Әдістемелік кеңес » Алтай қаласының № 9 орта мектебі
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы
Алтай ауданы бойынша білім бөлімінің
"Алтай қаласының №9 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72335) 7-91-17
Есепші бөлімі:
+7(72335) 7-91-17
Нашар көрушілер
нұсқасы
01
ноябрь
2022

Әдістемелік кеңес

Биология, химия, география сабақтарында оқушылардың ғылыми ұғымдар мен дүниені танып білудің әдіс-тәсілдерін тиімді оқыту түрлері арқылы жүргізу.

    Биология, химия, география пәндері жаратылыстану ғылымы негіздерін  құрайды. Оқушылардың бойында табиғи құбылыстар мен заңдылықтар туралы түсініктерді қалыптастырады. Осы өзгермелі әлемдегі өз орнын сезінуге бағытталған және жеке тұлғалық құндылық қасиеттер жүйесін тәрбиелеуге, жеке тұлғаның дүниетанымдық, мәдени, тәжірибеге бағдарланған қасиеттерді қалыптастыруға бағытталған. Жаратылыстану ғылыми пәндердің маңыздылығын ескере отырып, әдістемелік кеңес тақырыбына орай әкімшілік тарапынан пән мұғалімдерінің сабақтарына қатысылды. 

13.09.2022ж.  пән мұғалімі Нукенова А.Ж. «Қазақстанның ерекше қорғалатын табиғи аумақтары» тақырыбындағы 7«В» сыныбында өткен биология сабағының құрылымы дидактикалық талапқа сай құрылған. Оқушылардың  білім біліктігін тексеруде  «Биологиялық диктант», «Сөз бен түсіндірмелерді сәйкестендіру» жұмыстары жеке және фронталды түрде жүргізілді.  Дегенмен, бұл жұмыстар бойынша әр оқушының  білім деңгейі нақты анықталмады.  Мұғалім сабаққа қажетті жабдықтар мен презентациялық слайдтарды ұтымды қолданып, сабақтың нақтылық, ғылымилық қағидасын  жүзеге асырды.  Жаңа мәліметтерді жариялау, басқа топ мүшелеріне жеткізу нақтыланбау салдарынан   тыңдаушы топтар зейіні шашыраңқы болды.   Топтар жұмысы формативті бағалаумен қорытындыланды.  Сабақтың тәрбиелік маңызы жоғары болды.  Мұғалім оқушылардың ғылыми ұғымдар мен түсініктерді тиімді әдістермен жүргізгенмен, оларды бір мақсатқа жұмылдырып, ұйымдастыруда кемшіліктер  жіберді.  Сол себепті оқушы белсенділіктері төмен болып, жаңаны қабылдауда селқостық танытты. Білімді өзіндік бағалау мен бақылау назардан тыс қалды.  Мұғалімге сынып ерекшелігін ескере отырып, топтық жұмысты ұйымдастыру тәсілдерін қарастыру керек.  

     14.09.2022ж. күні «Өсімдік және жануарлар ұлпаларын жіктеу» тақырыбындағы  8 «А» сыныбында өткізілген биология сабағының  құрылымы тұтас, жүйелі ойластырылыған.  Оқу материалының  мазмұны мен дидактикалық сәттер оқыту мақсаттары мен бағалау критерийлеріне сәйкес жүргізіледі.  Мұғалім «Ширату жаттығулары» сәті арқылы өткенді бекітті, алайда әр оқушының   білім деңгейі мен дайындық дәрежесін анықтау мүмкіндігі әлсіз болды.  Ғылыми білімді меңгертуде сабаққа қатысты терминдерді үш тілде ұсынып, тілдік қолданыс шеңберін кеңейтті. Мұғалім сызбамен баяндау, суретпен  түсіндіру, бейнеролик көрсету, кестені кеңейту жұмыстарымен  негізігі мәліметтерді игертіп, ғылымилық, нақтылық қағидасын жүзеге асырды.  Топтық ұйымдастыру формасы  арқылы білімді шығармашылықпен  игерту назарда болды. Сабақ барысында тақырыптық- көрнекілік, сұрақ-жауап, жартылай іздену әдістері кеңінен қолданылды. Оқушылардың білім біліктігін  қамтамасыз етуде берілген кестедегі бос орындарды толықтырып жазу жұмысы сәтті өткізіліп, «Оқушы-оқушы» қатынасы орын алды.  Өзіндік бақылау мен бағалау топтық  «бағалау парақтары» арқылы жүзеге асырылды, формативті бағалау ескерілді.   Уақыт үнемді қолданылып, оқыту түрлері тиімді болып,  жаңа материалдың негізі идеялары  меңгертілді, оқушылар деңгейі ескерілді.    

