Әдістемелік кеңес (педконсилиум) » Алтай қаласының № 9 орта мектебі
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы
Алтай ауданы бойынша білім бөлімінің
"Алтай қаласының №9 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72335) 7-91-17
Есепші бөлімі:
+7(72335) 7-91-17
Нашар көрушілер
нұсқасы
01
ноябрь
2022

Әдістемелік кеңес (педконсилиум)

5-сынып оқушыларының орта мектепке табысты бейімделуін қамтамасыз ету.

Мектеп оқушыларының өмірінде 5-сынып бейімделу кезеңі өте өзекті. Оқушы үлкен өмірге өтіп, балалықпен қоштасады.Орта мектепте оқыту түбегейлі өзгеріске ұшырайды: балалар негізгі мұғалімнен сынып жетекші немесе таныс емес пән мұғалімдері жүйесіне, жиі кабинеттік жүйеге, жаңа пәндерге, қосымша жүктемелерге ауысады. Алайда барлығына үйрену керек! Осының барлығы оқушыдан өзін-өзі басқаруды, көңіл бөлуді талап етеді. 5-сынып оқушыларына психологиялық қолдауды талап етеді, себебі ол балалық пен жасөспірім кезеңінің қажетті көпірі. Сондықтан бағдарлама бойынша құрылған психология сабақтары жеке тұлғаның жаңа ортада, «үлкендер ортасында» дамуы және орта буындағы тәртіп ережесіне жеңіл қалыптасуына бағытталған.

    Педконсилиумның мақсаты 5 сынып оқушыларына орта буынға тез және жеңіл бейімделуі қалыптастыру; бейімделудің, үйренісудің қиындықтарын зерттеу, саралау және түзету, дамыту; талапқа сай тәртіп ережесін игеру, бекіту; сыныптастарымен дұрыс қарым-қатынасты, бірін-бірі түсінетін ұжымды қалыптастыру.

Міндеттері: Жаңа ортада өзін еркін сезінуге, жауапкершілікті мінез-құлыққа қалыптастыру; Қиыншылықтарды жеңуде оңды істерді, мотивацияны дамыту; Жаңа күн тәртібін, білімге ынтасын арттыруға көмек көрсету; Сыныптастарымен конфликтіге келмей, сыйласты қарым-қатынаста болуын жүзеге асыру.

    Мектепте әкімшіліктің басқаруымен педконсилиумға төмендегідей дайындық жұмыстары жүргізілді:

1. 5-ші сыныптардағы сабақтарға әкімшілік, пән мұғалімдері, психолог, директордың ОТЖ жөніндегі орынбасары қатысу

2. Оқушылардың мектеп мотивациясы деңгейін бағалау үшін сауалнама жүргізу.

3. Психологтың зерттеулер жүргізуі

4. Сынып жетекшілерінің сынып мінездемесін құрастыру

5. Аналитикалық анықтаманы құру.

 Біздің міндетіміз - қазір біздің балалармен не болып жатқанын, оларды не мазалайтынын және қандай проблемаларға тап болатынын түсіну. Оқушыларға қандай нақты көмек көрсете алатынымызды анықтау.

Табысты бейімделу белгілері қандай? 

* баланың оқу процесіне қанағаттануы,

* бала бағдарламаны оңай орындайды,

* баланың оқу тапсырмаларын орындау кезіндегі дербестік дәрежесі, тапсырманы өзі орындауға әрекет еткеннен кейін ғана ересек адамның көмегіне жүгінуге дайындығы

   Балалар өздерінің мектеп өмірі туралы не ойлайды, олар оған қаншалықты қанағаттанады? Оқушылардың мектеп өміріне қанағаттанушылық деңгейін анықтау үшін тиісті зерттеу жүргізілді 

 Осы мақсат және міндеттерді басшылыққа ала отырып, мектеп әкімшілігі 5-сыныптардың сабақтарына қатысты. 

5-сыныпқа сабақ беретін мұғалімдер туралы деректер кестесі:

Пән

Мұғалім

санаты

Еңбек өтілі

Қазақ тіл, әдебиеті

Шангишбаева А.С.

Мұқашева Г.Е.

Сарапшы

модератор

14

5

Орыс тіл, әдебиеті

Даулетбаева А.Н.


