Талантты оқушы – танымал тұлға. » Алтай қаласының № 9 орта мектебі
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы
Алтай ауданы бойынша білім бөлімінің
"Алтай қаласының №9 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72335) 7-91-17
Есепші бөлімі:
+7(72335) 7-91-17
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Талантты оқушы – танымал тұлға.
30
сентябрь
2022

Талантты оқушы – танымал тұлға.

Талантты оқушы – танымал тұлға.

  2022-2023 оқу жылының қыркүйек айы мектептегі талантты оқушылар үшін жемісті болды. 23 қыркүйекте балалардың кітап оқуға қызығушылығын арттыру, қазақ және шетел әдебиетін, ақын-жазушыларының шығармаларын терең зерттеп білуге шақыру мақсатында өткізілген Республикалық балалар оқулары байқауының аудандық кезеңіне мектептен8 оқушы қатысты. 3-4-сыныптарға берілген «Ертегілер әлемінде» атты бөлім бойынша сайыста Сыршыба Ілияс 1-орын, Жанұзақова Алина 2-орынды иеленсе, 5-6-сыныптар «Кел, балалар, оқылық» бөлімі бойынша сайысқа түсіп, Айдарова Кәусар 1-орын, Рамазанова Кәусар 2-орын, Мұратқан Мөлдір 3-орындарды иеленді. 7-8-сынып оқушылары «Ғасырлар тарихты жырлайды»  жасөспірімдерге арналған көркем әдебиеттер бойынша сайысқа түсіп, Серікжанов Ералы, Көксегенов Мирас 3-орындар, Нұркенова Дана 1-орынды жеңіп алды. Оқушылар аудандық білім бөлімінің Дипломдарымен марапатталды.

 Осы күні өткізілген  аудандық «Туған өлкемнің тарихы» сайысына оқушылар белсенді қатысып,  Зарлықанова Асылай тест орындау, эссе жазу сайысынан 1-орын алып, облысқа ұсынылса, Асланова Айдана макет қорғау сайысынан 2-орын; Карменова Даяна «Менің өлкемнің символы» сайысынан 3-орын; Зарлықанова Асылай видео репортаж жасаудан 3-орын иеленді.

 10-сынып оқушысы Серікбол Жамиля ҚР Оқу-ағарту Министрлігі «Хабар» агенттігі мен Дарын орталығы ұйымдастырған 13-17 қыркүйек аралығын Алматы қаласында зияткерлік шоуына сайысқа қатысып,  жартылай финалда өнер көрсетіп, Алғыс хатпен марапатталды.

  29 қыркүйек күні мектептің 8-11-сынып оқушылары арасында қазақ әдебиетін танытудағы заңғар жазушы Мұхтар Әуезовтің 125 жылдық мерейтойына орай Өскемен қаласында өткізілген «Мұхтар Әуезов – әлем әдебиеті мойындаған тұлға» атты облыстық байқауға қатысты. 8-9-сынып оқушылары Асылбеков Аңсар, Алибекова Аружан, Еркеш Аружан, Есембаева Мөлдір «Мұхтар Әуезов – ғасыр перзенті» номинациясы бойынша сертификат иегері болды. 10-11-сынып оқушылары «XIX ғасырдың асқар белі Абай болса, XX ғасырдың заңғары Мұхтар Әуезов» номинациясы бойынша сайысқа қатысып, жазушының «Абай жолы» роман-эпопеясы бойынша білімдерін сарапқа салды. Нәтижесінде 11-сынып оқушылары Серікбол Жамиля, Қалымжанова Айгерім 3-орындарды иеленді. 10-сынып оқушылары Базарбекова Арна, Базарбекова Дана номинация бойынша сертификат иегері болды. Жеңімпаздар ШҚО Білім Басқармасының дипломдарымен марапатталды.







Мекен жайымыз
Шығыс Қазақстан облысы, Алтай ауданы, Алтай қаласы, КОМАРОВ, 8 үй

©2016-2022, Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Алтай ауданы бойынша білім бөлімінің "Алтай қаласының №9 орта мектебі" КММ
Барлық құқық қорғалған "Интерактивті мектеп" жобасы. Техникалық қолдаушы "Internet service" +77075327722,tangatarov13@mail.ru