«Көмірқышқылдар, майлар қасиеті» тақырыбында 21.09.2022ж. күні 8 «А» сыныбында биология сабағына әкімшілік тарапынан қатысылды. Сабақ мақсаты оқу бағдарламасында қарастырылған оқу мақсатына сәйкес, бағалау критериилері анықталды.  Өткен тақырып пен жаңа материал арасында байланыс зертханалық   жұмыс арқылы жүргізіліп,  оқушылар зейіні негізгі  мәліметтерге презентация слайдттары арқылы шоғырландырылды.  Оқушы білімін  нақтылауға тест жұмысын орындау, өзіндік тексерумен бағалау сәтті өткізілді.   Мұғалім оқу материалының мазмұнын саралау оқыту әдістері мен тәсілдерін таңдау, оқушылардың сабақта жұмыс істеу түрін, оқыту үлгілерін анықтауды терең ойластырғаны байқалды.  Білімді шығармашылықпен меңгерту мақсатында топтар арасында ПОПС формуласы бойынша мәліметтерді  толықтыру, FLLA кестесін құру, мәліметті суретті графика мини жоба арқылы жинастыру жұмыстары сәтті өтті.  Уақытқа негізделген тапсырмалар нақты, түсінікті болды. Қосымша мәліметтер беріліп, танымдылығын  кеңіту көзделді. Мұғалім сабақ  барысында сынып деңгейі, пәнге қатынасы, сыныптың жұмыс істеу қарқыны, оқу әрекетіне қатынасы назарда ұстады.  Оқушылардың алған білімдерін, іскерлік пен дағдыларын  пайдалануға мүмкіндік жасап, материалдың толық меңгеруін қамтамасыз етті.   Бұл сабақта мұғалімге  оқушылардың қабілетін ескеріп, деңгейлік тапсырмалар қарастыру керектігі байқалды.  

     04.10.2022ж. 7 «А» сыныбында өткізілген «Омыртқалы және омыртқасыз жануарлардың жіктелуі» тақырыбындағы  биология сабағы тақырыптық  жоспарға сай жүргізілді.  Әйгерім Жағалбаевна техникалық  құралдардың   мүмкіндігін қолданып, материалдың жеңіл игерілуіне мүмкіндік туғызды.  Оқушылардың өткен тақырыпты меңгеруін есепке алуға қарточкалық тапсырмалар арқылы  барлық оқушыларды қамти отырып, кестеге цифрларды сәйкестендіру, бос орынға қажет сөзді қойып, толықтыру жұмысы сәтті жүргізілді.  Сабақ кезеңдерінде барлық жұмыстардың нәтижелері өзара және өзіндік тексеру арқылы «Бағалау парағына» түсіріліп, қалыптастырушы бағалау жүйелі болды.   Мұғалім оқушылардың қабылдауы мен даму деңгейін ескеріп, жеке, топтық жұмыстарды үйлестіре білді.  Жаңа мәліметті игертуде презентация слайдттары және қосымша сызбалар мен суреттерді, кестелерді қолдана отырып, сабақтың ғылымилық негізін  нәтижелі жүргізід.  «Суреттер сөйлейді», «фотогалерия», жұптастыр, суретті анықтап, ерекшеліктерін жазу, кестеге бөліп орналастыру жұмыстары оқушылардың қызығушылығын туғызды, белсенділіктерін арттырды.  Сабақтың білімділік, дамыту қағидаты орындалды.  Мұғалім оқушылардың  назарын негізгі мақсаттарға шоғырландыра білді. Мұғалім сабақтың  негізгі білім беру мақсаты, әдістемелік қисыны, түрлі білім беру тәсілдерін қлдануды сәтті ойластырған.  Бекіту кезеңіндегі TVUE , False сәті арқылы білім беріктігін қамтамасыз етті. 

