«Мұхтар мұрасы – парасаттылық бастауы» адалдық сағаты » Алтай қаласының № 9 орта мектебі
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы
Алтай ауданы бойынша білім бөлімінің
"Алтай қаласының №9 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72335) 7-91-17
Есепші бөлімі:
+7(72335) 7-91-17
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Мұхтар мұрасы – парасаттылық бастауы» адалдық сағаты
07
сентябрь
2022

«Мұхтар мұрасы – парасаттылық бастауы» адалдық сағаты


Бейне-дәріске сілтеме

https://www.youtube.com/watch?v=260U3TeKVJM&list=RDCMUCc9r4B7cut6U1LffrKuo66g&start_radio=1&rv=260U3TeKVJM&t=30 

 


«МҰХТАР МҰРАСЫ – ПАРАСАТТЫЛЫҚ БАСТАУЫ» ТАҚЫРЫБЫНДА АДАЛДЫҚ САҒАТЫ ӨТТІ


Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің кезекті «Адалдық сағаты» қазақтың ұлы жазушысы, қоғам қайраткері, ғұлама ғалым Мұхтар Әуезовтың 125 жылдығына орай, жазушының парасаттылық пен ізгілікке жетелейтін шығармашылығына арналды.

«Мұхтар мұрасы – парасаттылық бастауы» тақырыбындағы онлайн-бейнедәріс барысында Мұхтар Омарханұлының шығармашылығы арқылы жастарға жақсы біліммен қатар әділдік, парасаттылық және сенім құндылықтарының маңыздылығы түсіндірілді.

Ғалым қазақ ауыз әдебиетін жинақтап, жүйелеп, қазақ әдебиеті тарихы, Абайдың өмірі мен шығармашылығы, әдебиеттану мен фольклордың теориялық мәселелері туралы іргелі еңбектер жазған.

Қазақ әдебиетінің ұлы классигі, әдебиет сыншысы, тамаша педагог Мұхтар Әуезовтің даралығы мен даналығы, заңғарлығы мен дархандығы қай салада болмасын көрініс тауып отырған.

Онлайн-дәріс барысында жастар жазушының адами құндылықтар туралы философиялық ойларымен танысты. 

Өз еңбектері арқылы адалдықты мұра еткен кемеңгер Мұхтар Әуезов «Күшіңе сенбе, адал ісіңе сен. Қай істің болсын өнуіне үш шарт бар: ең әуелі – ниет керек, одан соң – күш керек, одан соң – тәртіп керек» - деген. Яғни, адалдықты, парасаттылықты – адам бойындағы ең асыл қасиеттердің бірі ретінде насихаттаған. 

Мұхтар Әуезовтің туындыларының ішіндегі шоқтығы биік еңбегі – «Абай жолы» роман-эппопеясы. Бұл еңбек қазақ халқының тұрмысы мен қасиетін, ұлттық танымы мен болмысын тамаша суреттеген қазақ әдебиетінде бірегей орынға ие еңбек, әрі бүкіл қазақ халқының мақтанышы.   

Ғалым Мұхтар Омарханұлы “Ғылым” атты мақаласында: “Адам баласының жаман құлқы жаратылысынан емес, өскен орта, алған үлгi, өнеге бiлетiндiгiнен және түзелу, бұзылу жас уақытта болады. … Адамшылықты таза жүргiзу үшiн – көп ой керек, ойлау үшiн оқу керек...» деп оқу, білімді дәріптей отырып, бала тәрбиесіндегі қоғамның алар орнын ерекше атап өткен. 

«Адалдық сағатының» ұйымдастырушылары адал еңбек пен рухани адамдық қасиеттерді насихаттау арқылы жемқорлықсыз парасатты қоғам құруға болады деп сенім білдіреді.


Мекен жайымыз
Шығыс Қазақстан облысы, Алтай ауданы, Алтай қаласы, КОМАРОВ, 8 үй

©2016-2022, Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Алтай ауданы бойынша білім бөлімінің "Алтай қаласының №9 орта мектебі" КММ
Барлық құқық қорғалған "Интерактивті мектеп" жобасы. Техникалық қолдаушы "Internet service" +77075327722,tangatarov13@mail.ru