37

Ағылшын тілі

Үгіт Л


6


Қабдуалиев А.Е.

модератор

22

Математика

Турсиянова Н.А.

Абенова А.Ә.

Сарапшы

Зерттеуші

22

21

Информатика

Кожикова Г.Л.


11

жаратылыстану

Нукенова Ә.Ж.

Джарылкасынова А.Е.



9

7

Тарих

Касенова Ә.Е.

эксперт

14

Музыка

Алдабергенова Д.Р.

модератор

22

Дене шынықтыру

Джансеитов Қ.Р.


13

Салыстырмалы кестеден байқалғандай 5-сыныптарға сабақ беретін мұғалімдердің 53,8 санаты бар мұғалімдер, 2 мұғалім қосымша қызмет ретінде сабақ береді. Еңбек өтілі 1-5 жыл 1 мұғалім; 6-10 жыл 3 мұғалім, 10-20 жыл 4 мұғалім, 20 жылдан артық 5 мұғалім. Ендеше 5-сыныпта бейімделу үрдісінің дұрыс жүргізілуіне тәжірибелі мұғалімдердің сабақ беруі де жеңілдік туғызады.

 Осы мақсатпен 5-сыныптарға әкімшілік тарапынан сабақтарына қатысылды.

14.09.2022 күні Джарылгасынова А.Е.         «Бақылаулар мен өлшеу деректері» тақырыбындағы жаратылыстану сабағына қатысылды. Мұғалім жаратылыстану сабағында білім беру, дамыту мақсатында оқытудың тәжірибелік әдісін кеңінен қолданды. Түрлі өлшегіш құралдарын көрсете отырып, білімнің өмірмен байланысын кеңінен аша білді. Олардың күнделікті тәжірибелерін сабақ тақырыбымен ұштастырып, жаңа материалды жеңіл игеруіне жағдай туғызды.Оқушыларға топтық түрде берілген түрлі практикалық тапсырмалар арқылы ғылыми түрде материалды игеруге жетеледі. Топ оқушыларының бойын, жүрек және дем алу жиілігін өлшеу, сынып бөлмесінің көлемін есептеп шығару жұмыстары олардың қызығушылығы мен танымдылығын арттыруға әсер етті. Мұғалім интернеттегі білім сайтының түсіндіру бейнеролигін көрсете отырып, теорияны практикамен шебер ұштастырды. Пәнаралық, пәнішілік байланыс жүзеге асырылды. Оқушылардың білімін бақылауда деңгейлік тапсырмалар ұсынылып, әр оқушының қабілеттері ескерілді. Сабақта олардың өнімді оқуына жағдай туғызып, өздігінен жаңалық ашуға ықпал етті, олар білімді тәжірибемен ұштастырып, білгендерін өзгелерге жариялап, талқылау жасауға жұмылдырылды. Мұғалім сабақты жоспарлау мен ұйымдастыруда оның өнімділігін арттыратын оқыту әдістерін қолданды.

03.10.2022 күні Кыдырханов А.Б.сабақ беретін көркем еңбек пәнінің «Қала перспективасы» тақырыбындағы сабаққа қатысылды. Сабақта мұғалім қоршаған ортаның бейнесін, оқушылардың эстетикалық құндылықтарын дамытуға бағытталған жұмыс түрлерін ойластырған. Презентация көмегімен түрлі пейзаждық көріністер мен қала перспективалары, атақты Қазақстандық және әлемдік суретшілер туындыларымен таныстырып, танымдылықтары арттырылды. Сабақ кезеңдерінде адам өміріндегі өнер мен технологиялардың рөлі туралы негізгі түсініктерді дамытуды назарда ұстады. Өнер түрін түсіне білуге баулыды. Көркем жобалық әрекетке баулуда заманауи техника қолданып, бейнеролик түсіруге кеңес беріп, оқушылар қызығушылығын арттырды. Тақырыпқа орай бейнекөрініс көрсетіп, теориялық мәліметтерді сұрақтар қою арқылы қайталатып, практикада қолданылу тәсілін көрсетіп, ғылымилығын жүзеге асырды. Графикалық жұмысты беру арқылы өнер түрін зерделеу, идеяларын өнер тәсілдері арқылы көрсету, пәндік білім мен икемділікті меңгерту назарда болды. Оқушы жұмыстарындағы жетістіктер мен жіберілген кемшіліктер көрсетіліп, барлық оқушылардың оқу еңбегімен қамтылуын қамтамасыз етті. Үй тапсырмасы ретінде берілген қала көрінісінің фотосын әкелі тапсырмасышығармашылыққа баулуға бағытталды.