             Осы сыныпта өткізілген «Жүйелеудің маңызы» тақырындағы  сабақ құрылымының кезеңдері өзара байланысты, дидактикалық қабысқан, логикалық жүйелі құрылған.  Сабақ психологиялық  сәттен басталып, оқушылардың  көңіл-күйін сабаққа аударды.  Өткен материалды бекітуде, «Миға шабуыл»  сәті арқылы барлық оқушыларды қамтуға тырысты.  Жаңа тақырып пен өткен тақырып байланысы жүргізілді.  Мұғалім презентация арқылы сызбалар, суреттер, қолдана отырып, негізгі мәліметтерді ғылыми тұрғыдан игеруге , түсінікті болуын қамтамасыз етті.  Оқыту сайтынан түсіну бейнероликтермен түсіндіру нәтижелі қолданылды.  Термин сөздер  үш тілде көрсетіліп, сөздік қорлары молықтырылды.  Мұғалім оқу материалының меңгерілу дәрежесін білу мақсатында сұрақ-жауап әдісін кең қолданды.  Оқушылардың танымдық  тереңдету үшін тақырыпқа сай қосымша материалдар ұсынды. Топтық ұйымдастыру формасы арқылы сөзжұмбақ шешкізу сәтті өткізілді. Жаңа материалды бекітуде берілген жеке жұмыстар жартылай іздену әдісі арқылы нәтижелі жүргізілді.   Тақырыптың ғылыми негізділігі , нақтылығы , дәлдігі мұғалім тарапынан кеңінен ойластырылған.  Мұғалім қалыптастырушы бағалау тапсырмасында сәйкестендіру ерекшелігін белгілеу жұмыстарын беріп, оқушыларды толық оқу еңбегімен қамтыды. Алайда мұғалімге  оқушының білім деңгейін бақылауда қалыптастырушы бағалау жұмыстарын жүргізу керектігі байқалды.  

   Педагог-зерттеуші Бисатова К.Ш. жүргізетін химия пәні сабақтарына әдістемелік кеңес тақырыбына орай әкімшілік тарапынан қатысылды. 8 «А» сыныбында өткізілген «Химиялық реакция теңдеулерін құру. Зат массасының сақталу заңы» тақырыбындағы сабаққа мұғалім бағдарлама мен білімділік мақсаттарға сәйкес қажет мазмұнды бөліп ала білген. Оқушы білімін есепке алуда жеке карточкалық тапсырмалар беріліп, элементтің формуласын жазу, элементті атату, молекулалық және молярлық массасын табу жұмыстары жүргізілді. Топ ішінде өзара көмек ұйымдастырылып «оқушы-оқушы» қатынасы жүзеге асырылды. Қазақ тілі, математика пәндерімен байланыс болып, оқушылардың білімді комплексті меңгеруі назарда болды. Тақырыпты игертуде жіктеу, саралау, жүйелеу арқылы оқушылар үшін түсінікті, ұғымды болуы айқындалды. Мұғалім сабақтың типін, құрылымын кеңінен ойластырған. Сабақтың жеке бөліктері өзара үйлесімділікпен қабысып, өткен тақырып пен жаңа тақырып өзара байланыста болды. Сабақ барысында жартылай іздену, сұрақ-жауап, тақырыптық-көрнекілік әдістері қолданылып, сабақ құрамдарына қойылатын талаптар орындалды. Оқушыларда ғылыми көзқарас қалыптастыруда, ақыл-ой еңбегіне баулуда презентациялық слайдтар, оқулықпен жұмыс түрлері нәтижелі қолданылды. Оқушыларды дамытуда бақылау, қабылдау есте сақтау және ойлау нәтижелерін қалыптастыру жүйелі жүргізілді. Ғылыми негізді меңгертуде өздігінен істеген жұмыстарын сабаққа ынтасын, белсенділігін жаппай, топтық және жеке тапсырмалар арқылы ұйымдастырды.

