Ғылымға бастайтын жол. » Алтай қаласының № 9 орта мектебі
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы
Алтай ауданы бойынша білім бөлімінің
"Алтай қаласының №9 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72335) 7-91-17
Есепші бөлімі:
+7(72335) 7-91-17
Нашар көрушілер
нұсқасы
07
октябрь
2018

Ғылымға бастайтын жол.

Ғылымға бастайтын жол.

Ғылым дегеніміз — адамның табиғат, қоғам және өзінің танымы туралы білім алуға бағытталған рухани кызметінің ерекше формасы екенін ескере отырып, мектеп мұғалімдері оқушыларды ғылыми зерттеу жобаларына тарту жұмыстарын жүйелі жүргізуде. Ғылымның негізгі мақсаты акиқатқа жету және табиғат, қоғам, ойлау заңдылықтары, танымның өзі туралы объективті заңдылықтарды ашу. 2018-2019 оқу жылында қазан айының 02-күні Зырян аудандық «Дарын» орталығының ұйымдастыруымен 1-7-сыныптар арасында өткізілген «Зерде» ғылыми жоба қорғау сайысына мектептен 7 жоба ұсынылды. Жас зерттеушілер өз жұмыстарын сарапшылар алдында қорғап шықты. Нәтижесінде 3-сынып оқушысы Жомартханова Гүлімнің «Панасыз қалған жануарлар» тақырыбындағы жобасы, 7«Б» сынып оқушылары Қадылова Балнұр мен Әкімбаева Алтынайдың «Латын әліпбиіне көшу – заман талабы» жұмыстары, 4-сынып оқушысы Асылбеков Аңсардың «Әлемге әйгілі Лего ойыны» жобасы 1-орындарды жеңіп алып, жұмыстар облысқа ұсынылды. Содай-ақ, 3-сынып оқушылары Алматұлы Ағжан мен Көксегенов Мирастың «Легоның ғажайып ойын» жобасы 2-орын, 5-сынып оқушылары Нұрланқызы Мадина мен Росинская Аринаның «Күнделікті өмірдегі математика» жобалары мен 4-сынып оқушысы Бақытжанова Наргиздің «Үй жағдайында сабын жасау» жобасы, 5-сынып оқушысы Адинов Мансұрдың «Өтіріксіз өмір сүруге бола ма?» тақырыбындағы жобалары жүлделі 3-орынды жеңіп алды.

Бала-табиғатынан зерттеуші, зерттеушілік ізденіс – табиғатпен берілетін қасиеттің ажырамас бөлшегі. Мұғалімдер Саньязова Б.Қ., Қалиева М.Б., Раджанова Ж.Р., Нуксарина А.Қ., Жұмагулова А.М., Нурсалова Н.Қ., Матаева А.Б. оқушылардың зерттеушілік қабілеттерін дамытып, олардың үнемі қадағалау және тәжірибе жасауға ұмтылуына, әлем туралы жаңа мәліметтерді өз бетінше іздеуіне бағыттай білген.

Ғылымға бастайтын жол.

 

Мекен жайымыз
Шығыс Қазақстан облысы, Алтай ауданы, Алтай қаласы, КОМАРОВ, 8 үй

©2016-2022, Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Алтай ауданы бойынша білім бөлімінің "Алтай қаласының №9 орта мектебі" КММ
Барлық құқық қорғалған "Интерактивті мектеп" жобасы. Техникалық қолдаушы "Internet service" +77075327722,tangatarov13@mail.ru