2017-2018 оқу жылының 1-тоқсан қорытындысы бойынша үш тілділікті қолдану аясында пәндердің оқытылуы. » Алтай қаласының № 9 орта мектебі
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы
Алтай ауданы бойынша білім бөлімінің
"Алтай қаласының №9 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72335) 7-91-17
Есепші бөлімі:
+7(72335) 7-91-17
Нашар көрушілер
нұсқасы
» 2017-2018 оқу жылының 1-тоқсан қорытындысы бойынша үш тілділікті қолдану аясында пәндердің оқытылуы.
07
сентябрь
2017

2017-2018 оқу жылының 1-тоқсан қорытындысы бойынша үш тілділікті қолдану аясында пәндердің оқытылуы.

2017-2018 оқу жылының 1-тоқсан қорытындысы бойынша үш тілділікті қолдану аясында пәндердің оқытылуы.

2017-2018 оқу жылының 1-тоқсанында мектеп әкімшілігі келесідегі құжаттарды басшылыққа алды:

ü ҚР-ның Білім туралы заңы

ü ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты (бұдан әрі – ҚР МЖМБС-2012);

ü «ҚР Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы
8 қарашадағы №500 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 25 шілдедегі № 296 бұйрығымен бекітілген Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарлары;

ü Жаңартылған оқу мазмұны бойынша: ҚР Мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарты. 2016ж.13.05.№292

ü ҚР Білім және ғылым министрінің 2016ж.23.11№668бұйрығы үлгілік оқу бағдарламасы

ü ҚР 12 жылдық орта жалпы білім берудің жалпыға міндетті стандарты.2013

2017-2018 о.ж. әдістемелік нұсқау хат.

1.Қазақ тілі мен әдебиетінен 1,3- деңгейлі пән мұғалімдері сабақтар береді.

ü Қазақ тілі мен әдебиет пәні бойынша:

 


Мұғалімдер қазақ тілі сабақтарында деңгейлі бағдарлама модульдерін тиімді ықпалдастырып, жазба жұмыстарын үйретіп, тіл дамыту сабақтарын шығармашылықпен жүргізіп, дұрыс ұйымдастыра білген.

ü Қазақ әдебиеті пәні бойынша:

 


Қазақ әдебиетінен оқушылар жақсы нәтиже көрсетіп, пән мұғалімдері білім алушылардың алған білімдерін практикалық жағдайларда тиімді және әлеуметтік бейімделу процесінде сәтті пайдалануға мүмкіндік беретін негізгі құзыреттіліктер жүйесін меңгеруін басты назарда ұстай білген.

üОрыс тілі мен әдебиетінен жоғары санатты Саякова Г.А. және 1-санатты Ахметова Ш.К. сабақ беріп келесідегідей білім нәтижесін көрсетті.

 

Саякова Г.А. сабақ беретін сыныптарда пәннің орташа оқытылуы мемлекеттік стандарттың жеткілікті деңгейін байқатып, пән мұғалімі оқушылардың пәнге қызығушылықтарын арттыра білген. Ахметова Ш.К. сабақ беретін 5Б сыныбында оқыту жеткілікті деңгейде болса, 8А, 8Б, 9-сыныптарда сынаулы деңгейді байқатты. Мұғалімге инновациялық технологиялар негізінде пәнді сапалы меңгерту жолдарын кеңінен қарастыру қажеттілігі байқалды.

Көптілді білім беруді енгізу жағдайында ағылшын тіліне ерекше назар аударылып, әкімшілік ағылшын тілі пәнінің оқытылуына талдау жасады:

 

Пәннің оқытылуы 7А сыныбынан басқа сыныптарда пәннің оқытылуы стандарттың жеткілікті және жоғары деңгейді байқатып, пән мұғалімдері оқушылардың тіл тасымалдаушылармен мәдениетаралық қарым-қатынас жасау коммуникативтік біліктерін дамыту, оқушылардың функционалдық сауаттылықтарын қалыптастыру жолдарын таңдай білген. Мұғалімдерге 7А сыныбында пәнді оқытуда тиімді тәсілдер арқылы шет тілі оқу құралдары арқылы өзін-өзі таныту мүмкіндігін сезіну, өзінің жеке сөйлеу мәдениетін толықтай жетілдіруге ұмтылуын қамтамасыз етуді қарастыру керек.

 


Мекен жайымыз
Шығыс Қазақстан облысы, Алтай ауданы, Алтай қаласы, КОМАРОВ, 8 үй

©2016-2022, Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Алтай ауданы бойынша білім бөлімінің "Алтай қаласының №9 орта мектебі" КММ
Барлық құқық қорғалған "Интерактивті мектеп" жобасы. Техникалық қолдаушы "Internet service" +77075327722,tangatarov13@mail.ru