13.09.2022 күні Абенова А.А. «Натурал сандарды бөлу және көбейту» тақырыбындағы математика сабағына әкімшілік тарапынан қатысылды. Сабақ тақырыбы мен мақсатына орай мұғалім дидактикалық сәттерді оқушылардың қабылдауына орай таңдап ала білген. Оқушылардың математикалық  фактілерді, негізгі ғылыми мәліметтерді толық меңгеруіне бағытталған «Миға шабуыл» , «Ой шақыру», «Кестені толықтыру» тәрізді дидактикалық сәттерді нәтижелі жүргізді. Ереже мен формуланы қайталай отырып, есептерге қолдана білу дағдылары жүйелі болды. Сабақта оқушылардың оқу әрекетін әртүрлі формада ұйымдастыру арқылы өзбетінше білім алу, білімді белсенді игерту назарда болды. Математикалық, логикалық сұрақтар мен тапсырмалар шешу сәті олардың шығармашылық ой белсенділігінің артуына әсер етті. Мұғалім барлық оқушыны қамти отырып, тақтамен жұмыс түрлерін, дәптердегі жұмыстарды тексеру, қателерді анықтау мен түзетуді жүйелі жүргізді. Формативті бағалау әр тапсырмалардың дұрыс орындалуын тексеру мақсатында тиімді ұйымдастырылды. Тапсырмалар нақты әрі түсінікті болып, оқушылардың жеңіл қабылдауына әсер етті. «Мұғалім-оқушы», «Оқушы-оқушы»қатынасы жүзеге асырылды.   Сабақ тығыздығы мен өту қарқыны жоғары болды. Алайда мұғалімге оқушы жұмысын балл қою арқылы бағалауды ұйымдастыру керектігі байқалды.

13.09.2022 күні Турсиянова Н.А. «Натурал сандарды көбейту, бөлу, арифметикалық амалдар қасиеттері.» тақырыбындағы математика пәнінің сабақ барысында оқушыларды орта буынға бйімдеуді сәтті жүргізе білді. Псих/қ сәт арқылы оқушылардың назарын сабаққа шоғырландырып, зейінін аударды. Оқушылардың ауызша есептеу дағдыларына басымдылық берілді. Оқытуға үйлесімді әдістерді жас ерекшеліктеріне сай таңдап ала білген. Әр тапсырманың түсінікті, нақты болуы ескерілген, әр оқушы мұғалім назарында болып, жұмыстар өзіндік ұпаймен бағаланды. Мұғалім оқушылардың математикалық қабілетін дамытуда «Тізбекті жалғастыр», «Математикалық эстафета», «Цифрлы диктант» дидактикалық сәттері тиімді ұйымдастырылды. Сабақ мақсатына сай алынған тапсырмалар жеке, жұптық, фронтальды түрде өткізіліп, оқушылардың белсенділігі мен қызығушылығын туғызды. Оқу қабілеттрі ескеріліп жеке жұмыстар беру ескерілді. Сергіту сәті математикалық ойын арқылы беріліп, теория мен ережелер қайталанды. Өз бетінше білім қорыту,өзіндік бақылау мен бағалау жүзеге асырылды. Формула арқылы теорияны қайталау, ережені қолдана білу қабілеттері дамытылды. АКТ мен көрнекілік қолдана отырып, білімді ғылыми тұрғыда терең игеру нәтижелі болды. Сабақ тығыздығы жоғары, іскерлік пен біліктілікті жетілдіруге әсер етті.

