ӘДІСТЕМЕЛІК » Алтай қаласының № 9 орта мектебі
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы
Алтай ауданы бойынша білім бөлімінің
"Алтай қаласының №9 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72335) 7-91-17
Есепші бөлімі:
+7(72335) 7-91-17
Нашар көрушілер
нұсқасы
06
декабрь
2022

ӘДІСТЕМЕЛІК

Тәжірибе шыңдау.

Қараша айында мектептің ізденіс тақырыбына орай оқушылардың оқыған тақырып бойынша білімдерін өз деңгейінде көрсетіп, кейбір болжамдар бойынша күмәнді ойларын білдіре алатындай, пікір көзқарастарын нақтылап, жаңа ұғым түсініктерін өрістету дағдыларын дамыту мақсатында «Сабақта оқушылардың өзіндік қабылдау, ойлау, зерттей білу дағдыларын қалыптастырудағы сын тұрғысынан ойлауға баулу» тақырыбында әдістемелік күн өткізілді. Шараға дайындық барысында мектептің 1-деңгейлі сертификатталған мұғалімдері Нуксарина А.К., 2-деңгейлі Азылханова А.Б., Турсиянова Н.А. коучтар ретінде топ құрып, Lesson study зерттеу сабақтарына дайындық жұмыстарын жүргізді. Зерттеу сабақтарына 7Б сыныбындағы Қазақстан тарихы, 7А сыныбындағы биология, 9Б сыныбындағы алгебра сабақтары таңдап алынды. Сабаққа эксперттік топтар құрылып, эксперттік бағалау парағы ұсынылды. 

Бағыттар

Балл (1-3)

1.

Оқушылардың өзіндік оқу ортасын құра алуы.


2. 

Сабақ кезеңдерінде оқушылардың оқу еңбегімен толық қамтылып, білім деңгейлерін көрсетуге жағдай жасау


3

Оқушылардың орындалған жұмыстарға сыни тұрғыдан қарап, бағалауын ұйымдастыру.


4

Оқушылардың қызығушылығын арттырып,  белсенділігін туғызу әдістерін қолдану.


5

Жаңа түсініктерді қабылдай алуын, өткенмен байланыс жасай алуын қамтамасыз ету деңгейі.


6

Оқушының мұғаліммен, сыныптастарымен еркін сөйлесуге, пікір айтуға, бір-бірінің ойын тыңдауға, құрметтеуге, өзекті мәселені шешу жолдарын іздеуге бағыттай білуі.


7

 Қолданылған заманауи тәсілдердің тиімділік деңгейі


8

Мұғалім әрекетке бағыттаушы, ұйымдастырушы ретінде көрінісі.


Нәтижесінде тарих және биология пәндері 2,7балл, алгебра пәні 2,9 балл жинады. 

   Сондай-ақ, әдістемелік күн өткізілген ашық сабақтар презентациялары мен сабақ жоспарлары электронды түрде ұжым талқылауына ұсынылып, Goodle сауалнамасы арқылы нәтижесі шығарылды. 

    Өткізілген сабақтарға өзіндік талдау жұмысы жүргізіліп, педагогикалық ұжым сабаққа өзіндік талдау жасау жолдары бойынша топтар арқылы пікір алысып, аукционға түсті. Шараның нәтижесінде Қазақстан тарихы зерттеу сабағы 840 ұпай, биология сабағы 842 ұпай, алгебра сабағы 1143 ұпай еншіледі. Мектепте өткізілген әдістемелік шара ұжым мүшелерінің кәсіби шеберлігін дамытуға, шыңдалуға септігі зор болды.


Мекен жайымыз
Шығыс Қазақстан облысы, Алтай ауданы, Алтай қаласы, КОМАРОВ, 8 үй

©2016-2022, Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Алтай ауданы бойынша білім бөлімінің "Алтай қаласының №9 орта мектебі" КММ
Барлық құқық қорғалған "Интерактивті мектеп" жобасы. Техникалық қолдаушы "Internet service" +77075327722,tangatarov13@mail.ru