараттық процестердің қоғамдағы рөлін, адамзат қызметінің әр түрлі саласында ақпараттық технологияларды пайдаланудың техникалық мүмкіндіктері мен перспективаларын түсінуін қалыптастыру жолдарын нәтижелі жүргізе білген.

Функционалдық сауаттылықты дамыту негiзіндеоқушылардың ғылыми дүниетаным негіздерін танытуда Дамухан М. сабақ беретін физика пәнінің маңызы зор, пәннің оқытылу нәтижесі:

ü Физика пәнінің оқытылуы:

 

 

Пәннің орташа оқытылуы 7Б, 9А, 10 11-сыныптарда жақсы деңгейді байқатып, мұғалім бұл сыныптарда білім, білік, дағдыны қалыптастырудағы жүйелілік, бірізділіктің орындалуын басты назарда ұстаған. Алайда, 7А, 8а, 8Б, 9Б сыныптарда сынаулы деңгейді байқатып, пән мұғалімі білім беруді даралау мен деңгейлеуді іске асырылуда, оқушылардың білім алуға оң көзқарастары ынталандыруда тиімді әдіс-тәсілдерді әлсіз қарастырған.