   «Заттардың агрегаттық күйлерінің өзгеруі. Физикалық және химиялық құбылыстар» тақырыбындағы 7 «А» сыныбындағы сабақты мұғалім сабақ мақсаты мен критерийлеріне орай дидактикалық кезеңдерді дұрыс жоспарлаған. Оқушыларға берілген «Сызбаны сөйлету» құбылыстарды іріктеп ала білу, кестені толықтыру, салыстыра отырып ұқсастығы мен айырмашылығын табу тапсырмалары олардың ғылыми түсініктерді өз бетінше саналы игере білуіне бағытталды. Мұғалім оқу материалының ерекшелігін ескере отырып сабақ түрін, құрылымын, логикалық жүйелігін, кезеңдерінің байланыстылығын кеңінен ойластырған. Тәжірибелік дағдыны дамытуға арналған тәсілдердің бірі ретінде демонстрация жасап, практикалық эксперимент арқылы оқушыларға нәтижелерді бағалау, қорытынды жасау, деректерді ғылыми түрде меңгеру дағдыларына назар аударды. Физика пәнімен байланыс жүйелі болып, дүниені біртұтас тануға жетеледі. Сабақ барысында көрнекіліктер талапқа сай қолданылды. Сабақ мазмұны мемлекеттік бағдарлама талаптарына сәйкес болып, оқытудың нақтылық, түсініктілік, ғылымилық қағидасы орындалды. Калия Шетеновна тақырыпты меңгеруде оқушылардың өмірлік тәжірибелері негізінде күнделікті өмірден мысалдар келтіріп тәжіриьеге бағытталған біліктілігі мен дағдыларын дамытуды назарда ұстады. Олардың танымдық қызығушылығын туғызды. Жұмыстарды өзіндік тексеру, өзара бағалау арқылы білім деңгейлері анықталды.

 9 «Б» сыныбында «Метал катиондарына сапалық реакциялар» тақырыбында өткен сабақтың негізгі білім беру мақсатына орай әдістеме жолдарын таңдай білген. Оқушылардың білім, білік, дағды сапасын бақылауда сұрақ-жауап, тақырыптық-көрнекілік әдістері қолданылды. Алған білімдерін күнделікті өмірде қолдану және тәжірибеге бағытталған біліктілігін дамытуда видеороликтер көрсетілімі сәтті қолданылды. Жағдаяттық сұрақтар көмегімен оқушыларды логикалық байланыс жасап, тұжырымдай білуге жетеледі. Сабақта зертханалық бейне көрсетілімдер, яғни заманауи технологиялармен электронды білім беру оқыту құралдарын кең пайдалана білді. Сабақта жүргізілген зертханалық тапсырмалар нәтижесін өз бетімен қорытынды жасап жазу, формуламен өрнектеу, теңдеуін жазу, теңестіру жүргізу жұмыстары ақпаратты пайдалана білу, талдау жасауға негізделді. Мұғалім сабақ кезеңдерінде білім мен қызмет тәсілдерін дұрыс ұйымдастырып, оқушылардың пәнге қызығушылығы мен белсенділіктерін арттыра білді. Уақыт ұтымды қолданылып, сабақ тығыздығы арттырылды. Практикалық матрица кестесін толтыру топтық жұмыспен жүргізіліп, диалогтік оқыту модулі ықпалдастырды. Дегенмен, мұғалімге формативті бағалау түрлерін енгізу қажеттілігі байқалды.  