19.09.2022 күні Шангишбаева А.С сабақ беретін қазақ тілі пәнінің «Ұлттық киім» тақырыбындағы сабақ мақсаты оқу бағдарламасына сай алынған. Ұйымдастыру кезеңіндегі психологиялық сәт оқушылар назарын сабаққа аударуға әсер етті. Өткен тақырыптардың теориялық материалын бекітуде «Айналмалы шеңбер» сәті ұтымды жүргізілді. Сабақта оқушылардың ой белсенділігі мен тілдік қолданыстарды дамытуда «QR код », «Бес қадам», «Детальді сөйлем», «Эйлер шеңберін құру», диалог құрастыру, атаулар туралы 3 сұрақ тәрізді тапсырмалар шығармашылық сипатта болды. Мұғалім оқушылардың қабылдау ерекшелігіне орай деңгейлік тапсырмаларды нәтижелі ұйымдастырды. Мәтінмен жұмыс білімді өзіндік белсенді игеруге бағытталып, «Кесте бойынша әңгіме» сәті арқылы бекітілуі сәтті болды. Оқушылардың білім мен қызмет тәсілдерін есепке алуда «бақылау парағына өзіндік бағалау жасау жүйелі жүргізілді. Лексикалық және фонетикалық тақырыптар үйлестірілді. Сабақ құрылымын, оның элементтері, әдіс-тәсілдер оқушылардың табысты бейімделуін қамтамасыз етуге бағытталды. Материалдың ғылымилығы, нақтылығы мен көрнекілігі терең ойластырылған. Дамыту, тәрбиелеу мақсаты білімділік мақсатымен үйлестірілді. Сабақ тығыздығы мен оқушылар белсенділігі жоғары болды, әр оқушыны назарда ұстады. Тіл сауаттылығы, тіл байлығы дамытылды.

   Касенова А.Е. сабақ беретін  Қазақстан тарихы   пәнінің   «Алғашқы адамдардың тұрмыс-тіршілігі.» тақырыбындағы сабаққа 14.09.2022 қатысылды. Мұғалім ұйымдастыру кезеңінен бастап оқушылардың зейінін сабаққа аударып, зейіндерін шоғырландырды.Өткенді бекітуде жұппен баяндау ауызша жүргізілсе, кесте толтыру, «Атаулар туралы 3 сұрақ», «Адасқан әріптер», «Тарихи диктант», сандармен және картамен жұмыс түрлері әр оқушыға беріліп, барлық оқушы толық қамтылды, нәтижесі жоғары болды. Мұғалім термин сөздерді үш тілде бере отырып, тілдік қорды кеңітті, картаграфиялықдағдыны қалыптастыру назарда болды. «Таза тақта» әдісі оқушы білімін тұрақтандыруда нәтижелі өткізілді. Жаңаны меңгертуде берілген « суретті салыстыра» отырып, сұрақтарға жауап беру, Bilim land сайтының бейнеролигін қолдану тиімді болды. Оқушылардың белсенділігі мен қызығушылықтары жоғары болуы, сабақ тығыздығын арттыруға әсер етті. «Суретті сипаттау» жұмысы жаңаны өздігінен қорытуға мүмкіндік берді. Мұғалім оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, түрлі сипаттағы кестелер, суреттік көрсетілімдерді молынан қолданып, мәліметтің жеңіл игеруін қамтамасыз ете білді. Сабақ кезеңдерінде фронтальды, жұптық, жеке жұмыс түрлері ұйымдастырылып, оқушылар сабаққа толық қатысуын назарда ұстады. Үй тапсырмасы шығармашылық сипатта берілді, мақсат орындалды.

 20.09.2022 Кабдуалиев А.Е сабақ беретін ағылшын тілі пәнінің «Cities and countvies (Қалалар, мемлекеттер)» тақырыбындағы сабақ мақсаттары оқу тақырыптағы орнына, бағдарлама талабына сәйкес келеді. Ұйымдастыру сәтінен бастапмұғалім оқушыларға сілтеме жасай отырып, диалогқа түсіріп, зейіндері мен қызығушылықтарын туғыза білді, сабақ кезеңдерінде ауызша-жазбаша коммуникациялық мақсаттарға қол жеткізді. Тілдік материалды меңгертуде тақырыптық-көрнекілік, презентациялық көрсетілім, тыңдалым сөздерін аудио арқылы беру сәтті жүргізілді. Мұғалім топтық тапсырма арқылы оқушыларды алған білімді қолдана алуға баулыды. Сабақ кезеңдерінде қарапайымнан күрделіге, белгіліден белгісізге, нақтыдан дерексізге өту үйлестірілді. Дегенмен, жасалған және жүргізілген тапсырмалар нәтижесін бағалауда әр оқушының білім білім деңгейін бақылау назардан тыс қалды. Негізінен айту және сөйлеу әрекеттер қамтылды. Тақырыпқа орай  жаңа сөздер циклы суреттермен көрсетіліп, нәтижелі меңгертілді. Сабақ мазмұны оқушылардың жас ерекшелігіне, материалдың күрделілік деңгейіне, жаттығулар мақсатқа сәйкес болды. Сабақта қолданылған әдіс-тәсілдер жеткілікті, қолжетімді қолданылды.  Жұмыстың басым бөлігі мұғалімнің жетекшілігімен өтті. Үй тапсырмасы ретінде аймақтық компонент қамтылды. Мұғалімге оқушы белсенділігін, сабақ тығыздығын арттыру жолдарын қарастыру қажет.