        «Әрекеттесуші заттардың массаларының қатынасы. Құрам тұрақтылық заңы» тақырыбындағы 8 «Б» сыныбындағы химия сабағын мұғалім сабақ құрылымы мен кезеңдерін, дидактикалық сәттерді мақсатқа сәйкес құрастырған. Материалдың ғылымилығын қамтамасыз етуде мысалдар келтіру, атомдық массаны есептеп шығару, анықтама беру, ережені құрастыру жұмыстары тиімді тәсілдермен жүргізілді. Мұғалім оқытудағы жүйелік әрекет және тұлғаға бағытталған тәсілдерді сабаққа ықпалдастыра алды. Жаңаны игертуде суреттер, сызба-кестелер қолданып, оқушылардың ғылыми ұғымдар мен дүниені танып білудің жеңіл игерілуін қамтамасыз етті. Оқушылардың оқу-танымдық және ғылыми зерттеу құзіреттерін дамытуда топтық жұмыстардың маңыздылығы жоғары болды. Оқушылардың химия пәнінен өткен тақырыптар бойынша білім, біліктерін сепке алуда сөйлемді аяқтау, қорытынды жазу жұмыстарымен барлық оқушылар қамтылды. Мұғалім пәндік тілде сөйлеуге ерекше назар аударды. Сабақтағы әдістер оқушылардың қабылдау деңгейі мен жас ерекшеліктеріне сай таңдалған. Дегенмен мұғалімге бірін-бірі бақылау, бағалау, өзін бағалау, кері байланыс тәсілдерін пайдаланып, пәнді оқытуда анықталған кемшіліктерді жою бойынша жұмыстарды ескеру қажеттілігі байқалды.

  7«В» сыныбында өткізілген «Заттардың агрегаттық күйлері» тақырыбындағы сабақта химиялық құбылыстар мен заңдылықтардың мәнін түсіндіруде мұғалім оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін кеңінен қолданды. Топтық ұйымдастыру формасы арқылы кестелер толтыру, өзара топтар арасында талқылау жүргізу, мәліметтерді бөліп орналастыру арқылы «Өрмекші торын»  құру, жалпы сыныпқа жариялау жұмыстары нәтижелі болып, оқушылардың себеп-салдарлық байланыстарды көре білу, қоршаған ортадағы өзгерістерді анықтай алу дағдылары дамытылды. Сабақтың әдістемелік ұйымдастырылуы және жабдықталуы, логикалық жүйелілігі сақталды. Мұғалім белсенді оқыту әдістері арқылы білімді игерудегі ынтымақтастықты ұйымдастыра білді. Оқушылармен «Бағалау парағын» жүргізе отырып, білімді меңгеру нәтижелері анықталды. Сабақтың ғылымилық, нақтылық, бірізділік қағидасы орындалды. Сабақтың тақырыбына орай оқу мақсаттары мен оқыту критерийлері жүзеге асырылды.

 Әдістемелік кеңес тақырыбына орай география пәні мұғалімі Джарылкасынова А.Е. сабақтарына әкімшілік тарапынан қатысылды. 03.10.2022 күні 7 «А» сыныбында өткізілген «Метосфераның құрылысы мен заттық құрамы» тақырыбындағы сабақты білім беру бағдарламасының құрылымына, материалдың күрделігіне, мазмұны мен мақсатына сәйкес әдіс – тәсілдерді таңдап ала білген.  Сабақ барысында  «Бұл не?», «Кесте жинақтау», «Миға шабуыл», «515» сәттері арқылы оқушыларды әр түрлі географиялық  ақпарат көздерінен  қажеттіні іріктеу, талдау жұмыстары нәтижелі жүргізілді.  Білім сапасын  арттыруда танымдық белсенділікті жандандыру оқу материалына  танымдық қызығушылықты қалыптастыруға және дамытуға бағытталған.   «Мюнхаузеннің кестесі», «Сандар сөйлейді», «Жоғалған сөздер» әдістері тиімді қолданылды.  АКТ мүмкіндігі мен  білім сайттарынан материалдарды оқушылар назарына ұсына отырып,  жеңіл меңгерілуіне  жағдай туғызды.  Оқушылардың білім деңгейлерін ескере отырып,  деңгейлік тапсырмалар  ретінде сәйкестендіру жасау, тест жұмысын орындау, есептер шығару беріліп, нәтижелеріне   талқылау жасалды.  Мұғалім оқушылардың танымдық белсенділіктерін   арттыратын, пәнге қызығушылықты дамытатын, білім сапасын  арттыруға ықпал ететін  оқыту әдістерін  пәннің ерекшелігіне  қарай таңдай білген.  Табиғи және ғылыми танымды әдісін жүзеге  асыруда оқушылардың географиялық білімін қалыптастыруда  тиімді практикалық  сәттерді ойластырған.

 8 «А» сыныбындағы 06.10.2022 күні болған «Жер бедерінің қалыптасу заңдылықтары» тақырыбындағы География сабағында мұғалім сабақтың тұжырымдамалық  ерекшеліктерін ескеріп,  типі мен құрылымын  дұрыс ойластырған.  Оқушылардың географиялық деректерді  меңгеруін бақылауда  «Графикті сөйлеу», сұрақтарға жазбаша жауап беру тәрізді сәттер тиімді жүргізілді.   Сабақта мұғалім географиялық ақпаратты визуалды, теориялық әдістерді қолдану, сандық  және сапалық деректерді өңдеу мен талдауға басымдылық беріліп, суреттер мен макеттер  арқылы тақырыпты анықтау, суреттер мен терминдерді сәйкестендіру, «Ойлан, бірік, бөліс» сәті  арқылы постер құрау жұмыстары сәтті өткізілді.  Оқушылардың картографиялық  дағдыларын дамытуда  картамен жұмысты үйлестіре отырып, мәліметтерді кестеге жинастыру   тапсырмасы топтық формада беріліп,   диалогтық  оқыту модулін  ықпалдастырды.  Білім беру сайттарынан  сабақ тақырыбына орай видеоролик көрсетіліп, тақырыпты жеңіл қабылдануына  әсер етті. Сабақ барысында оқушылардың пәнді меңгеру деңгейін   ескере отырып, деңгейлік талдау    тапсырмалары қарастырылды.   Оқушылардың ғылыми  ұғымдарды танудың тиімді әдістерін кеңінен қолданды.   Сабақтың негізгі білім  беру  мақсаты орындалды.

   «Географиялық деректерді  визуализациялау» тақырыбындағы 10-сыныпта өткізілген География сабағының мазмұны бағдарлама талаптарына сәйкес болды.  Оқушылардың білім  нақтылығын тексеруде «5 қадам», әдісі сәтті жүргізіліп,  пәннен меңгерген  тақырыптарға шолу жасалды.  Географиялық деректер базасын  құруда картаграмма жасау, кесте диаграмма құрастыру тәрізді жұмыстар жұптық түрде ұтымды жүргізілді.  Сабақ кезеңдерінде жұптар кездейсоқ  таңдаулар бойынша өзгеріп «оқушы-оқушы» қатынасы жүзеге асырылды.  Сабақ тығыздығы жоғары болып,  оқушылардың барлығы толық оқу еңбегімен қамтамасыз етілді.   Географиялық түсініктерді , заңдылықтарды, теориялар мен принциптерді ғылыми әдісті меңгертуде   АКТ тиімді қолданылды.  Презентация арқылы негізі мәліметтік жазбалар мен схема   сызбалар,  суреттер кестелер беріліп, жұмыстар барысында  қосымша интернет  мәліметтерін қолдану нәтижелі ұйымдастырылды.  Мұғалім белсенді оқыту әдістерін сабақ  мақсатына орай ұтымды  қолданды. Тапсырмалар  жеке оқушылардың және сыныптың  белсенділігін   туғызатындай  етіп ойластырылған.  Оқушылардың теориялық  білімдерін  тереңдете отырып,  жұмыстарды түрлі формада  ұсыну дағдыларын дамытуға аса назар  аударылды.