 Үгіт Ләззат жүргізетін ағылшын тілі пәнінің «Қайталау жаттығулары.»                                           тақырыбындағы сабаққа 20.09.2022 қатысылды. Оқушылардың сөздік қорын кеңітуде сөздік жұмыстар тірек сөздер, кесте ұсыну, сөйлемді толықтыру жұмыстары арқылы нәтижелі жүргізілді. Грамматикалық және лексикалық материалдарды қайталауда жеке суреттік карточкалар, көрсетілімдер тиімді қолданылды. Доп беру арқылы түрлі тақырыптарға сөйлесім әрекетін жүргізді. Сабақ барысында айтылым әрекетіне басымдылық берілді. Ағылшын тіліндегі сөздер құрылымын кестелер, таблицалар арқылы хормен айтқызып меңгертуге тырысты. Оқулықпен жұмыс фронтальды түрде жүргізілсе,суретті ататужеке түрде ұйымдастырылды. Дегенмен, мұғалім топтық жұмысқа балл қойып, нәтижесін жариялағанмен, әр оқушының білім деңгейін анықтауды назардан тыс қалдырды. Сөйлеу, жаңа сөздердің айтылуын үйрету, сөздік пен грамматикалық құрылымдарды жаттықтыру құралы ретінде қолданылды. Сабақ тығыздығы жоғары болғанмен, оқушылар белсенділігі төмен болып, сабақ кезеңдерінде жекеленген оқушылар қамтылмады. Сабақ әдістемелік және логикалық құрылымы жағынан дұрыс жүргізілгенмен, заманауи әдістерді таңдап ала білуде кемшіліктер байқалды.

Даулетбаева А.Н.  орыс тілі пәнінің  «Природа в устном народном творчестве.» тақырыбындағы сабаққа 21.09.2022 күні қатысылды. Сабақта оқушылардың есте сақтау қабілеттері ескеріліп,сабақтың әр кезеңінде қызығушылығын оятып, орыс тілінде байланыстыра сөйлеу, сөздер қорын молайту көзделді. Сабақта орфографиялық, орфоэпиялық сауаттылық жүйелі жүргізіліп, басты назарда болды. Тапсырмалар нақты әрі түсінікті болып, өзіндік бағалау арқылы нәтижесі шығарылып, оқушылардың білім деңгейі ескерілді. Мұғалім сабақтағы дидактикалық сәттердің әр қадамыноқушыны қызықтыратындай етіп ойластырған. Жаңа мәліметті өзіндік белсенді игерту тиімді жүргізілді. Шығармашылық пен ой белсенділігіне баулуда жұмбақ құрау және шешу, сұрақ-жауап ойластыру, лингвистикалық ойын арқылы мақалды аяқтау, сөздердің синонимін табу жұмыстары нәтижелі болды. Сабақта көрнекілік, жартылай іздену оқыту әдістері қолданылып, жүйелілік, ғылымилық сақталды. Жұптық, топтық, фронтальды оқытуды ұйымдастыру формасын пайдаланып, әр оқушыны назарда ұстады. Оқушылардың ойын, қиялын, есте сақтау дағдысын қалыптастыруда қолданылған әдістер жақсы нәтиже көрсетті.Сабақтың білімділік, дамытушылық, тәрбиелік мақсаттары орындалып, тығыздығы, оқушылар белсенділігі жоғары болды. Сабақ дер кезінде қорытындыланып, рефлексия шығарылды. Оқыту принциптерінің ережелері орындалды.

Алдабергенова Д.Р. 12.10. 5А сыныбында «Күй құдіреті» тақырыбындағы музыка сабағына қатысылды. Мұғалім сабақ тақырыбы мен оқыту критерийлеріне сәйкес заманауи әдістерді таңдап ала білген. Қазақтың күй өнері, дәстүрлі музыкасы негізінде оқушылардың музыкалық мәдениетін қалыптастыру мақсатында жұмыстарды нәтижелі үйлестірді. Музыкалық аспап түрлері бойынша топқа бөле отырып, семантикалық карта толтыру, автор туралы мәліметтерді жинақтау, берілген өлең жолдарын ұйқаспен аяқтап жазу жұмыстары нәтижелі болды. Музыкалық шығармалар мен тапсырмаларды талдау, зерттеу біліктерін дамытуда бейнероликтер мен бейнебаяндар көрсетіліп, оқушылардың пәнге қызығушылықтары мен белсенділіктерін туғызды. Сабақта мұғалім домбыра аспабы арқылы күй түрлерін орындап, орындаушылық пен импровизациялау негізінде оқушылардың музыкалық қабілеттерін дамытуды назарда ұстады. Сабақта қолданылған күйді сөзбен сипаттау, кубик сұрақтарына жауап беру, хормен рөлге бөлініп айтысу сәттері оқушылардың музыкаға жағымды қарым-қатынасын туғызды.

19.09.2022ж. күні Нукенова А.Ж. сабақ беретін 5-сыныптың жаратылыстану пәнінің «Күн және күн жүйесі» тақырыбындағы сабаққа қатысылды.     Мұғалім сабақтың  мазмұны мен мақсаттарына , бағалау критерийлеріне  оқушылардың жасы мен деңгейлеріне әдістердің сәйкес болуын   және тиімділігін   қарастырған.  Алайда, оқушылардың  өткен тақырыптардан білім деңгейлерін анықтауда жүргізілген сұрақтар сәті мен   «иә-жоқ» жауапты таңдау жұмыстары тиімсіз  болып, олардың  нақты білімдерін нақты анықтауға мүмкіндік бермеді. Жаңаны игертуде «Білім» сайтынан   бейнероликтер  көрсетіліп, қызығушылықтары арттырылды.  Мұғалім сабақтың ұйымдастырылу типі, құрылымы, элементтері мен олардың  кезектестігін терең ойластырған.  Тақырыпқа орай қосымша материалдар қолданып, танымдықтарын арттыруға тырысты.   Фронтальды, топтық,  жеке жұмыстар арқылы оқушыларды толық  қамту назарда ұсталды.  Жұмыстар смаиликтер көмегімен  формативті бағалау , ұпай қою өзара бағалау арқылы жүргізілді. Жаңаны бекітуде «сәйкесін табу» тапсырмасы ұтымды болды.  Сабақтың өмірмен байланысы оқушыларды бар біліммен ұштастырды.  Мұғалім оқушылардың шығармашылық  қабілетін  дамытуда әлі де іздену қажеттілігі, сондай-ақ  оқушылар зейінін шоғырландыру, жалпы оқу ісіне тартылуын қарастыру керектігі байқалды. 




 Әкімшілік тарапынан қатысылған сабақтар оқушылардың бейімделуін ескере отырып, педагогикалық тұғыдан дұрыс ұйымдастырылды. 














Педконсилиумның шешімі:

 1. Пән мұғалімдері 5-сынып оқушыларының педагогикалық-психологиялық дамуындағы ерекшеліктерін ескере отырып, сынып жетекші, ата-ана, бастауыш сыныптағы жетекшілерімен өзара сабақтастықты жүйелі түрде жүргізсін. 

2. «Бастауыштан орта буынға бейімделу заңдылықтары» тақырыбындағы пед.консилиум қанағаттанарлық деңгейде деп табылсын. 


Мекен жайымыз
Шығыс Қазақстан облысы, Алтай ауданы, Алтай қаласы, КОМАРОВ, 8 үй

©2016-2022, Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Алтай ауданы бойынша білім бөлімінің "Алтай қаласының №9 орта мектебі" КММ
Барлық құқық қорғалған "Интерактивті мектеп" жобасы. Техникалық қолдаушы "Internet service" +77075327722,tangatarov13@mail.ru