  10.10.2022 күні 7 «А» сыныбында болған «Жердің тектоникалық құрылымы» тақырыбындағы география сабағы дидактикалық  принциптер мен оқу үрдісіне қойылатын талаптарға сәйкес өткізілді.  Тұтас алғанда  сабақ құрылымы ішкі құрамының  элементтерінің бірізділігі сақталды.  Мұғалім сабақта қолданған  мультфильмдік көрсетілім арқылы тақырыпты анықтау , кесте бойынша  негізі мәліметтерді  беру, видеролик арқылы түсіндіру  жұмыстары арқылы оқушылардың  пәнді ғылыми тұрғыдан меңгеруге негіз болды.  Географиялық номенклатура нысандарымен  жұмыс істеу дағдыларын  дамытуда кескін карта орналыстыру, зерттеу жұмысын жасау  жұмыстары тиімді жүргізілді.  Мұғалім оқушылардың танымдық қызығушылық  ерекшеліктеріне сәйкес келетін шығармашылық  тапсырмаларды іріктеп алған.  Оқыту әдістерін  ұйымдастыру көрнекіліктер  мен техникалық құралдарды пайдалану сабақтың  дидактикалық   мақсаттарына сай болды.  Топтар арасында  қысқа зерттеу  жұмыстарын   беру арқылы, функционалдық  білім мен білік  түсіндіру, жүйелеу дағдыларын дамыту көзделді.  Дегенмен мұғалімге  оқушылардың өз ойларын  дәлелді жеткізулеріне, өзіндік бағалауды жүзеге асыруды жүйелеу керек. 

 «Табиғатты пайдалану түрлері» тақырыбындағы 12.10.2022 күні өткізілген 10-сыныптағы       Сабақ интеграциялық  ғылыми ретінде  ақпараттық  технологимя мен  ақпарттық жүйелермен байланысы ретінде қарастырылыды.  Оқушы білімін   тексеруде «5   қадам»  , «Миға шабуыл» ұғымға кластер құру , QR код тапсырмасын   орындау жұмыстары сәтті жүргізілді. Оқушылардың өздігінен  орындайтын тапсырмалар  табысты болды.  Оқушылардың табиғат ресурстарын  экологиялық және экономиялық   тұрғыдан   бағалауға  бағыттау  мақсатында Svod  талдау , берілген  пікірге   коментарий жазу жұмыстары   нәтижелі өткізілді.  Адамзаттық жаһанддық  және жергілікті  проблемаларын түсіну , экологиялық мәдениетке баулу басты  назарда ұсталды.  Оқушылардың білімді  меңгеру деңгейлері  ескеріліп, деңгейлік тапсырмалар орындалып, сабақтағы оқу мақсаттары жүзеге асырылды. 










Ұсыныс: 

  1. Оқушылардың ғылыми ұғымдар мен дүниені танып білуді меңгертуде тиімді оқыту түрлерін жалғастыра отырып, пән мұғалімдері Нукенова Ә.Ж., Бисатова К.Ш., Джарылкасынова А.Е. оқушылардың білім деңгейін анықтауда формативті және қалыптастырушы бағалау түрлерін сабақтарға дескрипторлар арқылы кеңінен енгізуді қарастыру керек.
Мекен жайымыз
Шығыс Қазақстан облысы, Алтай ауданы, Алтай қаласы, КОМАРОВ, 8 үй

©2016-2022, Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Алтай ауданы бойынша білім бөлімінің "Алтай қаласының №9 орта мектебі" КММ
Барлық құқық қорғалған "Интерактивті мектеп" жобасы. Техникалық қолдаушы "Internet service" +77075327722,tangatarov13@mail.ru